CLIL технологиясын арнайы пәндерді игеруде пайдаланудың тиімділігі

Копбаева Айсулу Турсыналиевна
Ветеринарлық пәндер оқытушысы
.
.
Жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, бәрі түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер Қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден теміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбірлейтін сыртқы ықпалдардың байбына барып түсіне де алмай қалады.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық білім беру салаларына, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үштілділік бағдарламасы қарқынды енгізіліп жатыр. Еңбек нарығында жаңашылдықты дер кезінде сапалы игеруге, бәсекеге қабілетті маман, серіктес болуға ағылшын тілін білудің маңызы зор. Яғни, алдыңғы қатарлы елдердің ерекшеліктерімен, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен, соңғы жетістіктерімен танысуға етене араласуға, өмірлік тәжірибе жинауға үлкен мүмкіншіліктер ашады.
Келешекте жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлтың мен жұртыңның жай-күйін әлемге дауысың жететін мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз керек. Міне, сондықтан да еліміздің бәсекеге қабілетті елдермен теңесетін жағдайында осы үш тілді жетік меңгерген білікті мамандардың қажеттілігі артатыны белгілі.
Осыған орай, Жамбыл облысы Тілдер дамыту орталығының ұйымдастыруымен Құлан ауылшаруашылығы колледжі базасында ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсынан өттім. Аталған курстан алған білімімді пайдаланып колледжіміздің «Ветеринария» мамандығына арнайы пәннен үштілде сабақ берудің бастамасын бастап кеттік. Алғашында білімгерлермен тек күнделікті сабақ барысында пайдаланатын сөздерді қолдандық. Ал қазір сабақтың ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпқа ынталандыру, жаңа білімді игеру және бекіту кезеңдеріне CLIL әдістері арқылы тақырып мазмұнындағы негізгі сөздерді кіріктіріп отырмыз.
Осы арқылы ағылшын тілін кәсіби біліммен ұштастыра отырып, бүгінгі студент, ертеңгі кәсіби маманның ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне, шетел азаматтарымен қарым-қатынас жасауына, олармен әріптес, серіктес болуларына, заманауи озық іс-тәжірибелерді еркін меңгеруіне үйретіп жатырмыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — «Өз тілің — бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт.
 
Сабақты өткізу жоспары
Пән: Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері.
Курс, топ: 3 курс «Ветеринария».
Тақырыбы: Ветеринарлық аурулардың жіктелуі. Classification of veterinary  diseases.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Өткізу әдісі: CLIL технологиясының Matching the pictures, Grooping,  Matching әдістері.
Білімділік мақсаттары: студенттерге ветеринарлық ауруларының жіктелуін, жұқпалы  және жұқпайтын аурулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін, түрлерін таныстыру.
Дамытушылық мақсаттары: кәсіби білімді ағылшын тілінде меңгерту арқылы шет елдік сөз қорын молайту, сабақ мазмұны туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік мақсаттары: ұқыптылыққа, ісіне адал болуына, жанашарлыққа, кәсіби қарым-қатнасқа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: эпизоотология, паразитология, ішкі жұқпайтын аурулар, акушерлік гинекология, хирургия.
Көрнекілігі: «Classification of veterinary  diseases» презентациясы.
 
Сабақтың мазмұны
І.Ұйымдастыру кезеңі: Good morning, dear students!
                                           How are you?
                                           What is the date today?
                                           Who is absent?
                                           Are you ready for the lesson?
II.Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау: The theme  of  todaу’s  lesson: Ветеринарлық аурулардың жіктелуі. Classification of veterinary diseases.
Төмендегіндей сұрақтарды қамтиды:
1.Жұқпалы аурулар.Infectious diseases.
2.Жұқпалы емес аурулар. Non – communicable diseases.
III. Тірек білімді жандандыру: Малдың жұқпалы (инфекциялық, инвазиялық) және жұқпайтын (ішкі жұқпалы емес, акушерлік аурулар, хирургиялық жарақаттар) аурулары бар. Мысалы, экзема, дерматит, эстроз, қотыр, құтырық, аусыл, ішек түйілу, сақау, лейкоз, туберкулез және т.б. Олар экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіні белгілі. Сондықтан аталған ауруларды дер кезінде анықтап емдеу – міндетіміз. Ол үшін жануарлардың габитусын, кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін, терісі мен тері асты клечаткалын, температурасын, яғни, жалпы клиникалық зерттеуіміз қажет.
V.Жаңа тақырыпқа ынталандыру:
Look at the blackboard.
We have ten pictures and words.
Which words come to your to mind when you see this pictures.
. ..
Пайдаланған әдебиеттер:
  1. Рахымжанова Д.Т. Жануарларды клиникалық әдістермен зерттеу. — Астана, 2005
  2. Қононов Г.А. Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық. — Алматы: «Қайнар» 1982
  3. Бұлашев А.Қ. Ветеринария негіздері. — Астана: «Фолиант» 2009