Дарынды жас, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы

Ордабаева Зайрагуль Киябаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
.
.
    Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне деген сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.
  Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмытлуыға өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.  Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Шығармашылық бағыттағы іс — әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.
    Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде  жаңа материалдық рухани тұрғыдан алатын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік өжеттілігі мен  өзіндік ерекшелігімен бағаланады. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс — әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі. Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашыл ұстаз.
   Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.
   Қорқыт атамыздың айтуынша адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектілік танытқаны. Бұл болмыста өмір сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға атсалысуы. Бұл                                        іс- әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі.
  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
 Осы өзекті мәселе аясында мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белесенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
   Дарынды жас, талапты  жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақ мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.                                                                                                                            
     Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс –тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру.
Сабақ барысында оқушыға мынадай талаптарды қоя отырып жұмыс жасау:
  • Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
  • Ақыл парасатын игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
  • Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (компьютер,ғаламтор, электронды пошта);
  • Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгерту;
     Іс – тәжірибе  сабақ беру үрдісінде шығармашыл балаларды мынадай жұмыстар барысында анықтау. Шығармашыл оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек.
  Шығармашылық  әрекеттің еркіндігі.
  1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
  2. Білім кеңістігінің әр бағыттарда – мазмұндылық, шығармашылық, жан – жақтылық болуы.
  3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
   Дарынды оқушылармен  бірге сабақта ақпаратты технология құралдарын пайдаланып, электронды оқулықтармен, ғаламтор желісімен жұмыстар жасау. Дарынды оқушылармен  үнемі бірлесе жұмыс жасау, баланы шығармашылық ізденіске жетелейді. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап, анализ жасауына ықпал жасау. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, олимпиадаларға, сайыстарға, интелектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубына, ғылыми практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау), оқушылардың  облыстық, қалалық республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысуға іріктеп алу.      Жаңа ғасырға  қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін — өзі тануына көмектеседі.
Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін — өзі шынайы болмысын бастайтын жол іздеу керек. Ендеше  баланы заман талабына сай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.
     Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіру сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуынада, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай,    жан – жақты ізденіп, ой-өрісін дамытады. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білу қажет.
  Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекетте  мұғалім  жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, «өткен тәжірибеге қайта қарап», «оның құрылысын жаңартады», сол арқылы өзін-өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субьектілік жағдайына келеді.
   Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. 
Адам өзін — өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
   Қорыта келе айтарым, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде  жаңа материалдық және  идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсаты әркет» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтікғ кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді. Адамның тектілігі де, намысының негізгі кейпі де осында жатыр. Тектілікке, атаққа іліну немесе байлық пен мансап құру жатпайды, керісінше, дүниенің сырын, оның терең мәнін жүрегіңмен түсініп, ақылыңмен екшеп, айналаңа жылуыңды шаша жарқын өмір сүруді жатқызуға болады.
     Ұстаздар қауымы, осы қиын да қызықты, қасиетті ұрпақ тәрбиесі ісінде барлықтарыңызға жемісті табыс тілеймін. Биік–биік шыңдарға шығып, шығармашылықтың шегіне жетіп шарықтай беріңіздер!