Білімді биологтар

СЕЙТЕШЕВА Б.Ж.
Арнаулы пәндер оқытушысы
.
.
Мақсаты: Білім алушыларына биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдықа баулу, студенттердін танымдық қызметтерін арттырып пәнге қызығынуна ықпал ету.
Көрнекілігі: Иинтерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қымбатты білім алушылар! Біздің биологиялық кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Білімді биологтар» сайысына екі топ: «Жас қырандар» және «Жас ұландар» өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 1 курс студенттерінен құралған.
     Ойынды сынап, әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады.
Жүргізуші:    Білген сайын келеді біле бергім,
                         Біле беру емеспе тілегі елдің,
                         Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
                         Білімді, әрі білікті жас  жеткіншек, – деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
  1. тур «Топтардың өзін-өзі таныстыруы»
         «Жас ұландар»
Ұландарымыз белді мықтап байлаған,
Жарысқа келдік алған беттен таймаған. 
Тәуелсіз ел біз бұл ұрпағы бұл елдің,    
Көк аспанда көк туы бар асқақтаған      
Ал көрермен сәлем  бердік баршаңызға,  
Білімменен қалғанбыз араңызда,             
Білекті болып белді қатты байлаған біз,
Жас Ұланидар өнерін қараңыздар.
Тілейміз сәт сапар қарсылас топқа
Жас қырандар  ұша берсін алыстарға,
Қырандарым талмасын қанаттарың,
Жете беріңдер асқақтаған армандарға.
(Төс белгілерін және топ басшыларын таныстыру)
         «Жас қырандар»
Біз қырандар алысқа қарай самғаған, 
Жарысқа келдік жүлде емес бар арман.  
Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлдардың тегіміз.
Қырандармыз алыста әркез жақын еткен       
Ұшқыр оймен білімді алып кетер,                      
Сәлемін қабыл алңыз жас қыранның!
Әр сұрақтың жауабын тауып кетер.
Жеңу емес мақсаты бұл қыранның,
Білемін сынауық, арманы ғой әрбір жанның.
Тіледік сәт-сапар қарсылас ұландарға,
Алға қарай шаба берсін ақ боз атың!
(Төс белгілерін және топ басшыларын таныстыру)
Жүргізуші:
Шын жүйрік сыналатын кезен келді,
Көрейік тамашалап бәйгені енді.
Болса егер ойың терең, ақылы кең.
Саралап ой-өрісін ел көреді,
– деп келесі кезең «Генетикалық эстафетаға» өтейік. Бұл кезеңде әр топқа 10-10 сұрақтар қойылады. Сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Егер топ жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап бере алады. (Бір сұрақ бір ұпай)
Жүргізуші:
Жігіттің сұлтаны бар ел бастаған
Қыздардың қыздары бар ел мақтаған.
Екі топтың басшылары топ бастаған,
Сіздерді топ басшылар сайысына шақырамыз. –
деп келесі кезеңге топ басшыларың шақырамыз. Бұл кезенде топ басшыларына құпия хат беріледі. Хаттың құпиясын шешуге 1 минут уақыт беріледі.
III. Тур
I.Кезең «Құпия хат ойыны»