«Дана Абай» атты сыныптан тыс мерекелік лекция-концерті

Байгаринова Гульмира Ауескановна

Домбыра сыныбының оқытушысы

.

.

Мақсаты: Ақынның өмір жолы мен музыкалық творчествосымен таныстыру; Абай шығармашылығы арқылы оқушылардың туған жерге деген махаббатын ояту.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Абай шығармашылығымен таныстыра отырып, музыкалық-теориялық білім беру.
  2. Тәрбиелік: абай шығармашылығын оқушыларға түсіндіре отырып, музыка өнерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Ақынның шығармаларын аспапта ойнатып, тыңдата отырып, есту қабілетімен аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: Бүгін кешегі күн емес, бүгін ертеңгі де күн емес. Бүгін кешегінің жалғасы, ертеңгінің бастауы. Бүгінгі күнді ең алдымен бүгінгі әдебиет деп қабылдағанымыз абзал. Әдебиет қай заманның ырғағында да, иірімдерін өрнектеп, діттеген жеріне жетіп отырған құбылыстың иесі. Оның бағын ашып, бабын келістірер – дарын.

Бүгінгі өтетін мерекелік лекция-концертіміз Ұлы ақын, дарынды ақын, дана ақын Абай атамыздың туғанына 175 жыл толу мерей тойына арналады.

Қайырлы күн құрметті көрермендер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Дана Абай» атты лекция-концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Ведущий: Добрый вечер дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас в нашей музыкальной гостиной.

Жүргізуші: (кішкене үзілістен кейін музыка қойылады…) Болашақ ақын, сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған кәрі әжесі Зеренің мол қазынасындай аңыз ертегілерін естіп, жыр дастандарын бойына сіңіріп өсті. (Сахнада Зере әже отырады. Қымыз сапырады. Даладан бала Абай кіреді)

Абай: — Әже, әже!

Әже: — Ау, құлыным Абайжан, келдің бе?

Абай: — Шөлдеп кеттім, әже.

Әже: — Келе ғой қоңыр қозым, қарашығым, қымыз құйып берейін.

Абай: — (Қымыз ішіп отырып) Әжетай, тағы да жыр тыңдағым келіп тұр.

Әже: — Шырағым, ер жетерсің,

         Ер жетсең сірә не етерсің,

         Алысқа шырқап кетерсің

         Шыңдасаң шыңға жетерсің.

Абай: — Әже, сізге қояр сауалым бар, сауал емес-ау сұрағым бар, соған жауап беріңізші.

Әже: — Жарайды, сұра, сұра құлыным.

Абай: — Дүниеде не қымбат? Не жақын? Не қиын?

Әже: — Тату болс ағайын, тату балам.

         Ақылшы болса, апайың жақын,

         Бауырмал болса, інің жақын,

         Ең қымбатың – Отаның!

         Ал, ең қиын – жазылмас дерт.

Абай: — Дұрыс айтасыз әжетай, қандай асыл сөздер (сахнада шам сөнеді).

Жүргізуші: Парасатты әженің, әзіл-қалжыңға шебер ананың тәрбиесінде өсіп жатқан Абай кітап оқып, көп ізденуге салынады. Дарынды ақынның шығармашылығы осылай бастаған еді. Абай поэзиясы – адамның тілінде жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін көрсететін сипаттамаларға толы болған.

Ұлы ағартушы, ақын және композитор Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалодырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойындағы кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады, адамгершілікті, ақыл мен білімді алға қойды.

Ведущий: Просветитель, акын и композитор Абай Кунанбаев до конца своих дней боролся за светлое будущее казахского народа. В своих «словах назидания» он критиковал человеческие пороки и пропогандировал человеческие знания, человечность и ум.

(Қара сөз, өлең оқылады. Оқушылардың орындауында)

Жүргізуші: Абай 10 тамыз 1845 ж. Қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі ХІХ ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен атты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраhимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.

Ведущий: Творческая деятельность Абая Кунанбаева явилась вершиной дореволюционной казахской культуры. Жизнь этого поистине Великого человека недостаточно изучена. Особенно нелегко восстанавливать песни Абая, которые не записывались и не издавались, а переходили из уст в уста. Родился Абай в Восточно-Казахстанской области, в Чингизских горах 10.08.1845 году. Его настоящее имя Ибрагим, но в раннем детстве мать ласково называла сына – Абай. Что значит «осмотрительный, вдумчивый».

Жүргізуші: Абай Құнанбаев – қазақ халқының Ұлы ақыны. Өлеңдері мен әндері халық арасында кеңінен тараған. Ол композитор ретінде қазақ музыкасының алтын қорына теңдесі жоқ үлес қосты.

  • Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды

Жүрек тербеп, оятар, баста миды

Бұл дүниенің ләззаты, бәрі сонда

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Ведущий: На творчество Абая оказало большое влияние русская демократическая мысль и литература. Произведение русских поэтов в переводе Абая и с мелодией сочененной Абаем, приобретает новый художественный облик и национальный стиль. Так слова песни «Горные вершины» написал немецкий поэт Гете, на русской язык перевел Лермонтов, а музыку соченил композитор А.Рубенштейн. Слова и мелодии этой песни овладели сердцем Абая настолко, что он написал свою песню «Қараңғы түнде тау қалғып».

Жүргізуші: Абайдың шығармашылығына үлкен әсер еткен саланың бірі орыстың демократиялық мәдениеті мен әдебиеті болды. Бұл А.Пушкин, М.Лермонтов сияқты атақты орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ән «Қараңғы түнде тау қалғып»

Жүргізуші: Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл-күйін әсерлі әуенімен бейнелеп жеткізген. «Желсіз түнде жарық ай» әні, естіген құлаққа жағымды, әуенмен ерекшеленетін ән әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы.

Ән «Желсіз түнде жарық ай»

Ведущий: Центральное место в песенном творчестве Абая занимает лирический жанр. За душевность, искренность интонации, мягкий лиризм, тонкое отражение в музыке различных поэтических нюансов характерны для большинства Абаевских творений.

Жүргізуші: Абай әндері қазақтың музыка мәдениеттің өсу-дамуында үлкен күрделі орын алған. Қазіргі тындайтын әндеріңізге Ұлы Абай өзінің жастық шағындағы ғашық болған қалындығына ыстық махаббаттың лебізін білдірген. Бұл әннің әуені жеңіл, махаббаттың сезімді лебізін білдіреді.

Ән «Айттым Сәлем, Қаламқас»

Ведущий: Абай писал как собственные оригинальные тексты, так и переводы на тексты русских поэтов. Особняком стоят его песни на стихи из «Евгения Онегина». Песни Абая на слова А.Пушкина еще при жизни Абая настолько прочно вошли в быт народа, что во савдебных встречах девушки и юноши устраивали песенные созтизания, распевая монологи Татьяны и Онегина. Сейчас мы послушаем «Письмо Татьяны». (Звучит песня как страстный взволнованный монолог)

Ән «Татьянаның хаты»

Жүргізуші: Абайдың лирикалық өлеңдері халық өлеңдеріменен үндесіп келген. Оның өлеңі халыққа түсінікті және құлаққа жағымды болып ел арасында кең тараған өлеңдердің бірі «Көзімнің қарасы» әні.

Ән «Көзімнің қарасы»

Жүргізушілер: Гүлмира Байгаринова, Бекетай Рахимова.

Осымен кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!