«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» технологиясына көшудеміз

Карамысова Динара Бекеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, – деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өзім ұстаздық жолды бастағаныма көп болған жоқ.
Әрине ұстаздық жол өте ауыр жол. Болашақ Қазақстанның бір азаматын тәрбиелеп, ақ жолға аттандыру әр ұстаздың алдына қойған мақсаты да,үлкен арманы.
Заман талабына сай бір орында тұрмай, педагогикалық ізденісте болуға тырысамын. Қазіргі оқушыларды оқытуда көп жаңашылдықты талап етеді. Сондықтан мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады деген КонстантинУшинскийдің сөзін ешқашанда ұмытпай мұқият ұстанамын. Қазіргі оқушылар жаңашылды көп талап етеді. Сондақтан қоятын мақсатым оқушыларды оқыта отырып жалпы дамыту. Яғни,еркіндіктерін қалыптастыру,өздігінен іздену,біреу жасай алмайтын затты жасап шығару,біреу жауап бере алмайтын сұраққа жауап табу, кез-келген жағдайдан шыға білу сондай қасиеттерді дағдыландыра  отырып мен әрине оқушылардың қалай өсіп қандай жетістіктерге жеткендерін көріп отырамын.
Соңғы үш жылда сыныпта, мектеп бойынша білім алушылардың ең негізгі өзекті мәселесі білім алушылардың сапасын жоғары көтеру. Соның негізінде «БжС» технологиясы еңгізілу қарастырлуда. «БжС» технологиясының авторы Вассерман Федор Яковлевич – педагогика ғылымдарының кандидаты,профессор, білім сапасының сарапшысы. «БжС» технологиясының мақсаты оқушылардың білімінің сапасын көтеру. Өзім сабақта болсын балалармен тек қана бақылау кеңесші рөлін атқарып отырамын. Ал балалар өздігінен бір-бірлерімен тығыз қарым-қатынаста болып, қарсыластарымен келісімге келіпжәне бір-бірлерін үйретіп жақсы нәтижелерге жетіп жатады. Балаларға биоақпараттандыру технологиясы өте ұнайды.  Біз «БжС»технологиялық картаны барынша меңгеруге тырысып жатырмыз, және сабақты балалар қазір өздері жүргізуге дағдылануда. Мен тек қана бағыт берушімін. Мысалы, ауызша сабақтарында  мен тек қана спикерлермен ғана жұмыс істеймін.Олардың ертерек сұрақтарын және тапсырмаларын тексеріп дайындаймызда содан кейін балалар өздері сабақты жүргізеді де,балалардың бағалары бақыланады. Олар өздерін бағалап өздерінің нәтижелеріне қуанып жатады. Әрине балаларды шығармашылыққа баулу, және ойнау олар «БжС» технологиясымен өткен сабақты ойын –дейді. Бір-бірімен ойнап,бір-біріне деген мейірімділік оянып,және оқушылар арасында бәсекелестік те пайда болып жатады. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсуде.
«БжС» технологиясының  маған ұнайтыны мұғалім өзін тек қана бақылаушы,байқаушы,кеңесші ретінде ұстанады, және көп қағазды көп дайындықты талап етпейді. Мен  тек қана тақырыпқа байланысты тапсырмаларды сабақақа дайындап, өзім сол шеттен оқушыларымның ойнап жатқан, сабақ жүргізіліп жатқанына қарап мәз болып тұрамын. «БжС» технологисямен сабақ жүргізу барысында оқушы зейіні, жылдам ойлау қабілеті дамиды. «БжС» технологиясын қолдану арқасында білім алушылардың білім сапасы жоғарылап,оқушылардың жақсы баға алуы күннен күнге артуда.Менің ойымша «БжС» технологиясын толық меңгерген жағдайда менің сыныбымды және мектебімді үлкен жетістіктер күтуде .