Бір шаңырақ астында

Мусина Майя Газизовна
.
.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасы халықтарының тілге деген құрметін, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп,  қызығушылықтарын арттыру.
         Білімділік:
  сөздің  дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «ә», «қ», «ұ», «ү», «ң» дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;
сөздік қорын молайту және белсендіру: Сәлеметсіз бе? Сау болыныз! Рахмет! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Сәлем! Ана-тілі.
тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: сабақ үстінде мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білуге, сұрануға жауап беруге үйрету.
байланыстырып сөйлеуге үйрету: сөздерді дұрыс байланыстыруға, байланысқан тіркестердің мәнін түсінуін қалыптастыру. Қазақша үйренеміз. Менің ана-тілім. Мария Петровна, сау болыныз! Оля, сәлем! Ваня, сау бол!
 Дамытушылық: тілді түсіну, есте сақтау, логикалық- ойлау қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамыту.
 Тәрбиелік: мемлекеттік тілде мәдени- әлеуметтік өзара қатынасқа дайын тұлғаны тәрбиелеу, қазақ тілінде дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті,  Қ.Р. рәміздері, «Бір шаңырақ астында» презентация.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Балалар, бүгін ерекше күн екен.
Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық
Қуан шаттан алақай!
Қуантатын күн келді!
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме қонақтар! 
Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық
— Балалар қарандаршы бұл не?
-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз!  
-Балалар, бүгін бізге қонаққа Қазақстанда тұратын халықтарының өкілдері  келді.
Ұлттарын сұрап көрейік.
 
  • Иә, бүгін біз Қазақстанда тұратын
халықтардың  тілдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз.
Тіл, сөздегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал  халықтың бүкіл сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін пашететін үлкен өнері.
Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы.
Ұйымдастыру-іздестіру:
Дидактикалық ойын «Тыңда, қайтала»
  • Қазақ елінің ана тілі- қазақ тілі
  • Орыс елінің ана тілі- орыс тілі
  • Ағылшын елінің ана тілі- ағылшын тілі
  • Неміс елінің ана тілі- неміс тілі
  • Өзбек елінің ана тілі- өзбек тілі т/б
Ар ұлттың амандасу-сәлемдесу мәнерін тамашалап көрейік
Сәлем достар, здравствуйте дети, Good morning children…
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
  • тақырыптық сөздерді, олардың мағынасын;
  • сұрақтарға толық жауап беру
  • керек сөзді табу
Қандай түсініктерді игереді:
  • Бірлік күні, халықтар достастығы туралы түсініктерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
  • мұқият тыңдап, түсініп, нұсқауларды дұрыс орындау;
  • диалог түрінде сөйлесу.
  • өз әрекетіне талдау жасау;