АЛТАЙДЫҢ АЙ МҮЙІЗДІ КЕР БҰҒЫСЫ

Климова Айгерім
Жетекшісі: Алиманова С.Н.
.
.
Бұғылар – жұптыаяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан)
Шығыс Қазақстан облыстарының орманды алқаптарында мекендейді. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі  және етін пайдаланылады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.  
Бұғылар – жануарлардың үлкен тобы. Бұғылардың саусақтарының ортаңғы бөлігіндегі тұяғы қысқа, ұсақ болып келеді. Сол арқылы шөптерді, саңырауқұлақтарды қар астынан мүктерді де алып жейді. Сұр тышқандарды аулайды. Тұзға айырықша құмар, ол теңіз суларын іше береді. Барнен ғажабы- солтүстік бұғысы. Олар қатал табиғат жағдайларына тамаша бейімделген. Мысалы, қыс кезінде қарға батпай жүру деген қиын-ақ, ал солтүстік бұғылары батпай жүре алады. Өйткені олардың жалпақ аша тұяғы қарда, батпақта, сазда еркін қозғалуына мүмкіндік береді.
Солтүстік бұғыларының жүні де ерекше. Қылшық жүндерінің жуан өзекшелері ауаға толы болады. Ал ауа дене жылуын жақсы сақтайды. Сондықтан ондай жүндер күште боран кезінде де бұғыны аяздан қорғай алады. Солтүстік бұғыларынң жүні суда сал қызметін атқарады. Олар жақсы жүзеді өйткені, жүндерінің іші кеуек. Басқа бұғылардың барлығының тек қана еркегінде, ал солтүстік бұғылары әрқашан топталып, кейде бірнеше мың бас үлкен табын құрап өріс ауыстырады. Осы кезде олар жол бойы қарлы боранға жиі тап болады. Мұндай жағдайда барлығы тығыз топталып иіріліп тұрады. Солтүстікте соңғы кезге дейін басты қатынас көлігі болып келді. Жеңіл шанаға жегілген қос бұғы 100 кг жүк артып, сағатына 10 км жылдамдықпен жүгіре алады.
Бұғы мүйізі (панты) – жүрек тамырлар жүйесіне және асқазан жұмыстарына жақсы әсерін тигізеді, әр түрлі дене және асқазан жараларының жазылуын тездетеді. Ол адамды сергітіп, көңіл – күйін жақсартады, иммундық жүйені нығайтады, қан қысымын қалыпқа келтіреді,тірек қозғалысы жүйесі ауруларына жағымды әсер етеді. Оны басқа процедуралармен бірге қолдану арқылы тері ауруларын , псориазды емдеуге болады. Яғни, адам берер дауасын, емдік дауасын айтып тауыса алмайсыз. Тері ауруларына, аллергия, жүрек қан тамырлары ауруларына пайдасы мол.
«Катон Қарағай бұғы паркінің» панта емханасы бар. Бұл емхана 2004 жылдан бастап қызмет атқаруда. Пантымен емдеу маусымдық жұмыс. Тек жаз айларында ғана емделушілер панты ваннасын қабылдайды. Терінің жасушалары ашылып, ішке емдік бу өте бастайды, сөйтіп адамның ағзасына, жасушасына қолайлы әсер етеді. Ол адамды сергітеді. Емдеу мекемесінде білікті дәрігерлер жұмыс атқарады.
Емдік сауықтыру кешені Катон Қарағайда, Бурабайда орналасқан. Ноу –хау нано технологияны қолданып, пантының жаңа өнімдерін капсула мен таблетка ретінде шығарылуда. Таблеткалар мен капсулалардың бір артықшылығы адамның асқазаны арқылы ағзаға бірден әсер етеді. Олардың құрамында пантыдан бөлек Алтай тауларында өсетін емдік қасиеті мол дәрумендер мен қоспалар осы дәрінің құрамында жинақталған.
Сұрақ –жауап :
1.Бұғының мүйізі неге ұқсайды?
2.Бұғының ең айырықша жақсы көріп, жалап жейтіні не?
3.Бұғыны жүк тасу үшін неге шегілген?
4.Бұғының саусақтарының ортаңғы тұяғы неге ұқсас?   
Сөз жұмбақ сұрақтары:
Бұғының басқаша атауы? (бұлан)
Бұғы қандай жануарлар отрядына жатады?(жұптыаяқтылар)
Бұғының төлі қалай аталады? (қодыға)
Қазақстанның қай бөлігінде бұғы шаруашылығы дамыған?(шығыс)