Бизнес-жоспар, құрылымы по дисциплине «Ұйым қаржылары»

Маникова Гульмира Орынбаевна
Преподаватель специальных дисциплин
.
.
Сабақтың мақсаты:
 1.Білімділік мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін кеңейтіп, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, білім деңгейлерін жетілдіру.
  1. Дамытушылық мақсаты: Бүгінгі күні оқушылардың экономикалық танымын және есептерді дұрыс шешу дағдыларын дамыту, өз ойларын анық және толық жеткізе білулеріне ықпал жасау, шығармашылық қабілеттерін және пәнді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Тәрбиелік мақсаты: Өзіндік ізденуге үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке, үнемділікке, іскерлікке, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
         Пәнаралық байланыс: «Ақша.Несие.Банктер», «Қаржы және несие», «Ұйым экономикасы», «Қаржы», «Салық және салық салу».
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек сызбасын қоладанып оқыту, сұрақ-жауап, іскерлік ойындар жүргізу; топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілік: схемалар, үлестірмелі материалдар (қоржын сұрақтары), жетондар, тест сұрақтары, есептер, ауызша жұмыс.
Негізгі әдебиеттер: Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша.Несие.Банктер»; Р.Қ.Ниязбекова «Кәсіпорын экономикасы», Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы».
Қосымша әдебиеттер: К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы», А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е.Керімбек «салық және салық салу».
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
  1. «Бой сергіту».
  2. «Іскерлік ойын».
  3. «Есептер шығару».
  4. «Сөзжұмбақ шешу».
  5. Сабақты қорытындылау.
1.Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың топ басшысы мен атын белгілеу.
2.«Бой сергіту»: (30 минут)
Тақтаға сұрақтар ілінеді. Ол сұрақтар үш деңгейге бөлінеді: 10-оңай, 20-қиындығы орташа, 30-қиын сұрақтар. Топтың мүшелері осы сұрақтарға жауап беруі тиіс, ал бәсекелес топ мүшелері жауапты қадағалап отырады да, дұрыс болмаған жағдайда түзетуіне болады. Дұрыс жауапқа бір ұпай алады.
10Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
10 Вексель  – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі.
10 —  Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
20Өндірістік шығындардың сыныптамасы: Айқын шығындар, айқын емес шығындар, экономикалық шығындар, тұрақты, айнымалы (өзгермелі), жалпы шығындар, шекті шығындар.
20Директивті және индикативті жоспарлау. Директивті жоспарлау нарыктық қатынаста балама түрінде бола отырып, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі колданылады. Олар әлеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.
20Қаржылық жоспарлау — ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта, бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.
30Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау. Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады.
30Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді қамтитын көп кезеңді үдеріс: 1) Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалык көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылык қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу); 2) Бизнес миссиясы (рөлі) — олардың сандық өлшеміндегі көптеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия — даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу қаркыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.). 3) Атқарымдық стратегия — еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия. 4) Бюджеттеу — бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.
30Қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаттары: 1) өз қорлар мен құралдары арқасында кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету: 2) мемлекеттік реттеу жүйесінің оңтайландыру мен өндіріс көлемін ұлғайту арқылы пайданы өсіру, яғни нақты пайданы өсіру және салық салуды оңайландыру; 3) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өзінің міндеттемелері алдында уақтылы толеу мүмкіндігі. Қаржылық жоспарлау тәсілдері: а) автоматты (егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі); ә) статистикалык (алдағы жылдардағы шығындарды қосып алдағы жылдар санына көбейту); б) нөлдік (барлық позициялар жаңадан (нөлден) саналады).
  1. «Іскерлік ойын» (20 минут)
Топтар бір-біріне үйден дайындап келген бизнес-жоспарларын ұсынады және қорғайды. Қалған топтар тыңдап, сұрақтар қояды. Жақсы қорғаған топтар ұпай иеленеді.
  1. «Есептер шығару» (20 минут)
Әр топқа есептер беріледі. Есепті дұрыс және жылдам шешсе, ұпай иеленеді.
  1. «Сөзжұмбақ шешу» (13 минут)
Әр топқа әр түрлі сөзжұмбақтар ұсынылады. Бағалау барысында жауап беру жылдамдығы мен дұрыстығы ескеріледі.  
  1. Сабақты қорытындылау (5 минут)
Жалпы бағалау бойынша ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтап, бағалау.
