Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні

Ибрайханова Сания Балерияновна
Тәрбиеші
.
Дидактикалық ойын балаға білім берудегі  ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс- әрекеті. Дидактикалық ойындар арқылы сезімталдық және ақыл-ой қабілеттерін, байқағыштықты тәрбиелеу, ауызша талдау жасау, өз ойын жүйелі жеткізе білу, әңгімелеу, заттарды салыстыру, заттарды негізгі ұқсас белгілеріне сай жинақтау, жіктеу, пікір және ой қорытындысын жасауға дағдыландыру. Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар ірекет. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу қызметінің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін арттырып, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы және ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндіріліп, балалардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдай білуге баулу керек. Оның үстіне дидактикалық материалдармен көрнекіліктерге жеке көңіл бөліну керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу қызметіне деген ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды пайдалану оң нәтижесін береді. Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалардың ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлықтарын дамытады.
Дидактикалық ойындар 3- топқа бөлінеді:
  1. Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
     2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар  
     3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері ойнатылады. Мысалы: Бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу түсі қандай?
Кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане сен көк кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанды күрделеніп жүргізіледі.
Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын ойлау қабілетін қабылдауын есте сақтауын зейінін дамытуға салыстыруға жіктеуге өзін-өзі бақылауға үйретеді.
Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып баланың оған жауап беруге белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзаұ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу өызметіне дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз.
Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойнату арқылы балалардың
қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту сөздік қорларын молайту,
дүниетанымын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
1. Заттық дидактикалық ойынның түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады. Ойыншықтармен ойнатылатын дидактикалық ойындар кіші топтардан бастап ойнатылады. Мұнда балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы ойнайды. Немесе ойыншық заттарды сиапттауға болады. Мысалы: Доп домалақ. Ол күнге ұқсайды. Доппен біз қызықты ойындар ойнаймыз.т.б
Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға үйретемзіз. Мысалы: «Қуыршақты серуенге шығарайық» д/о ойната отырып киімдерді ретімен киіну және жыл мезгіліне сай киінуге үйретеміз.
Заттық ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі : Ыдыстарды қолдана отырып жеке-және жалпы атауын айта білуге балаларды үйретеміз. Сонымен қатар « Қуыршаққа тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз. Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз, тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т.б.
Заттық жеміс-жидектерді қолдану: Заттық жеміс –жидектерді қолдана отырып балармен бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы: «Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ , онда жемістер мен көкеністерді сипап сезу арқылы оның пішінін анықтау, түсін анықтау және атын атауға үйретуге болады.
Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы : Заттық үй жануарларды қолдана отырап балалардың зейінін ,есте сақтау қабілетін дамытамыз.
Мысалы: «Үй және жабай аңдарды ажырат» д/о ойыны арқылы заттық үй жануарларын қолдануға болады. Мұнда балалар жануарларды ажыратып , өз орындарына қолымен ұстап орналастырады.
2.Үстел-үсті дидактикалық ойындар арқылы : Үстел –үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілетін таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Мысалы: «Қуыршақ Шолпанға киінуге көмектес», Жартыларды құрастыр»  т.б.
3.Сөздік ойындар:
Суреттер арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық ойындар барлық білім беру саласы бойынша ойнатылады. Суреттер арқылы балалар сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып үйренеді. Мыалы: д/о « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген» суреттерін алатын болсақ балалар оған қарай отырып өз ойларын білдіреді.