«БИОИНФОРМАТИКА» атты сабақтан тыс іс-шара

Касымова Гульнур Ильясқызы, информатика пән оқытушысы

Берікболова Ақерке Толеубекқызы, биология пән оқытушысы

.

.

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгінгі Биология және Информатика пәнінен өткізіліп отырған «Биоинформатика» атты сабақтан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Сайысқа түсетін топтармен таныстырып өтейік: 1 негізгі БББ және 1 негізгі ЕА топтары. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін: …………………………………

         Биоинформатика — биологиялық деректерді сақтау, жинау, ұйымдастыру және талдау үшін әдістерді дамытып, кемелдендіретін пәнаралық сала.

Биоинформатиканың әдiстері мен тәсілдік жиынтықтары:

  1. Салыстырмалы геномикада (гендiк биоинформатика) компьютер талдауының математикалық әдiстерi.
  2. Алгоритмдарды әзiрлеу және (құрылымдық биоинформатика) ақуыздарды кеңiстiктiң құрылымын болжау үшiн керекті бағдарлама.
  3. Стратегиялар, тиiстi есептеуiш методологийлердi зерттеу, сонымен бiрге биологиялық жүйелердi ақпараттық күрделiлiктiң ортақ басқаруы.

Сайыстың барысы:

І тур. Бәйге

ІІ тур. «БиоИнформ» аукционы.

ІІІ тур. Полиглот.

IV тур. Синквейн.

Қорытынды және марапаттау.

 

1) БӘЙГЕ (Kahoot сайты бойынша әрбір топқа сұрақтар беріледі. Топ мүшелері берілген уақытта жылдам жауап беру қажет)

1-топ:

  1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
  2. Биология терминін ғылымға енгізген? (Т. Руз).
  3. Тек өсімдік жасушасына тән денешік: (Пластид
  4. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны? 20
  5. Өсімдіктер және олардың құрылысын зерттейтінғылым? Ботаника
  6. Ең алғаш жасушаны көрген ғалым? Роберт Гук
  7. Ақпаратты енгізу құрылғылары: Пернетақта, сканер
  8. 1 килобайтта қанша байт бар? (1024)  
  9. Стандартты бағдарламаға жатпайтын бағдарлама түрі? Word     
  10. Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы. Принтер

2-топ:

  1. Саңырауқұлақтарды зерттейтінғылым? Микология
  2. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты? Д. И. Ивановский
  3. Жасушаның энергия көзі болып саналатын органоид: Митохондрия
  4. Суда еритін заттар? Гидрофильді
  5. Жасушаның көбеюіне қатысады? Ядро
  6. Суда ерімейтін заттар? Гидрофобты
  7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі/ Бит
  8. Компьютер «миы» (процессор).
  9. Ең қарапайым мәтіндік редактор? Блокнот
  10. Қоршаған орта туралы мәлімет дегеніміз не? Ақпарат

 

2) «БИОИНФОРМ» АУКЦИОНЫ

БИОИНФОРМАТИКА 10 балл: берілген сурет Windows  операциялық жүйесінің қандай объектісіне сәйкес келеді? (Себет)

БИОИНФОРМАТИКА 20 балл: Әлемнің ақпараттық бейнесі қандай әлемнен тұрады және олардың түрлері? Жауабы: (Мега әлем, Макро әлем, Микро әлем)

БИОИНФОРМАТИКА 30 балл: Қатысушылар, қазір экранға биология ғылымының бір саласы беріледі, сол салаға қатысты 1 минуттың ішінде 10-нан кем емес терминдерді жазып шығуларыңыз керек!  ГЕНЕТИКА сөзі

ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАР 10 БАЛЛ: 4 сурет 1 жауап: часы, Ч. Дарвин, обезьяна. Ответ: эволюция

ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАР 20 БАЛЛ: 4 сурет 1 жауап хромосомы, цепь ДНК, семья.Ответ: наследственность

ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАР 30 БАЛЛ: 4 сурет 1 жауап листок растения, СО2, вода, солнце. Ответ: фотосинтез

МЕМЛЕКЕТ 10 БАЛЛ: Қай елдің ғалымы Клод Шеннон ақпаратты белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру деп түсіндіреді.(Америка)

МЕМЛЕКЕТ 20 БАЛЛ: Қай мемлекеттің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген? (Канада)

МЕМЛЕКЕТ 30 БАЛЛ: Дербес компьютердің ішкі құрылғысы Винчестер қай елдің Астанасы болып табылады? Англия

 

3) ПОЛИГЛОТ.  Бұл турда топ мүшелері сұрақтардың жауабын 3 тілде айту қажет: қазақша, орысша, ағылшынша. Әрбір дұрыс жауапқа  5 балл беріледі.

  1. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жасаған/: бұршақ – горох – peacock
  2. 3 сурет 1 жауап: (компьютер-компьютер- computer)
  3. Ұлғайтқыш құрал: микроскоп – микроскоп – microscope
  4. Папкалар, таңбалар, жарлықтар орналасқан компьютердің экран бөлігін не деп атайды? (рабочий стол, жұмыс үстел, Desktop).
  5. Анатомия ғылымының зерттеу обьектісі : адам – человек — human being
  6. Компьютердің басқару құрылғысы (тінтуір-мышка-mouse)

 

4) КОНКУРС «СИНКВЕЙН» . Бір – зат есім, 2. Екі – сын есім, 3. Үш– Етістік 4. Осы сөздерден сөйлем құрау.  Оценивается оригинальность. Жоғарғы  балл – 3.

Ал, енді сендердің міндеттерің 1 минутта БИОИНФОРМАТИКА сөзіне синквейн жазу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.  Әділқазылар қорытынды шығарады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

 

МАРАПАТТАУ.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай ” деп даналарымыз айтқандай “Келешек білімді ұрпақ қолында” екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын.

           Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз.