Диалогтік әдіс пен топтық жұмыстың тиімділігі

Хабибуллина Дидар Тулепкалиевна
Жоғары біліктілік санатты арнайы құқықтық пәндер оқытушысы,
заң ғылымдарының магистрі
.
.
Неліктен бұл тақырып таңдалып отыр немесе қазіргі таңда оқу үдерісінде диалогтық әдіс пен топтық жұмысқа аса мән беріліп отыр – деген сұрақтарға жауап беретін болсақ. Ә.Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Диалог – тек алма-кезек сөйлеу емес, ол ойдың жалындауы, ой мен ойдың соғысы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы». Сонымен қатар, диалогсыз білім беру мен білім алу мүмкін емес. Ғылыми зерттеу нәтижелерінде сабақта диалогтық әдіс пен топтық жұмыстың маңыздылығын көрсетті.
Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фиери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фиери, әр адам оқу процесіне сыни тұрғыд қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің  міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпты тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуі болуға тиіс. Ол мұғалімің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көргендікті көбірек талап етеді деп айтқан.
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс жасадым. Топтың білімін деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып топтағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымаққтастықта дамиды деп санаймын.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достттттарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың нәтижесі балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бойынша жауап бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
Қайта бағыттау дегеніміз сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. Мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?». Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
 -оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
-оқушылардың шыңайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
-білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
-оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
-әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ой жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
-білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды;
-бұл пікірлердің шығдыққа жаңасып жатқандығын менің тәжірибемде көзім жетті, себебі, оқушыларымның топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында және өзімнің ашық, жабық сұрақтарыма жауап беру нәтижесінде диалогтік әрекет сабақтын үстінде бірнеше рет іске асырылып отырды. Менің пайымдауымша диалогтік оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, ашығын айтсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтік оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты (нормативтік құқықтық актілерді) пайдалана отырып, жауаптар жазады. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтік оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмаларды орындауда оқушылар оқулықты алып тапсырмаларды шешіп қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтік қарым-қатынас жасады.  Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін қасындағылармен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағылардан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлға аралық байланыс орнымен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойынша белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасады. Барлық сабақтарымда диалогт ік оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелік, иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келетінін білдім. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінді. Жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызды.
Сабақтарында жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, топтастырып, формативті бағалау түрлерін қолданып, ашық сұрақтар қоюға дағдыландырып оқушылардың қызығушылығын ояттым.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылад, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте  алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданады деген пікір бар. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап (дұрыс немесе дұрыс емес деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар айтылғанда,оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға тиіс болады. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.
                                               Әңгіме-дебат
-ой пікірлерде үлкен алшақтық болады және әр қайсысы өз пікірлерінде қалады;
-ресурстарды біріктіруге арналған аздаған талпыныс жасалады;
-қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
-орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестіке бағытталған.
                                                Ресурс
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданады деген пікір бар. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап (дұрыс немесе дұрыс емес деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар айтылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға тиіс болады. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.
                                        Кумулятивтік әңгіме
         -айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
         -әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған              қандай да болсын идеяларды төзімдікпен тыңдауы;
          -идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
                                      Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
         -әркім ақылға қонымды әңгіме ұсынады;
         -әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
         -қатысушылар бір – біріне сұрақ қояды;                                                                            
         -қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді;
          -топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылуы)
            Дәстүрлі сабақтағы диалогтік қарым – қатынас топтық жұмыстағы диалогтік қарым – қатынас «Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Сұрақтарды ұстап алу» әдістерін, оқушылардың бір біріне ашық сұрақтар қоюы арқылы сабақтарында барынша ашық сұрақтар қайталануға тырысамын. Нәтижесінде:
            Зерттеу алдында оқушылар ашық сұрақтарды бір – біріне қою деңгейі төмен, ал сабақтардан кейін әлдеқайда нәттиже болды. Келесі графиктен «А», «В», «С» деңгейдегі оқушылардың зерттеушілік дағдыларын өсуі көрініп тұр. Сонда, егер мұғалім сабақты дұрыс және тиімді тәсілдерімен ұйымдастырса, онда әртүрлі деңгейдегі оқушылардың көптеген дағдылары арта түсетінің мәлім.