«Біздің айналамыздағы ақпарат» 3 сынып

Байкенова Маншук Жангельдикызы
Информатика пәні мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаттары:
  • Ақпарат ұғымын түсіну
  • Ақпарат адамға не үшін қажет және оны қалай өңдеуді үйрену
  • Ақпаратты өңдеуі және қажетіне пайдалану жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийлері:
  • Ақпарат дегеніміз не? Анықтамасын білу;
  • Ақпараттың адамға қажеттілігін түсіну;
  • Қабылдау жолдарын білу;
Құндылықтар:
Адами құндылықтар: өзара сыйластық, топтарда қабылданған жұмыс ережелерін ұстану, біреудің пікірін құрметтеу, бастаманы қолдау, «сыни дос» пікірін тындау, өзіне және досына жауапкершілікпен қарау, шыдамдылық, әділеттілік, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өзін білдіру мүмкіндігі. Өз ойын айта алу.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, бейнелеу
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезені.  «4 сурет, 1 сөз» ойыны:
Сабақтың тақырыбын ашу үшін «4 сурет 1 сөз» ойынын ойнайды. (Ақпарат сөзі шығады)
            Ақпарат-сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер. Ақпаратты біз әртүрлі нысандардан аламыз, мысалы:затпен жанасқанда, теледидар көргенде, кітап оқығанда, музейлерге барып суреттерді көргенде, асты ішіп жегенде, әуен тындағанда.
Сұрақ: «Балалар, ақпаратты адам ненің көмегімен қабылдайды?» Оқушылар сезім органдарын атап айтады.
 
                                          Ақпарат адамға не үшін қажет?
                     Ақпарат адамға өте қажет. Ақпарат арқылы біз қоршаған ортаны танимыз.  Күнделікті өмірде ақпарат алмасу процесі тоқтамайды.  Сабаққа келіп жаңа тақырып үйренгеніміз, есеп шығаруды үйренгеніміз, адамдармен танысумыз т.б.
Ақпаратты  қалай өңдейміз?
Ақпараттың өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Ақпараттар компьютер көмегімен өңделеді.
Қорытындылау. «Тазалық»- әдісі
Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (Суреті)
— Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).