Білім мен ғылым – болашақтың негізі

Саидова Гулвира Саитовна

Арнайы пәндер цикл төрайымы

.

.

 «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдін қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек». Тұңғыш президент  Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауынан Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеністігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп,жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Бүгінгі таңда  білім беру саласында әртүрлі  сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік  жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға  оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына өзгерістердіжатқызамыз:оқу тәрбие  мекемелерінің жаңашыл басқарылуы; білімнің қоғамдағы  орны және сол жүйені қаржыландыру  деңгейін;тәрбие        және  білім жүйесі құрылымын.Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:мұғалім мен  оқушы қарым-  қатынастарына, ұстаз  бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас;оқыту әдістемелеріндегі  өзгерісін; білім беру  мекемелерінің құрал — жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;оқыту мекемелерінің  құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Сөз соңында Жүсіпбек Аймауытовтың ойымен пікірімді білдіргім келеді: «Мұғалімнің айналысатыны- үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол- үнемі жаңаны табатын өнер».