Дарынды оқушыны дамыту жолында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жайында әдістемелік ұсыныстар

Тоқжанова Роза Балтабайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
.
.
                                                         “… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-                           
               аяғымызды қалай қыспасын,     мемлекет             
                                           өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз 
                                           әдебиет пен өнерін жасайтын  тарланбоз 
                                                               жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
                                                                                                             Н.Ә.Назарбаев.
   Ертеде де, қазіргі ХХІ ғасырда да  дарынды балалар мен жастардың болуы мемлекет абыройы болып табылады. Дарындылық қасиет әр адамның бойынан табылады. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған, шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл — күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.
           Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, сабақ үстінде  осы  түрлі әдіс- тәсілдерді, оқушыларды ізденуге  жетелейтін  тапсырмаларды мүмкіндігінше    қолданатынымыз белгілі жағдай.
 Алайда, дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ бермеумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс мұғалімнің қаржылы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді.
Мысалы, оқушыларды зерттеушілікке, олимпиадаларға тартатын сабақтарда қолданатын тәсілдер  бірқатар белгілермен сипатталатынын ескергені жөн. 
                  Зерттеу–баланың әлем туралы мәлімет алуының негізгі көзі. Педагогикалық психология мен педагогикада  «зерттеу оқуы» «исследовательское обучение»  деген  арнайы термин бар. Баланың өз бетімен қоршаған ортаны зерттеуге  ұмтылуы негізінде құрылған   оқытуға талпынысы подход осылай аталады. Зерттеу оқуының басты мақсаты – оқушы бойында адамзат мәдениетінің барлық аясында жаңа әрекет әдістерін  өз бетімен, шығармашылықпен игеру қабілеттерін қалыптастыру.
 Зерттеу мақсаттарын шешу үшін қисынды және шығармашылық ойлаудың дағдылары мен әдеттері қажет:
  1. Мәселені көре білу.                                 Болжам жасау.
  2. Бақылау – мәселені айқындау                    Сұрақтар қою.                                                                                                                                                                       
Оқушылардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін,  мұғалім өтуге тиісті оқу материалына алдын-ала теориялық психологиялық талдау жасау қажет.    Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.  
№ 1 — сабақ.
МӘСЕЛЕНІ КӨРЕ БІЛУДІ ДАМЫТУ.
    Мәселені көре білу – адамның ойлау қабілетін көрсететін интегралды ерекшелік. Ол ұзақ уақыт бойы әр түрлі іс — әрекет  барысында дамиды, дегенмен оны дамыту үшін бұл педагогикалық тапсырманы шешуге көмектесетін арнайы жаттығулар мен әдістерді таңдауға болады. Осындай тапсырмаларды қарастырып көрейік.
Мәселені анықтауда ең басты ерекшелік — өз көзқарасын өзгерте білуге қабілеттілік, зерттеу нысанын жан – жақтан қарастыру. Әрине, егер бір нысанға жан – жақты көзқараспен қарасаң, міндетті түрде басқалар байқамаған, көзге көрінбейтін жайттарды көресің.
«Әңгімені жалғастыр» тапсырмасы. Аяқталмаған әңгімені оқимыз:
«Таңертең аспанды бұлт торлады да қар жауа бастады. Аппақ қар ұлпалары үйлерді, ағаштарды, тротуарларды, жолдарды біртіндеп басып жатты…»
Әңгімені бірнеше тәсілмен жалғастыру керек. Мысалы, сен кішкентай баласың және достарыңмен аулада ойнап жүрсің. Алғашқы қардың жаууы саған қалай әсер етті?  Сен жолда келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісісің немесе ұшқалы тұрған ұшқышсың, қала әкімісің, бұтақта отырған қарғасы, ормандағы қоян немесе түлкісің. Ұқсас әңгімелердің неше түрлісін ойлап табуға болады.  Олардың мазмұнын балаларды  бір құбылыс немесе оқиғаға жан – жақтан қарай білуге үйретуге болады.
Тағы бір мысал: «Мектеп дәлізінде біреу су төгіпті. Мақсат жүгіріп келе жатты да…»
Осы жағдаятты мұғалім, мектеп жантанушысы, мектеп дәрігері, Мақсаттың досы, Мақсаттың әпкесі, Мақсаттың әжесі, мектеп күзетшісінің көзімен әңгімені  аяқта.
Тағы бірнеше мысалдар келтірейік:
«Біздің үйдің подъезі жанында жұмысшылар терең шұңқыр қазды. Олардың құбырларды жөндеп жатканына  екінші күн болды…»
 Тапсырмалар өзгермейді – осы жағдаятқа  түрлі қатысушылар мен бақылаушылардың  көзімен қарау.
