Деректеме мен формуляр – үлгілері

Сагиндыкова Асем Алимбатыровна
Оқытушы
.
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың оқу қабілеттерін, білім — білік, таным ерекшеліктерін арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлесу дағдысын, жан — жақты ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа экономикалық сауаттылыққа, әрбір құжатты саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, құжаттардың үлгілері.
Сабақ әдісі: түсіндіру, аукцион өткізу, сұрақ — жауап, талдау, хабарлау, құжат құрастыру.
Сабақтың өту барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, түгендеу;
Ә) Аудиторияның сабаққа дайындығы;
Б) Оқушылардың сабаққа дайындығы;
В) Журналды толтыру.
  1. Оқушылардың білктілігі мен дағдысын тескеру:
Оқытушы: Құрметті қонақтар  мен білімге құштар оқушылар!  Аукцион атты сабағымызға хош келдіңіздер! Оқушылар үш топқа  бөлінеді!  Топқа бөліну түрлі — түсті қағаздар арқылы жүргізіледі.
  1. Болашақ тобы  (сары түсті)
  2. Сұңқар тобы (көк түсті)
  3. Достық тобы (жасыл түсті)
Оқушыларға Аты-жөні жазылған  эмблемма беріледі, әр бір белсенді  оқушыға смайлик тапсырылады!
Сабағымыз  4 турдан тұрады:
І тур —  үй жұмысы  «Іс жүргізу және корреспонденция»  
ІІ тур –  жаңа тақырып «Деректеме»
ІІІ тур – жаңа тақырыпты бекіту «Формуляр — үлгілері»
ІҮ тур – бағалау  «Сыйлықтар аукционы»
І тур  үй жұмысы  «Іс жүргізу және корреспонденция»
Ойын ережесі бойынша, оқушылардың барлығы саудаға қатыса алады. Яғни, өз таңдауы бойынша сұрақ алады, ол үй тапсырмасының сұрақтары. Сұраққа жауап берген оқушы, сол сұрақтың бағасы бойынша бал жинайды. Егер сұраққа жауап бере алмаса, ол сұрақты келесі оқушы алу құқығына ие болады!
  1. сұрақ «5» — Іс жүргізу дегеніміз не? /Кәсіпорынның құжаттарын толтыру, тіркеу, жүйелеу және мұрағатқа жіберу процесс/
  2. сұрақ «5» — Құжат дегеніміз не? /Ақпаратты тасымалдайтын заңдылық күші бар ресми іс — қағазы/
  3. сұрақ «5» — Ұйымдық құжаттардың түрлерін атаңыз? /Жарғы, ереже, штаттық кесте, құрылым және штат саны, лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс кестесі/
  4. сұрақ «4» — Ақпараттық – анықтама құжаттарының түрлері? /Анықтама, актілер, іскерлік хаттар/
  5. сұрақ «4» — Басқару құжаттарын атаңыз? /Бұйрық, өкім, нұсқау, хабарлама, қаулы, хаттама/
  6. сұрақ «4» — Құжат айналым дегеніміз? / Кәсіпорын ішіндегі құжаттардың қозғалысы/
  7. сұрақ «3» — Входящие документы, исходящие документы? /Келіп түскен кіріс құжаттары, шығыс құжаттары/
  8. сұрақ «3» Мұрағат дегеніміз не? / Мекемелердің орындалған құжаттарын сақтайтын бөлім/
  9. сұрақ «3» Бланк дегеніміз? /Баспаханада /типография/ басылып шыққан ресми іс- қағазы/
Топпен жұмыс:
Әр топқа жеке карточка тапсырылады. Карточкада құжаттардың түрлері орыс тілінде жазылған, оқушылар құжат атуын мемлекеттік тілде аударып жазу қажет.
1 ТОП:
УСТАВ- ЖАРҒЫ
ПРИКАЗ – БҰЙРЫҚ
ПРАВИЛА – ЕРЕЖЕ
СПРАВКА – АНЫҚТАМА
ДЕЛОВЫЕ ПИСЬМА – ІСКЕРЛІК ХАТТАР
 2 ТОП:
ДОКУМЕНТ- ҚҰЖАТ
РАСПОРЯЖЕНИЕ – ӨКІМ
ДОЛЖНАСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ – ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
АКТЫ – АКТІЛЕР
ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ – ТҮСІНІКТЕМЕ
3 ТОП:
ШТАТНОЕ РАСПИСАНИЕ – ШТАТТЫҚ КЕСТЕ
РЕШЕНИЕ – ШЕШІМ
УКАЗАНИЕ – НҰСҚАУ
ПРОТОКОЛ – ХАТТАМА
СТРУКТУРА И ШТАТНАЯ ЧИСЛЕННОСТЬ – ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ШТАТ САНЫ
ІІ тур –  жаңа тақырып «Деректеме мен формуляр – үлгілері»
Бұл турда оқытушы  жаңа сабақты түсіндереді. 
Формулярдегеніміз мемлекеттік стандартпен бекітілген деректемелердің орны. Формулярда түрлі деректемелердің тұрақтыларының да, өзгеріп тұратындарының да орналасу аумағы анық көрсетіледі. Тұрақты деректеме баспаханада/типография/ дайындалған бірыңғай формаға немесе фирмалық бланкі деп аталатын іс-қағазына түсіріледі.  Ауыспалы (өзгермелі) деректеме құжатты құру кезінде түсіріледі.
Іс қағаздарын жүргізу үшін мемлекеттік стандартпен бекітілген деректемелер қолданылады:
  1. ҚР елтаңбасының немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі
  2. Ұйымның ресми атауы
Бұл деректеме  кәсіпорынның жарғысы немесе құрылтай шартта тіркелген атауына қатаң сәйкес жазылады. Мысалы: АҚ (Акционерлік Қоғам), ЖШС (Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік)
  1. Ұйым туралы анықтамалық деректер /Мекеменің заңды мекен-жайы, факс, телефон нөмірі, электронды почтаның адресі толық жазылады./
  2. Құжат түрінің атауы /Бұйрық, өкім, хабарлама және т.б. /
  3. Құжат күні /Араб сандарымен жазылады 22.02.2018ж. /
  • Оған қол қойылған күн;
  • Оны бекіту күні;
  • Онда белгіленген оқиғалар күні болып табылады.
  1. Құжаттың тіркеу нөмірі /01.18.185., 18.01.185/
  2. Кіріс құжатының тіркеу нөміріне (индекс) және күніне сілтеме
/Құжаттың бірінші данасы басшы қол қойған жағдайда, қалған даналарын хатшы растайды. «Көшірмелерді куәландыру туралы белгі» құжаттың төменгі жағына қойылады./
  1. Құжат орындаушысы туралы белгі
/Осы деректеме құжаттың соңғы бетінде немесе онда орын болмаса оның соңғы бетінің сол жақ  бұрышына қойылады.
Мысалы: Блинова Елена Николаевна, 251-65-37./
  1. Құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі
/Мысалы:  № 04-11К – Іс. Захаров Н.С. 24.01.2018 ж./
  1. Құжаттың электрондық көшірмесінің сәйкестендірушісі
  2. Құжаттың ұйымға келіп түскендігі туралы белгі
/Бұл деректеме құжаттың бірінші бетінің оң жағындағы төменгі бөлігіне орналасады және құжатты қабылдаған ұйымның қысқарған атауы, келіп түскен күні және нөмірі жазылады.
Мысалы:
«Айст» ЖШС
Күні 12.01.2018.
Келіп түскен №186 /