Желтоқсан құрбандарын еске алу

Шарипбаева Динара Кизятовна
Тарих пәні мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты: 1986 жылы болған жастардың шеруі туралы түсінік беру, шерудің болу себептері жайлы мағлұмат беру, ерліктерін өнеге ету.
Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу. От жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: желтоқсан құрбандарының суреттері, кітаптар көрмесі, бүктеме, слайдтар, видеоклип «Желтқсан желі».
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
  • Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда жастар Брежнев атындағы алаңға неге, не үшін жиналды?
  • Өз тәуелсіздігін алу үшін!
  • Желтоқсан оқиғасының құрбандары кімдер? Олар қандай жазаға тартылды?
  • Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков өлім жазасы т.б.
  • Желтоқсан оқиғасын қандай операция деп атады?
  • «Құйын-1986» операциясы
  • Желтоқсан оқиғасының сипаты мен таризхи маңызы қандай?
  • Желтоқсан құрбандарының өмірі жайлы не білесіңдер?
Желтоқсан оқиғасының себебі
         КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Пленум бар жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзімде аса маңызды мәселелердің бірі республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына Орталықтың шешімі бойынша Г.Колбинді сайлау ұсынылды.
Көрініс: «Қайраттың ақтық сөзі».
Алуа:
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп.
Күллі әлем Алматыға қарай қалды
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жай қаратты.
         Қайрат Рысқұлбеков рөліндегі орындаушы: Қабдулмажит Еділ
«Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным».
         Тергеуші: Мұхамедрахым Наурызбай
  • Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба?
  • Тергеуші Қайраттың қолындағы хатты жұлып алады:
  • Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт!
  • Савицкийді өлтірдің бе?
  • Жоқ өлтіргенім жоқ.
  • Мойында жаза жеңілдейді
  • Жоқ. Мен өлтіргем жоқ! Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ!
Тергеуші Қайратты ұрып, соғып тастайды. Сот Қайрат Рысқұлбековтың жатқан камерасына келеді.
         Сот: Іңкәр
         Қайрат Рысқұлбеков «қылмысты» деп табылып, Қазақ КСРО қылмыстық кодексінің 173 бабының 1-тармағы бойынша, жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына, атуға кесілсін!
Қайраттың ақтық сөзі:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Қайратты алып кетеді.
1-оқушы: Н.Нұргүл
 Қ.Рысқұлбековтың шығармашылығынан
«Кездесеміз әлі де»
Жалалы боп қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Біріншіден, мен анады сағындым!..
Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді міне, абақтыға жабылдым.
«Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман-саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
2-оқушы: Мәдина
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдық,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның.
3-оқушы: Іңкәр
Темір қолдар қатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
4-оқушы: Жансая
Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жаққан алауы!
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
5-оқушы:Мергүл
Желтоқсанда мұздап едім,
Мені ешкім жылытпайды,
Мен де жібір емеспін.
Ар жағынан ажал деген белестің,
Булықты үні сол бір ару-елестің.
6-оқушы: Сағынай
Қаңтарда да, ақпанда да,
Желтоқсанның желі үскіріп жатқанда,
Жан тайғанап, жанарда айдын қатқанда,
Торғай жанын түсірдім деп қақпанға,
Топас ғұмыр тірліңе шаттанба…
7-оқушы: Алуа
Желтоқсанның жан түршігер күндері,
Жалдап әскер аяушылық білмеді.
Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,
Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.
8-оқушы: Асылбек
Қыстың қалай қынқызыл таңғы нұры?
Бұл жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.
Күйдіргендей кеудені күйдіреді,
Жүректегі Желтоқсан жаңғырығы.
9-оқушы: Наурызбай
Ал қоғамның адамнан барма асылы?
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Бұғаудағы боздақтар кете барды,
Бірі атылып, біреуі дарға асылды.
10-оқушы: Еділ
Мұзбалақтар жұмыртқа шайқап алып,
Өмір жырын айтады анық.
Ауылына дәуірдің қарсы ұшырап,
Кейде тарих жатады қайталанып.
«Бейнеслайд» Желтоқсан желі
Ал енд үйге берілген тапсырма Желтоқсан оқиғасы туралы сарапшы, дәрігер, саясаттанушы, тілші, әдебиеттанушыларымыз не айтады екен.
Саясаттанушы: Ақниет
1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болған жайлы?
Қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Дәрігер: Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді?
17-18 желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы: 286-адам ,213-ер, 73-әйел, 281- қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түркмен,1-армян, 86- жұмысшы, 79- судент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса…
Емханаға жатқызғандар: 83-адам 73 –ер 11-әйел 82-қазақ, 1- башқұрт, 22- Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12- техникум студенті,2- оқушы, 13-қызметкер, 70- жұмысшы, 1-колхозшы, 1- жұмыссыз.
