«Дизайн» мамандығына оқитын студенттерге өтілген тақырыптары бойынша аттестация аралық тест

Татаева Бақтылы Дакеновна

Казақ тілі пәнінің оқытушысы

.

.

Қазіргі  заман талабына сәйкес білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі-  тест тапсырмалары.  Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдануда студенттердің бойында ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық, қызығушылық, біліктілікті арттыру қабілеттері қалыптасады.

     Колледж студенттеріне  арналған әр мамандық бойынша  «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен оқу құралдары әлі де болса тапшы. Сондықтан  «Дизайн»  мамандығына  оқитын  студенттерге өтілген тақырыптары бойынша мынадай аттестация аралық тест әзірленді:  

 

  1. «Бояусыз» сөзіндегі қатаң дауыссыздар санын көрсетіңіз.

А) 1;

В) 2;

С) 3;

Д) 4;

Е) 5.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз: Барлық түстер екі топқа … .

А) болады;

В) барады;

С) бөледі;

Д) бөлінеді;

Е) бояйды.

  1. «Айналысу» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) готовиться;

В) пользоваться;

С) отправиться;

Д) встречаться;

Е) заниматься.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз: Негізгі түстер — … .

А) сары, жасыл, көк;

В) сары, қызыл, көк;

С) сары, қоңыр, көк;

Д) сары, қызыл,қоңыр;

Е) қоңыр, қызыл, көк.

  1. Cөйлемді аударыңыз:

    Сегодня мы хотим подготовить эскизы.

А) Біздің бүгін эскиз дайындағымыз келеді.

В) Біздің бүгін  эскиз дайындағымыз келмеді.

С) Біздің бүгін эскиз дайындағымыз келмейді.

Д) Біздің бүгін эскиз дайындағымыз келген жоқ.

Е) Біздің бүгін эскиз дайындағымыз келер.

  1. Cөйлемді аяқтаңыз: Болашақта атақты дизайнер … .

А) барғым келеді;

В) жасағым келеді;

С) болғым келеді;

Д) білгім келеді;

Е) айтқым келеді.

  1. «Маталардан» сөзіндегі жалғау түрлерін анықтаңыз.

А) тәуелдік жалғау, жекеше түрі;

В) көптік жалғау, жіктік жалғау;

С) тәуелдік жалғау, көпше түрі;

Д) көптік жалғау, септік жалғау;

Е) септік жалғау, жіктік жалғау.  

 

  1. Сөйлемді толықтырыңыз:

    Түс – адамның … қабылданатын физиологиялық сезім.

А) құлағымен;

В) мұрнымен;

С) көзімен;

Д) басымен;

Е) тілімен.

  1. Тиісті септеулікті көрсетіңіз:

     Хроматикалық түстерді қабылдауына … екі түрге бөлуге болады.

А) бойынша;

В) жайында;

С) басқа;

Д) қарай;

Е) жағынан.

  1. Жедел өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.

А) жобалау;

В) жобалады;

С) жобалап жатыр;

Д) жобалайды;

Е) жобаламақ.                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

  1. «Бейнелеу» сөзіндегі ұяң дауыссыздар санын көрсетіңіз.

А) 1;

В) 2;

С) 3;

Д) 4;

Е) 5.

  1. Етістіктің шағын анықтаңыз:

      Студенттер киізден жасалған бұйымдар көрмесіне барған.

А) ауыспалы келер шақ;

В) бұрынғы өткен  шақ;

С) анық өткен шақ;

Д) нақ осы шақ;

Е) жедел өткен шақ.

  1. Тиісті жұрнақты жалғаңыз:

      Әбілқан Қастеев атақты суретші бол… .

А) — пен;

В) — қан;

С) — кен;

Д) — ған;

Е) — ген.

  1. «Қол жұмыстарын» сөз тіркесіндегі септік жалғауының түрін анықтаңыз.

А) ілік септік;

В) барыс септік;

С) табыс септік;

Д) көмектес септік;

Е) шығыс септік. 

  1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:

       Оказывается, в городе открылся новый салон штор.

А) Қалада жаңа перделер салоны ашылды.

В) Қалада жаңа перделер салоны ашылады.

С) Қалада жаңа перделер салоны ашылмақ.

Д) Қалада жаңа перделер салоны ашылыпты.

Е) Қалада жаңа перделер салоны ашылар.

  1. Тиісті жұрнақты көрсетіңіз:

     Колледжде дизайнерлер арасында сайыс өт…ті .

А) — п;

В) — ып;

С) — іп;

Д) — е;

Е) — й.

  1. 17. Тиісті сын есімді көрсетіңіз: Тушь — … бояу.

А) суық;

В) сұйық;

С) сыртқы;

Д) салқын;

Е) сары.

