Жаңа заманауи технологиялардың бірі – диалогтік оқыту

Доланова Г.Л.

Учитель английского языка

Білім саласындағы жаңа дәуір өзімен бірге жаңа ойлар мен заманауи мектеп үлгісін, жаңашыл ұстаз бейнесін ала келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Еркін елдің болашағы – іргелі білім мен озық ғылымда» деп тегін айтқан жоқ. Қазіргі кезде әр сәт сайын жаңа идеялар, жаңа технологиялар пайда болуда. Инновациялық технологиялар білім беру саласына да келді. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде әр түрлі әдістерді қолданудың маңызы зор. Бұл сыни тұрғыдан ойлау, модульдік технология және жобалық оқыту.

Мұғалім нені, қалай оқытатынын біліп қана қоймай, оқу үрдісін шебер ұйымдастыра білуі керек. Соның нәтижесінде балаларда «Нені үйренуім керек?», «Қалай үйренуім керек?» деген сұрақтар туындайды. Оқушы енжар тыңдаушыдан сыни тұрғыдан ойлай білетін дербес тұлғаға айналуы тиіс. 

11 жылдық педагогикалық қызмет нәтижесінде оқушының табысына сүйенгенде ғана тәрбие нәтижелі болатынын түсіндім. Бұл қуаныш сезіміне, көңіл-күйдің жоғарылауына байланысты. Пайдалы істі табысты орындаған балаларда өз күшіне деген сенімділік, нәтижеге жетуге деген құлшыныс пайда болады.

Табыс табысты тудырады. Мектепте нашар оқушы болмауы керек. Мұғалімнің басты мұраты – оқушының ең кішкентай табысының өзін байқап, оны қолдау. Бала оқу-танымдық қызметте белсенді болуды қалайды. Заманауи сабақ оқушылардың шығармашылығы мен танымдық күшін белсендірілгенде, танымдық аясын кеңейтуге бағытталғанда, өзіндік шешім қабылдай білуге итермелегенде ғана қызықты болып, қуаныш әкеледі.

«Блум түймедағы»  әдісін қолдану оқу-тәрбие үрдісінде тұлғалық бағыт беріп, саралап оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жұмыс барысында диалогтік оқытуды қолдану және бұл әдістің тиімділігіне тоқтала өтсек:

  • Балаларды идеяларын жүзеге асыруға үйретеді. Әрбір идея дұрыс болуы керек деген талап қоймау керек;
  • Өз идеяларын «жұрт көзінше» батыл айта білуге үйретеді;
  • Қиялдай білуге үйретеді;
  • Басқалардың сөзін бөлмей, олардың пікірімен санаса білуге үйретеді.

Сабақтың басты мақсаттарының бірі – тіл мәдениеті жоғары, сауатты оқырман тәрбиелеу. Сабақтар дербестікке, шығармашылыққа, тілді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, диалог жүргізе білуге, оқылған нәрсеге тұлғалық қарым-қатынасқа, мәдени мұраны сақтай білуге деген жауапкершіллікке, бірлікті, қоғамды, адами мәдениет пен оның қызметін сезінуге шақырады.

Сабақтарда диалогтік қарым-қатынас жүзеге асырылады.

Мысалы : 1) оқылатын мәтіннің авторы мен оқушылар арсындағы диалог;

2) мұғалім мен оқушы арасындағы диалог;

3) оқырман ретінде оқушылардың өзара диалогі;

4) оқулық авторы мен оқушылардың арасындағы диалог.

Осыған байланысты диалогке негізделген бірлесен қызметті жаңаша ұйымдастыру керек. Мұғалімнің рөлі – оқушылардың білім, білік дағдыларын толық меңгеруін қамтамасыз ететін бағыттаушылық рөл. Диалог – мұғалім жақсы тыңдаушы бола алатын, өз пікірі мен беделін алға тартпай, әңгіме жүргізе алатын, серіктес рөлін орындаушы қарым-қатынас түрлерінің бірі.

            Оқу үрдісін зерделеу бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді, ғалымдар диалогтің сабақта басты орын алатынын дәлелдеді. Диалог сыныпта оқушылардың интелектуалды дамуына, оқудың нәтижелілігіне игі әсер етеді.

           

Диалогтік оқыту арқылы өз ойын еркін білдіретін тұлға – толыққанды, өмір сүруге бейім, өмірлік тәжірибелерді ұстана білетін білім иесі. Сондықтан, сабақтарды диалогтік оқытудың белсенді әдістерін біріншіден, оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру, үшіншіден, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін өздеріне сенімділігін арттыра отырып дамыту, төртіншіден, оқушылардың диалогтік оқыту арқылы сөйлеу тілін дамытады.

Сабақтарда диалогтік оқыту  әдісін қолдану барысында, мынадай мақсат қоюға болады:

— балаларды мәселені өз бетінше шеше алуға үйрету;

— көбірек ойлауға, жиі сөйлеуге, өз ойлары мен тілдерін белсендлендіруге үйрету.