Жарақат түрлері көбіне: Миы шайқалған, Қолдары немесе бармақтары сынған, Бас сүйегі зақымданған, Ішінен жарақаттанған, Қатты ұрылған, Қабырғалары сынған, Бел омыртқасына зақым келген, Бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, Бет-ауызы жарақаттанаған, Терілері сыдырылған т.б. жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы: М.Алиевтің 1986 жылғы 24 желтоқсанда берілген есебінде көрсетілген фактілер.
Осы жағдайға қарай отырып жастардың бейбіт шерулері қанды қақтығысқа айналғандығын анықтауға болады.
Тілші: Т.Нүргүл Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті. Шет ел азаматтары алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз наразылықтарын, әсіресе 6-ай жүрген тергеуден соң қазақ түрік баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі қатты қобалжытты. Атап айтатын болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия, Батыс Германиядағы түрік елі комитеттері М.С.Горбачевке өлім жазасына кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді. Чехия «Харти -77 Польша-Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы-70 поляк өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына жолдады. 
1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығын айырумен ауыстырылады.
Сарапшы: Мадина Қайраттың құпия өлімі. 1987 жылы Семей қаласының түрмесінде 21 камерада көршісі Власенконың ішк иіміне асылынып өлген. Бұл Кешірім күтіп отырған Қайратқа ұқсамайды. Неге біз бұл жағдайды құпия өлім деп отырмыз. Қайраттың тергеу кезінде жазған хаты мен соңғы қоштасу хатын салыстыратын болсақ: Қайрат әр кезде 2-3 жол сайын туысқандардың жағдайын сұраған. Өзін ақтайтындығына күмәні болмаған өмір сүйгіш Қайрат кенет өзіне- өзі қол салған. Осы жағдайды қарастыра отырып, мынандай келеңсіз жағдайға тоқталуға болады.:
  1. Қолтаңбалары ұқсамайды.
2 Жазу стилі басқаша: хат Семейліктердің диаліктісіне ұқсақ Қайрат болса Оңтүстік Қазақстан жігіті.
3 Власенко Қайрат соңғы хатын целофанға орап Жеп қойған десе, ал соңғы хат таза әрі умаждалмаған болса керек.
  1. Власенко өз іш киімін Қайратқа оның таза іш киімі юболмағандықтан берген десе, Подполковник Кутько т.б қол қойған актіде Қайраттың сөмкесінде бірнеше іш киім бар екендігі жазылған Осы жағдайдың барлығы Қайратты кім өлтірді ? -деген сұрақ тудырады. Осы сияқты кезінде беті ашылмаған желтоқсанға байланысты сұрақтарға жауаптар жаңадан ашылынып жатыр. Оның бәрі қолымыз жеткен тәуелсіздігімізде.
Сарапшы: Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай?
Жалпы желтоқсандықтардың мақсаты — өз алдына демократиялық мемлекет болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Желтоқсан оқиғасы Қазақстандықтардың есінен кетпейтін, ауыр және қайғылы жағдайлары. Дегенмен де «Желтоқсан партиясы» құрылып қазақ азаматтары және депутат М.Шахановтың күшімен көптеген желтоқсаншылар тізімі жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін. Осыған орай мемлекетіміздің тарапынан:
  1. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жазаланғандарды түгелдей ақтады.»
  2. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының жаңару күні.
  3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы Қ.Н.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі — «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы «1986 жылығы желтоқсан оқиғалары кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін Алматы сәулет-құрылыс интитутының бұрынға студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке /марқұм/ жоғары ерекшелік белгісі-«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі- «Алтын жұлдыз» тапсырылсын»
  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жыл 9- желтоқсан.
  1. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматы қаласында – Желтоқсаншыларға арналған ескерткіш ашылды.
Бұл желтоқсан құрбандары мен, Қайратқа көрсетілген құрметтердің тек бастауын беру туралы. Қазіргі таңда желтоқсан құрбандарының атағына ие болған мектеп, аудан, көше аттарын жиі кездестіруге болады. Осы Азаматтардың атаған ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор десем артық болмас.
Әдебиетші: Жансая Сондай — ақ қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты қазақстандық ақын жазушылар өздерінің өлең жолдарын, әңгіме, мақалаларын арнауда. Сол 1986 жылы желтоқсаннан кейін «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндерінің жарық көрсе , қазақ жастары алаңда Шәмшінің әні «Қазақстанымды» орындаған. Қазіргі таңды бұл ән мемлекеттік гинге айналуы да бекерге емес.
Мұғалім: М. Шаханов. Төрт жыл кешіккен шындық 
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең…….
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
М.Шаханов атамыздың «Төрт жыл кешіккен шындық» өлең жолдарымен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске алынады.
Қорытынды: Желтоқсандық  өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады.
         Желтоқсан оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзіне мойындатқан күн. Тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаны — ел тарихында  кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.  Алдағы келе жатқан тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын! Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.