Дәнекерлеу ісі мамандығына арналған сайыстың әдістемесі

Жаппаров Перизат Ахатаевич, оқытушы
Қуанышұлы Думан, өндірістік оқыту шебері

.

.

САЙЫС  ЖОСПАРЫ   

Пән : Арнайы технология, Өндірістік оқу.                              

Сайыстың  мақсаттары:

Білімділік:

 Оқушыларды дәнекерлеудің тігістері және оның әдістері мен таныстыру. Дәнеркелеу әдістерінің тұрмыста және өндірісте қолдануды түсіндіру. Тігіс түрелерін қолданыс орнына байланысты пайдалануды үйрету. Технологиялық карта бойынша құбырды дәнекерлеу және көлденең дәнекерлеу жұмыстарын үйрету. Дайындаманы дұрыс жолмен дәнекерлеу жұмыстарын орындау операцияларын үйреніп, түсіну.

Дамытушылық:

 Пән жайлы түсініктерін қалыптастырып  ойлау қабілетін арттырып, әдебиеттермен жұмыс жасауды арттыру.    Дайындаманы дәнекерлеу жұмыстары кезінде логикалық ойлау қабілетін дамыту және оқушылардың жалпы ойлау және дәнекерлеу операцияларын жүргізу кезіндегі ойлау қабілеттерін дамыту. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзбауға, өндірістік және технологиялық сапалы өнім шығаруды үйрету. Сурет материалдар арқылы мысалдар келтіріп, көрсете білу. Білім нәтижелерін тестілеу арқылы тексеру.

Тәрбиелік:

Таңдаған  мамандықтарына деген қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Бастаған  істеріне жауаптылық пен қарауды, жұмыстарын адамгершілік пен орындауды үйрету.

 

Пәнаралық байланыстар:

  1. Сызу «Ажырамайтын және ажырайтын бөлшектердің бірігуі».
  2. Материалтану «Қортпамен металды ыстық өңдеу түрлері».
  3. Электротехника «Трансформатор құрылысы, қолданылуы».

 

Сайыстың жабдықтары:

1.Көрнекіліктер: Дайындамалар 10 -дана, сұлба « Дәнекерлеу әдістері және  тігістері».

2.Үлестірме материалдар: Үлестірме тесттер 10, технологиялық карталар 10.

3.Техникалық жабдықтары: Дәнекерлеу трансформаторы, электрмен дәнекерлеушінің жабдықтары, электродтар, дайындамалар.

 

Әдебиет:

Негізгі:

1.Шакирова Т.М., Маметсупиев А.Ә. «Газ және электрмен пісіру», 2007

2.О. Сыздыков, Б.Оразбаев, Ғ.Нысанбаев «Конструкциялық материалдар технологиясы», 1995

Қосымша:

1. Розаков Ю.Н. Оборудование и технологий автоматической и полуавтоматической сварки. М. Машиностроение, 1987.

 

Материалды жүктеп алу