«Бірінші курс студенттерінің оқуға бейімделуін ұйымдастыру бағыттары мен ұсыныстары» әдістемелік жұмыс

Ахмет Тогжан Максутжановна
.
.
Аннотация
Жас мамандарды сапалы дайындау үшін білім беру мекемелерінде білім беру үдерісінің сапасын және тиімділігін жоғарлатуы өзекті мәселе болып табылады. Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.  Студенттердің психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін ескеру, ғалымдардың зерттеулері бойынша жасалатын тәсілдерді пайдалану аталған жұмыста көрсетіледі.
Түсінік хат
Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін — өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық – педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады. Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер — қоғамның ірі интеллектуалдық әлеуеті. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Белгілі  Кеңес  Одағының психологы  Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси — қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
 Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады.  Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.
Кіріспе
 
Оқушылардың оқуға бейімделуі маңызды психофизиологиялық жүктемелерді талап етеді.  Осыған байланысты ерекше маңыздылыққа білім сапаларын жоғарылау сұрақтары иеленеді, бірінші бағыттағы оқушылардың психологиялық қасиеттерінің дамуы, оқу үрдісіне бейімделуді қамтамасыз етеді. Жаңа қоғамның қалыптасуына білімді маманнның қажеттілігі жеткіліксіз, әр тұлғаның жан дүниесі бай, өмір бойы іздену мен даму үстінде болу қажет. Білім беру орындары – мемлекеттік ортаның әсері мол. Жас мемлекеттің қалыптасып, дамуына білімді тұлғаның болуы заңдылық. Бұл тұрғыда педагогиканың өрлеуіне білім беру орындарының ықпалы ерекше. Жалпы білім беру саласында орта және жоғары оқудың байланысынан гөрі Қазақстанда алшақтықты көруге болады. Оқушылар мен студенттердің арасындағы айырмашылық әдістемеліа танымалдықта айқын байқалады. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда. Қазақстан Республикасының «Білім беру заңында», «Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру», «Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру», «Білім
І. Оқушыларды оқу жағдайына бейімдеуінің психологиялық ерекшеліктері
1.1 Оқу жағдайларына бейімдеу ұғымының мәні
Бейімделу – оқу үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына студенттің байланыс сипатының, көзқарасының өзгеру үдерісі. Бірінші курс студенттерінің бейімделу дәрежесі көптеген факторлармен: адамның дербес-психологиялық ерекшеліктерімен, оның тұлғалық, іскерлік және мінез-құлықтық қасиеттерімен, құндылық бағдарлануымен, денсаулық жағдайымен, әлеуметтік ортасымен, отбасы мәртебесімен айқындалады. Жаңа ұжымда студенттің бейімделуіне колледждің барлық құрылымдары қатысады, өйткені жасөспірім түрлі деңгейдегі іскерлік, тұлға аралық, әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынастардың (студент–студент, студент–техперсонал, тәрбиешілер, студент–оқытушылар, студент–әкімшілік) дағдыланбаған ортасына түседі. Бұл жаңа өмір белесі көбінесе ауыр тиуі мүмкін, соған байланысты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің кешенді бағдарламасы әзірленген, оған оқу орнының жағдайлары мен талаптарына ауыртпалықсыз әдеттенуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені кіреді.
Бейімделу (лат. adaptare — бейімделу)— ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған 
Сабақ мақсаты:
Оқу материалының мақсаты: мәтін мазмұнын ашу, автордың айтпақ ойына, идеясына көз жеткізу.
Тілдік мақсат: мәтіндегі тірек сөздерді табу, олардың мағынасын ашу, термин немесе жаңа сөздерге мән беру, сол сөздерді лексиканы дамыта оқыту стратегиялары бойынша орындау. Осыған ұқсас көркем әдебиет жанрындағы шығармамен салыстыра талдау.
Әлеуметтік мақсат: оқушылардың сабақ кезінде бір-бірімен тілдесіп, өзара әрекеттесуіне жағдай туғызу, коллаборативті орта қалыптастыру, функционалдық сауаттылыққа бейімдеу.
Модельдеу: 1. Оқушыларды топқа бөлу (ақындардың өлеңдері бойынша )
  1. Мәтінді «Галлереяда ой шарлау» әдісі бойынша оқу.
  2. Оқушыларға нақты нұсқау беру.
Басқарушылық:
—         Ақпаратты табу.
—         Мәтінді интерпретациялау.
—         Мәтін мазмұнын бағалау.
Ұжымдық (топтық) жұмыс:
«Кубизм» әдісі бойынша тапсырмалар.
І топ: 1-2 абзацтағы ойды анықтаңыз. Әңгіме неліктен «Төрт қыз» аталған? Әңгіменің кейіпкерлері (төрт қыз) кімдер? Есімдерін ата.
ІІ топ: 3- абзац бойынша әңгімедегі ойды суретпен бейнелеңіз.
ІІІ топ: 4-5 абзац бойынша жұмыстанып, лексиканы дамыта оқыту стратегияларына салып, орындаңыз. («Ұғымдарды анықтау шеңбері», «Еркін жіктелім», «Сөздік қорды өз бетімен бақылау»).
Қорытынды
Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді.  Сондықтан колледжімізге жаңа қабылданған студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас құру және психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру керек. Осы мақсатта құрылған әдістемелік құрал өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Студенттердің психологиялық ерекшеліктері, жас ерекшеліктері және әр түрлі тренингтік жұмыстары студенттердің бейімделуіне әсер етеді. Сонымен қатар студенттің бейімделуіне арналған қоғамдық шаралардан тыс күнделікті сабақ жоспары да тиімді құрұлуы қажет. Әр сабақ студент үшін жаңалық, әрі нәтиже. Құрастырылған әдістемелік құралда сабақ жоспары мысал келтіріліп, сабақ берудің жаңа технологиясы көрсетілді.
Қазқстанның болашағы келешек жастардың, яғни біздің студенттеріміздің қолында болғандықтан, олардың дұрыс қалыптасып бейімделуі өте маңызды.