«Басқа кейіпкер атынан әңгіме құр» тапсырмасы.
Әлемге «басқа көзбен» қарай білу дағдыларын түрлі адамдар, тірі жан иелері немесе жансыз заттар атынан әңгіме құрастыру тапсырмасы да  қалыптастыра алады. Балаларға мынадай тапсырма беріп көріңіз:
«Сіз бір кезде сынып бөлмесіндегі үстелге айналып кеттіңіз, жолда жатқан тасқа, жануарға (жабайы, үй) , белгілі бір мамандығы бар адамға айналдыңыз. Өзіңіздің елестеткен өміріңіздің бір күнін суреттеп беріңіз.»
Бұл жұмысты балаларға шығарма жаздырту арқылы жазбаша орындатуға болады, дегенмен ауызша түрі де тиімді.
Бұл тапсырманы орындағанда ең қызықты, ең ерекше жауап берген балаларды мақтап қоюды ұмытпаңыз. Баланың қолданған  жаңа, өзіне тән емес бейнеге енгенін көрсететін сөз иірімдерін, әңгіме құрылысын белгілеп алыңыз.
«Берілген әңгіменің соңын пайдаланып әңгіме құрастырыңыз».
Бұл тапсырмада  балаларға әңгіменің соңы оқылады және ойлануға уақыт беріледі, содан соң басында не болғанын айту және неліктен осылай аяқталғандығын түсіндіру талап етіледі. Ең алдымен мазмұндаудың қисындылығы мен ерекшелігін бағалаймыз.
«… Сөйтіп, біздің саяжайға баруға мүмкіндігіміз болмады ».
«.   Көрші торда отырған маймыл бұған тіпті де назар аударған жоқ.».
 «Затты қалайша қолдануға болады» тапсырмасы».
 Балалардың заттарға басқа көзбен қарау және мәселелерді басқа жолдармен шешу қабілеттерінің дамуын тереңдету және тексеру үшін  американ жантанушысы Дж.П. Гил­форд ұсынған тапсырмаларды қолдануға болады.  Мысалы, бір таныс зат ұсынылады. Ол кірпіш, үнқағаз, бол, қарындаш, қағаз қорап т.б болуы мүмкін. Тапсырма – осы заттарды дәстүрлі емес жолмен өмірде пайдалануға мысалдар келтіру.
Ең ерекше жауаптар атап өтіледі. Бұл тапсырмада баланы қатты сынауға да болмайды, алайда ол заттың өмірде мысалдағыдай пайдаланылатынын ескерген жөн.
№ 2 -сабақ.
БАҚЫЛАУ – МӘСЕЛЕНІ АЙҚЫНДАУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
Мәселені оқиғаны қарапайым бақылау немесе талқылау арқылы да  көруге болады. Ондай мәселелер қарапайым және күрделі болулары да мүмкін.. Мысалы: «Күн неге жарқырайды?», «Мысықтың балалары неге ойынқұмар?», «Неліктен тотықұс сөйлей алады?», «Неліктен үзіліс уақытында оқушылар шулайды?» т.б. 
«Тақырып біреу – оқиға көп» тапсырмасы.
 Бейнелеу өнері баланың бойында зерттеушілік қабілеттің қалыптасуына өте қатты әсер етеді.  Баланың сурет салуы оның зияткерлік- шығармашыл қабілетінің дамуына мол мүмкіндік береді. салуы.  Педа­гогтар  В.Н. Волков және  B.C. Кузин бір зат пен құбылысқа жан – жақты қарау қабілетін жетілдіретін қызықты тапсырма ойлап шығарды.
Балаларға бір тақырып бойынша бірнеше оқиғалы суреттер салу ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбы беріледі, оны ашу үшін жапырақтары сарғайған ағаштарды, ұшып бара жатқан құстар тобын, астық жинап жатқан машиналарды, мектепке бара жатқан оқушыларды т.б бейнелеуге болады.
«Басқа түспен көру» тапсырмасы.
Бір заттың жарықтың әр түрлі жағдайда түсуінен әр түрлі көрінетіні және қабылданатыны белгілі. Күндізгі жарықта әдемі, нәзікк көрінген райхан гүлдер, түнде қорқынышты көрінуі мүмкін. Затқа жарықтың түсуін ойша өзгерту арқылы оны «басқа түспен» көруге мүмкіндік беріледі.  Мысалы, кей жәндіктер инфрақызыл нұрды ғана көреді, кейбір жануарлар бейнені көзбен емес, ультрадыбыстық локаторлармен қабылдайды. Топқа жаңағы жануарлар мен жәндіктердің көзімен өмірді ауызша – жазбаша суреттеу беріледі. 
