Бу және сужылытқыш қазандықты өндірістік машықтануда пайдалану

Пашен Ж.Қ.
Жетекшісі: Ильяс С.Қ.
.
.
Мен болашаққа үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз өркендеп өсуде. Елбасымыз «Еліміздің болашағы – білімді жастардың еншісінде» дегеніндей жастар сапалы білім алып, келешекте мемлекетімізді дамытуға ат салысуы тиіс.
Қазір өзім оқитын облысымыздағы беделді оқу орындарының бірі – Қызылорда қаласындағы М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжін мақтан етемін. Бүгінгі таңда колледжімізде тәжірибелі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері дәріс беріп, талай жас мамандарды қияға самғатуға жағдай жасауда.
Абай атамыздың «Неге арналсаң, соны істе» дегеніндей, адам өмірдегі орнын өз таңдауымен тапқаны жөн. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп болғандықтан таңдау жасау оңай шаруа емес. Мамандықты таңдау қандай қиын болса, оның болашағын болжау одан да қиын. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді, еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелінетін іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Өндірістік машықтануда мен қазандық пен оның элементтерін (сонымен қоса, оның бөлшектері де) жоба ретінде алып отырмын. Қазандық және оның негізгі бөліктері пайдалану кезінде қауіпсіздік пен ұзақтықты, мықтылықпен қамтамасыз етілу қажет.
Қазандықтың сыртқы бетін көруге, сонымен бірге дефектоскопиялық бақылауды жүргізу мүмкіндігі жоқтығынан, бу мен су барабандық бөлігінің ішкі құрылысы шешіп алғыш болып жасалынуы қажет.
Барабанда  ішкі құрылысын бекіту үшін пісірілген элементтерінің болуына рұқсат етіледі. Дайындаған мекеме пайдалану мен монтаждау нұсқаулығында бұл құрылығылардың шешіп алу реттілігі мен орнатылуын көрсетуіне тиіс.
Жастардың қажетті мамандыққа бет бұрып, еңбек етуі тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, болашақ мамандар үшін де маңызды екені – аксиома.