Қорытынды: осындай ойын сабақтары оқушы назарын аударып, ал ойынға түрткі болатын әр түрлі қызықты да тартымды материалдар олардың пәнге деген ынта-ықыласын арттырып, логикалық ой-өрісін дамытады.
Сөзжұмбақ №1
1. 4.
2. Д А М У Қ
Ғ Ұ 5.
Ы Ж Ө
М А Н
3. Б Ю Д Ж Е Т Т Е Н Д І Р У
Ы І
Р
І
С
Т
І
К
  1. Қысқа мерзімді жоспарлау?
  2. Бизнес-жоспардың бірінші қызметі бизнес стратегиясын, яғни ….. концепциясын қалыптастыруға байланысты.
  3. «Жоспар» және «бюджет» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Қысқа және ұзақ мерзімді келешектегі бюджетті құру үрдісі?
4.Қаржылық жоспар не ретінде көрінеді?
  1. Қандай жоспар стратегиялық жоспар негізінде жасалады және маркетингтік, ғылыми-зерттеулік, инвестициялық саясаттың анықталуы барысында жүзеге асады?
Сөзжұмбақ № 2
1.
Т
2. Б О Л Ж А У
К
3. С А Қ Т А Н Д Ы Р У
4. С Т А Т И С Т И К А
К
5. Б А С Қ А Р У
  1. Кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі?
  2. Қаржылық жоспарлаудың басты элементі?
3.Қаржылық жоспарлау объектісінің құрамы?
  1. Қаржылық жоспарлау тәсілі?
  2. Жоспарлау ….. қызметінің маңызды бір саласына жатады.
Сөзжұмбақ № 3
1.
Ж
О
2. Т Ү С І М Д Е Р
П
3. Ұ Й Ы М Д А С Т Ы Р У
Р
Л
4. А В Т О М А Т Т Ы
5. Ә Л Е У М Е Т Т І К
  1. Белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі?
2.Әрбір жоспарда бөлімшелерге және несиелік жүйеге байланысты, белгілі уақыт мерзіміне шығыстар мен ….. анықталады.
3.Жоспарлауды …..  кәсіпорын көлеміне тәуелді болады.
  1. Қаржылық жоспарлау тәсілі?
5.Қаржылық жоспарлау экономикалық және …… жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады.  
Есеп
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау.
Орындау тапсырмалары:
1.Табыс көзін есепте
Көрсеткіштері 1 топ 2 топ 3 топ
Тоқсанға жоспарланған сатудан түскен брутто табыс 245400 236000 228500
Табыстағы ҚҚС (12%)
Өзіндік құн 110000 98300 82740
Тоқсанға жоспарланған сатудан түскен нетто табыс
Пайда
2.Аударылған амортизация сомасын есепте
Бастапқы АҚ 40850 38450 37984
Енгізілген АҚ 17430 16844 15986
Шыққан АҚ 13830 11985 10897
АҚ орташа жылдық құны
Жиналған амортизация сомасы
  1. Кәсіпорынның айналым құралдарына қажеттілігі
Жоспарлы айналым құралының көлемі 32530 32120 31360
Тоқсанға арналған шикізат пен материалдар 90000 87000 77800
Бір күндік шығын
Шикізат пен материал қорларының нормасы, күн 30 28 26
Шикізат пен материалдарды қаржыландыру үшін кәсіпорынның айналым құралына қажеттілік
Күніне шығарылатын өнімнің өзіндік құны 1340 1320 1270
Аяқталмаған өндіріс қорларының нормасы, күн 5 4 3
Аяқталмаған өндірісті қаржыландыру үшін кәсіпорынның айналым құралына қажеттілік
Бір күндік тауар айналымы 25 23 21
Тауар (өнім) қорларының нормасы 4 3 2
Қоймадағы дайын өнімді қаржыландыру үшін кәсіпорынның айналым құралына қажеттілік
Кәсіпорын кассасында және есеп шоттағы бір күндік ақша айналымы 28 26 24
Ақша қаражаттар қорының нормасы, күн 2 1,5 1
Қаржыландыру үшін кәсіпорынның айналым құралына қажеттілік
Кәсіпорынның айналым құралына қажеттіліктердін жиыны (барлығы)
4.Табыстан төленетін салықтарды есепте
Мүлік салығы 3%
КТС (КПН) 20%
5.Табысты (пайданы) бөлу
Салықтар
Резервтік қор 15%
Айналым құралының өсіміне
Барлығы:
Қалған бөлінбеген пайда:
Тұтыну 60%
Жинақ 40%