            Бұл технологияның міндеті: оқушыны білімді өзі алуына үйрету. Оқытушы диалог жүргізу арқылы балаларға сабақ тақырыбын өздері ашып, мәселе бойынша өз пікірлерін ұсынуды тапсырады. Сабақ барысында бұл пікірлер тексеріледі.

            Диалог барысында оқушылар оны жүргізудің тәсілдерін әр түрлі деңгейде меңгереді. Бірінші деңгей — өзіндік МЕН-мен диалог, яғни өз ойымен, өзімен қарым-қатынас жасайтын тұлғалық деңгей. Екінші деңгей – түрлі бағыттардағы іс-әректтерді МЕН және басқа арқылы талдайтын тұлғалар арасындағы деңгей. Диалогтің үшінші деңгейі – мультидиалог — бір мезгілді бір нәрсені талқылайды.

            Мұғалім ретінде сабақтағы диалогтің маңыздылығын жақсы білемін. Диалогсіз сабақты елестету мүмкін емес. Сабақтың басынан-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы диалог жүре бастайды. Барлық психолог әлемдегі ең басты құндылық – адами қарым-қатынас, кейде ауру адамды емдеу үшін дәрі ғана емес, жақсы сөз бен қарым-қатынастың маңызы зор деген тұжырымға келді.

           Диалог түрінде оқыту оқушылардың ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаймын. Оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогке қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олар тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.

            Сөз құдіреті, сөз нақтылығы – жақсы сабақтың негізі. Сабақты диалогтік оқыту басынан аяғына дейін орын алатындай етіп құру керек. Диалог мұғалімге мәселелердің шешімін тауып, жеңе білуге де көмектеседі.

            Сабақты толығымен диалогке құру — өте күрделі, себебі балаларға жұмыстың әр түрі қажет, сондай-ақ ақыл-ой қабілеттерінің де әр түрлі деңгейде екенін ескеру керек. Өз ойын естіртіп айта алмайтын, өз сыныптастарынан қысылатын, сөздік қоры аз балалар да бар. Ал, сөйлегенді жақсы көретін, алайда тыңдай білмейтін балалар да бар.

           Диалог барысында әр түрлі әдістер қолдануға болады, мысалы: жұптық жұмыс, «Білгірлер» ойыны, «Өзара сұрақ-жауап», «Жуан және жіңішке сұрақтар». Сабақ басындағы күтпеген сұрақ мәселені тануда, постер қорғауда, рефлексия кезеңінде (ауызша, жазбаша) тақырыпты түсіну деңгейін анықтауға көмектеседі. Сонымен диалог шынайы болу үшін бір мәселеге құрылуы керек. Мәселені қалыптастыруға жұмбақтар, ашық сұрақтар негіз бола алады, бұл оқушыны ойландыруға әсер етеді.  Диалогтік оқытуда сабақтың табысты болуы мұғалімнің оқушылармен сенімді қарым-қатынас орната біліп, жағдай туғыза білуіне байланысты. Сондықтан сабақ толығымен эмоциялық және интелектуалдық деңгейде өтуі тиіс.

            Оқушының ойлау қызметі түрлі әдіс-тәсілдермен белсенділенділіреді. Зерттеу, шығармашылық жұмыстары қолданылады. Мұндай сабақта мұғалімнің сөзі басты құрал болып табылады. Сондай сабақтың нәтижесінде педагог пен оқушыда жақсы орындалған жұмыстан алған әсері риза болу сезімі пайда болады.  

            Диалогтік оқытудың арқасында серіктестік қалыптасады. Сабақтағы енжар оқушылардың саны азая түседі, өйткені әрқайсысы өз ойын айтқысы келеді, сауатты сөйлеуге тырысады. Диалогтік оқыту тек білім беру мәселелерін ғана шешіп қоймайды, бір-біріне қызығушылығын тудырып, сыни тұрғыдан ойлауды және өз-өзіне баға бере білуді дамытады.

            Диалогтік оқыту негізінде өзара сыйластық, сенім, шынайылық, оның басты құралы — өзара байланыс – диалогтік өзара түсінісу, өзара ашу, өзара нақтылау, өзара даму.

            «Диалогтік оқытуды» енгізу керек әрі әр сабақта жақсы нәтижеге жету үшін бақылап отыру керек. Сабақта диалогтік оқыту әдісі арқылы жұмыс істей жүріп, көптеген нәтижеге қол жеткізуге болады, мысалы: балалар өз бетінше жұмыс істейді, топпен нақтылай біледі, өз идеяларын ұсына алады, өз пікірлерін қорғайды. Жаңа әдістеменің тиімділігі оқушылар өз ойларымен бөліседі, білімдерін салыстырады, еркін қарым-қатынас жасай алады.

            Конфуций айтқандай, «Үш жол білімге әкеледі: ойлау жолы – ең құрметті жол, еліктеу жолы – ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – ең ащы жол».