Бұғы

Дүйсенғажы Батима
Жетекшісі: Әнуарбекова И.Ә.
.
.
    Осы ғылыми жобаның тақырыбына байланысты бұғының мүйзінің адам баласына тигізер  қасиеттері туралы қызықты деректер жинақталған. Зерттеу барысында түрлі тәжірибелер жасап, көптеген әдебиеттерді оқыған. Соның нәтижесінде талай қызық деректер келтірілген.  Ол анасының көмегімен бұғының мүйізінің пайдасын тексерген. Сонымен қатар бұғыны солтүстік мұзды мұхиттың тұрғындары көлік ретінде пайдаланатындарына  көз жеткізген.
Ғылыми жобаның мақсаты: Бұғының адам баласына қандай пайдасы бар екенін анақтау.
Жұмыс барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
а) ғылыми:
-Зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі әдебиеттерді оқу, деректерді жинақтау.
б) практикалық
Сауалнамалар жүргізу
І кезең. Тақырыпты тұжырымдау, ғылыми және көпшілік әдебиеттерді зерделеу, теориялық жадығаттарды жинақтау, талдау және жалпылау.
ІІ кезең. Тәжірибелік кезең.
ІІІ кезең. Бақылау нәтижелерін жалпылау, жинақталған мәліметтерді өңдеу, есептеу жұмыстары. Қорытындыларды нақтылау.
ІҮ кезең. Қорытынды кезең. Ғылыми жоба нәтижелері бойынша қорытынды тұжырымдар. Жобаны рәсімдеу.
Зерттеудің жаңалығы:
Бұғының жойылып кетпеуіне ықпал жасау
 Кіріспе
     Бұғылар-жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы.Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр,елік,марал,бұлан).Шығыс Қазақстан облыстарының орманды алқаптарында мекендейді.Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады,бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады.Бұғылар орманда,орманды далада,тундрада,тауда кездеседі.Ұрғашылары мамыр-шілде айларында бұзаулайды.Бұғының барлығы кәсіптік маңызы бар аң.Олардың терісі және етін пайдаланады.Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
        Бұғылар-жануарлардың үлкен тобы.Бұғылардың саусақтарының ортаңғы бөлігіндегі тұяғы қасыққа ұқсас болып келеді.Сол арқылы шөптерді,саңырауқұлақтарды,қар астынан мүктерді де алып жейді.Сұр тышқандарды аулайды.Тұзға айрықша құмар ол теңіз суларын іше береді.
Бәрінен ғажабы-солтүстік бұғысы.Олар қатал табиғат жағдайларына тамаша бейімделген.Мысалы,қыс кезінде қарға батпай жүру деген қиын-ақ,ал солтүстік бұғылары батпай жүре алады.Өйткені олардың жалпақ аша тұяғы қарда,батпақта,сазда еркін қозғалуына мүмкіндік береді.
Солтүстік бұғыларының жүні де ерекше.Қылшық жүндерінің жуан өзекшелері ауаға толы болады.Ал ауа дене жылуын жақсы сақтайды.Сондықтан ондай жүндер күште боран кезінде де бұғыны аяздан қарғай алады.Солтүстік бұғыларының жүні суда сал қызметін атқарады.Олар жақсы жүзеді,өйткені жүндерінің іші кеуек.Басқа бұғылардың барлығының тек қана еркегінде,ал солтүстік бұғылары әрқашан топталып,кейде бірнеше мың бас үлкен табын құрап өріс ауыстырады.Осы кезде олар жол бойы қарлы боранға жиі тап болады.Мұндай жағдайда барлығы тығыз топталып,иіріліп тұрады.Бұл мен ит Солтүстік соңғы кезге дейін басты қатынас көлігі болып келді.Жеңіл шанаға жегілген қос бұғы 100 кг жүк тартып,сағатына 10 км жылдамдықпен жүгіре алады.