Биология пәні бойынша қолданылатын әдіс тәсілдер

Каюпова Лазат Калиевна
Биология пәнінің оқытушысы
.
.
«Еліміздің ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,
ол жас ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»
                                                                              Н.Ә.Назарбаев
   Еліміздің  өркениетті елдер  қатарынан орын алып, ұрпағымыз  қоғам қажеттілігіне  сай болып  жатырса-бұл ұстаздар  еңбегі.«Мұғалім-мектептің  жүрегі» демекші, студенттерге білім нәрін  себуші  жүректің қызметі  сапалы  болса, жемісі де  шырынды  болмақ. Қазіргі  заман  талабына келсек, ұстаз алдында  тұрған жүк  ауыр десек те болады. Оның қызметін  тұтастай  адамтану ғылымы деп алсақ. Бұл ғылым адамның  күрделі  де қызықты, шым-шытырығы  мол рухани жан дүниесіне үңіле  білу шеберлігімен көрінеді.
Ұстаздың  жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық  жолындағы  талабының  болуы  шәкірт  жүрегіне  бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан  шығармашыл, құзіретті  және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша  мұғалім  тәжірибенің  өзгеруіне, яғни білімнің  өзгерісіне  талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі  өзгеріске  бағытталған  ұстаз  келбеті  менен де  табылу керек  екенін  түсіндім.
Әр нәрсе сөз арқылы емес, көрсету арқылы есте қалады.Сондықтан да  колледжде  тәжірибемде қандай әдіс-тәсілдерді  қолдану қажет екендігін  жоспарладым.
Барлық  жұмыс түрі ретімен  орындалу үшін  төмендегі  бағыттарға сүйендім.
1.Күнделікті сабақ  үдерісіме  топтық  жұмыс  жүргізуде  жаңалық,өзгеріс енгізу.
2.Студенттерді зерттеу  мен  мұғалімдермен тығыз  байланыс орнатуда
3.Әріптестерімнің  кәсіби  шеберлігін  жетілдіру  ұйымдастыру.
4.Жан-жақты толық  ақпараттармен, іс-тәжірибеммен ой  бөлісу
Міндеттері:                                                                                                                                                                                   1. Білім  беруде  студенттерге  жеке  көңіл  бөлуді  дамытуға  ықпал  ететін  оқыту  әдісі  ретінде  әңгімелесуді, мысалы, жауап алу  мен шағым  топта  жұмыс  істеу  әдістерін  қалайша  тиімді  қолдануға  болатыны  туралы  өз  түсінігін  қалыптастырады;
  1. Оқу үдерісіне тиімді тәсілдерді  енгізеді.                                                                                         Күтілетін  нәтиже:
-тәжірибеде  қолдану арқылы  оқу, оқыту  үдерісінде  студенттермен  бірлескен  әрекеті, белсенді қарым-қатынас  қалыптастыра алады;
-пікір алмасу, талқылау, зерттеу  барысында оқушылардың сыни  тұрғыдан  ойлауға  мұғалім түрткі  болып отырады.
Сабақта  туындаған  негізгі идея:
Диалог-студенттердің  оқуға  деген  ынтасын  оята  алатын  пәрменді тетік. Сабақтарымда «Маған  айтсаң ұмытып  қаламын. Көрсетсең  есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» деген ұлы  ойшыл  Конфуцийдің  сөзімен ашып, тренинг  жүргіздім. Әрбір  үш топқа «Тіршіліктің  жасушалық емес  формалары» тақырыбында  тапсырмалар  берілді. Соңында ұжымдық  түсіну  мен  білім  беруге  қол  жетуде  табыстылық  басымдылығы  айқындалды. Не үйретті, қалай үйретті, неге үйретті сызбасын  топ  мүшелері  толтырып,кері байланыс  жүргізілді. «Бәрі өз қолыңда» видео  ролигімен қорытындыланды.
Күтілетін нәтиже:
Оқудағы  сабақтастық оқу-тәрбиелеу  үрдісінің  кезеңдері мен сатыларының келістіруі  мен  байланысты, оқу материалының  орналасуының  жүйелілігі  мен  бір ізділігі.
Алға қойған мақсаттары:
1.Оқыту  мен  оқу  үдерістеріндегі маңызды проблемалар мен  құндылықтарды зерделеу арқылы инновацияға негізделген диалогтік үдерісті  қалыптастыра отырып,көшбасшылыққа жетелеу.
2.Талантты  және дарынды  балалармен жұмыс  түрлерін мұғалімдердің  іс-тәжірибесінде  тиімді  жүргізуді үйрету.
Жалпы  тәлім алушыммен  жүргізілетін  барлық жұмыстың мақсаты: тәлім алушыға әр сабақта оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға үйрету және топтық жұмыстарды жасату ісі тәлімгерлік үдерісінің ерекшеліктері:
  • тәлім алушы үшін қажеттілігіне қарай кездесу ұйымдастыру арқылы бейресми сипатта өтуі мүмкін;
  • кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт және көп аспектілік негізде көрсетіледі;
  • тәлімгер, әдетте тәжірибесі көбірек білікті мұғалім, негізінен –білім беру ұйымындағы ең үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, тәлім алушыға бұған дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге «есік аша» алады;
  • тәлім алушының қызметкер ретінде және тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады;
  • кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан келісу және бағыттау арқылы тәлім алушы адам белгілейді;
Джеймс «Оқушы табысты білім алу үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамытуға жұмыстануда. Оқыту мен оқудың үздік әдістерін меңгермей, сапалы білім беру мүмкін емес. Өйткені студент ғана емес, мұғалімде үнемі жетіліп отыру қажет. Табысқа қол жеткізуде ойлану қажет. Ал, біздер көп  ойланудан гөрі жаттанды біліммен шектелеміз. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде.                                                                                                                                       Сондықтан да топтық жұмысты оқуды, «оқыту мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту арқылы тиісті орта орнатуды» оқыту мен оқуды жақсартуда білім сапасын көтеруге, нәтижеге қол жеткізуге болады. Теориялық білімді тәжірибеде пайдалана отырып, болашақта тиімді тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырып, оған барлық оқытушыларды топтарын тарату бағытында жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Майя Аджелоудың «Барлық ұлы жетістіктер уақытты талап етеді.» деген сөзімен қорытындылағым келеді.