№ 3- сабақ.
БОЛЖАМ ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Болжам жасай алу үшін арнайы жаттығу қажет. Қарапайым мысал келтірейік:
Құстар оңтүстікке баратын жолды қалай табады? Неліктен көктемде ағаштарда бүршіктер пайда болады? Су неге ағады? Жел неліктен соғады? Неліктен темірден жасалған ұшақтар ұшады? Неліктен күн мен түн алмасады? т.б.
Болжамдар, ұсыныстар, қисық ойлар нақты және ойша тәжірибелер жасауға мүмкіндік береді. Болжамдар жасай білу үшін ойлана отырып сұрақ қоюды үйрену керек. Қай жағдайда оны қолдануға болады?
           Қисық ойлар тудыру және болжам жасау қабілетін жаттықтыру үшін бірнеше жаттығулар жасап көрейік. Болжам жасағанда біз мына сөздерді қолданамыз:
мүмкін,  деп ойлайық, болжап көрейік…
    «Пайдалы заттар» тапсырмасы.
 Қандай жағдайда мына заттар аса қажет болып табылады: 
жазу үстелі                                                                        мұнай көзі
ойыншық кеме                                                                  апельсин,
ұялы телефон,                                                                  үй құрылысының жобасы
шәйнек                                                                                реактивті ұшақ
бір құшақ сарғалдақ гүлі                                               аңшы ит
Керісінше бұл заттардың мүлде қажет болмауы немесе зияндылығы жайында  мысал келтіру де болжам жасай білу дағдыларының дамуына тиімді әсер береді.
Тағы бірнеше жаттығуларды мысалға келтіруге болады.
Берілген сұрақтар бойынша  түрлі болжамдар келтіруді ұсын.
         «Оқиғаның болу себебін табыңдар» тапсырмасы да болжам жасауға үйретеді.  Оқиғалар:   қоңырау соғылды
өрт тікұшағы күні бойы орман үстін айналып ұшып жүр
жол бойында полицей машинасы жалғыз тұр
аю қыста ұйқыға жатпай, ормады кезіп жүр.
достар ұрысысып қалды.
«Егер сыйқыршы жер бетіндегі әр адамның үш тілегін орындаса не болар еді?» деген сұраққа жауап беру тапсырмасы да  қызықты
№4- сабақ
СҰРАҚ ҚОЯ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Сұрақ қою дағдыларын дамыту үшін түрлі жаттығулар қолдануға болады. Мысалы, атақты американ Э.П. Торренс өз оқушыларына адамдар мен жануарлардың суретін берген және оларға сұрақ қоюды ұсынған немесе суреттегі адам немесе жануар қандай сұрақ қоюы мүмкін екендігіне мысал келтіруді ұсынған. 
«Не жайлы сұрағанын тауып көр» тапсырмасы».
Тақтаға шыққан оқушыға сұрақтар жазылған бірнеше кеспе қағаздар беріледі. Ол сұрақты іштей оқиды да ,  дауыстап жауап береді.  дауыстап оқымай . Мысалы «Сіз спортты жақсы көресіз бе?» деген сұраққа бала «Иә, мен спортты жақсы көремін»   деп жауап береді, басқалары  қандай сұрақ қойылғанын табулары керек.
Сұрақ түрлері:
Түлкінің түсі қандай болады?
Үкілер неліктен түнде аң аулайды?
Алдын ала балалармен сұрақты жауапта қайталап айтпау керектігі жайында келісіп алу  керек.
«Сұрақтардың көмегімен себебін табыңыздар» тапсырмасы.
 Жантанушы балаларға  жағдаят ұсынады:
Қыз бала сабақ аяқталмай – ақ сыныптан шығып кетті. Қалай ойлайсыңдар, не болды?
Балалар  аулада қардан екі аққала жасады. Біріншісі келесі күні еріп кетті, ал екіншісі қыстың аяғына дейін  аулада тұрды. Қалай ойлайсыңдар , неліктен олай  болды?
     Алдағы уақытта  оқушыларымыздың  шағын зерттеулері  өз нәтижесін береді және  оқушылардың  ғылыми  конференцияларында  көрініс табады деп үміттенеміз. Оқушыларымның жеңістері де аз емес.
Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.
               Қорыта айтқанда, дарынды оқушылармен жеке жұмыс өте көп талаптануды, ізденуді, шығармашылықты, еңбектенуді қажет етеді. Балаларды дамытуда жеке траекториясы  мен мотивациясын қалыптастыруда оң нәтижеге  осы жұмыстарды орындау арқылы жете аламыз.  Біздің қаламызда осы бағытта  жүйелі жұмыс   жасайтын менен басқа  мұғалімдер де аз емес.