Кросс 1000- метр дев 2000-метров юноши

Күнтуған Б.К.
.
.
Ғылыми – техникалық прогресс дәуірінде дене тәрбиесінің ролі айтарлықтай өзгерді. Денешынықтыру заманауи қоғамның жалпы мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде, халық тәрбиесіне және дамуына мықты ықпал ететін, көп қырлы әлеуметтік құбылысты білдіреді.
         Бүгінгі әлеуметтік, техникалық өрлеу және денешынықтырудағы ғылыми – техникалық революция ғасыры біздің өмірімізге бірқатар жағымсыз факторлар әкелді. Оған жататындар гиподинамия, күрделі заманауи техниканы игеруге байланысты нервтік және физикалық салмақтар, сондай-ақ кәсіби және тұрмыстық реттегі стрестер, артық салмақ, жүрек ауруына бейімділік.
         Жағымсыз факторлардың адам денсаулығына ықпал етуі соншалық, организмнің ішкі қорғаныс қызметі оған төтеп бере алмайды.
Тәжірибе көрсеткендей жағымсыз факторларға ең мықты қарсы әсер етуші үнемі денешынықтырумен айналысу, ол адамдардың денсаулығын жақсартуға, организмнің кез-келшен ауыртпалықтарға дайын болуына көмектеседі. Адам организмі дамыған сайын, оның шымырлығы денешынықтыруға тәуелді болады.
         Бұған дейін миллиондаған адамдар жұмысқа жаяу барып, жаяу қайтатын, өндірісте де олар көп күш жұмсады, тұрмыста да ауқымды жұмыстар атқарды.
         Қазіргі уақытта қимылдау көлемі төмендеді. Өндірісті автоматтандыру және робот техника, автокөліктер, лифт, кір жуғыш машинкалар, адамның қимылдау әрекетінің дефицитін өсіріп отыр.
Гиподинамияның халыққа кері әсер етуі онымен күресуде денешынықтыру және спорттың әр түрлі әдістері мен формаларын қолдануды талап етеді.
         Денешынықтыру қызметінің маңызды бөлігі адамның қимылдау белсенділігінің табиғи сұранысын қанағаттандыруға  және қимылдау қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Осы маңызды қызметтерді орындаумен қатар, денешынықтырудың кейбір әдістері жеке сипаттағы арнайы қызметтерді атқаруға бағытталған.
Әдебиеттер тізімі:
1.Дене тәрбиесі. Авторлары: Пономарев Н.И., Коробков А.В.
2.Энциклопедиялық журнал «Спорт», 2008ж
3.Денешынықтыру және спорт журналы. № 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 2007-2008жыл.
  1. Дене тәрбиесі. Авторлары: Рафин А.Я. М., 1989
  2. Колесников В.Ф. Дене тәрбиесі., 1985
  3. Дене тәрбиесі. Авторлары: Коробков А.В., Головин В.А., Маслеков В.А.
  4. Спортық ойындар. Авторлары: Железняка Ю.Д., Портнова Ю.М.