  1. «Изобразительное искусство» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А) сәулет өнері;

В) қол өнері;

С) бейнелеу өнері;

Д) көркемдеп жазу өнері;

Е) зергерлік өнер.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз: Бейнелеу өнерінің жанрлары … .

А)   пейзаж;

В)   портрет;

С)   натюрморт;

Д)   интерьер;

Е)   бәрі дұрыс. 

  1. Тиісті жұрнақты жалғаңыз:

      Эскиз – жоба… сурет.

А) — лік;

В) — лық;

С) — дік;

Д) — дық;

Е) — тік.

  1. «Суық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жаман;

В) жұмсақ;

С) жаңа;

Д) жуан;

Е) жылы.

  1. Тиісті септеулікті қойыңыз:

       Коллаж – әр түрлі маталарды жапсыру … орындалатын көркемдік жұмыс.

А) туралы;

В) басқа;

С) арқылы;

Д) бұрын;

Е) бастап.

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.

А) шолпы;

В) сырға;

С) жүзік;

Д) алқа;

Е) сақина.

  1. «Сәукелені әшекейлеу» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А) примерять саукеле;

В) покупать саукеле;

С) подбирать саукеле;

Д) расшивать саукеле;

Е) украшать саукеле.

  1. «Зергерлік бұйымдардан» сөз тіркесіндегі жалғау түрлерін анықтаңыз.

А) көптік жалғау, септік жалғау;

В) тәуелдік жалғау, септік жалғау;

С) жуан жалғау, септік жалғау;

Д) жіктік жалғау, септік жалғау;

Е) көптік жалғау, тәуелдік жалғау. 

  1. Сөйлемді аударыңыз: Мне нравятся изделия из серебра.

А) Маған күмістен жасалған бұйымдар ұнайды.

В) Маған алтыннан жасалған бұйымдар ұнайды.

С) Маған қалайыдан жасалған бұйымдар ұнайды.

Д) Маған теріден жасалған бұйымдар ұнайды.

Е) Маған ағаштан жасалған бұйымдар ұнайды.

  1. Тиісті есімдікті табыңыз: … бояу мен қылқаламды жиі сатып аламыз.

А) Біз.

В) Олар.

С) Сендер.

Д) Мен.

Е) Сіздер.

  1. «Современные здания» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А) замануи даңғылдар;

В) замануи ғимараттар;

С) замануи ескерткіштер;

Д) замануи тұрғын үйлер;

Е) замануи ағымдар.

  1. «Киімдер, бұйымдар, үлгілер» сөздеріндегі жалғау түрін анықтаңыз.

А) септік жалғау;

В) тәуелдік жалғау;

С) көптік жалғау;

Д) жіктік жалғау;

Е) жуан жалғау.

  1. Тиісті септеулікті қойыңыз:

      Ұлттық киімді тігу … ою-өрнек үлгілерін білу керек.                                                            

А) — дейін;

В) — үшін;

С) — туралы;

Д) — кейін;

Е) — арқылы.

  1. Етістіктің шағын анықтаңыз:

       Дизайнерлер курстық  жұмыстарын қорғап жатыр.

А) ауыспалы келер шақ;

В) мақсатты келер шақ;

С) болжамды келер шақ;

Д) нақ осы шақ;

Е) жедел өткен шақ.

 

  1. Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

А) киім;

В) жоба;

С) интерьер;

Д) ғимарат;

Е) жиһаз.

  1. «Электронное учебное пособие» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А) электрондық оқу құралы;

В) электрондық оқу кітабы;

С) электрондық оқу оқулығы;

Д) электрондық оқу материалы;

Е) электрондық оқу бағдарламасы.

  1. Тиісті сөзді көрсетіңіз:

       Күн сайын Интернет арқылы … жасауға болады. 

А) үзіліс;

В) байланыс;

С) табыс;

Д) кіріс;

Е) шығыс.

  1. Cөйлемді толықтырыңыз: … – ғимараттың ішкі көрінісі.

А) фасад;

В) интерьер;

С) экстерьер;

Д) пленер;

Е) эскиз.

  1. Тиісті септік жалғауын көрсетіңіз: Киіз үй… интерьері.

А) — ның;

В) — нің;

С) — дың;

Д) — дің;

Е) — тің. 

  1. Cөйлемді толықтырыңыз: Зергер — … жасайтын адам.

А) әшекейлі бұйымдар;

В) жұмсақ бұйымдар;

С) қатты бұйымдар;

Д) керекті бұйымдар;

Е) арнайы бұйымдар.

  1. «Ассортимент» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) зат атаулары;

В) зат түрлері;

С) зат бөлшектері;

Д) зат мөлшері;

Е) зат түстері. 

  1. Етістіктің шағын анықтаңыз:

        Айша Ғалымбаева натюрморт жанры бойынша шығармалар жазды.

А) ауыспалы келер шақ;

В) мақсатты келер шақ;

С) болжамды келер шақ;

Д) нақ осы шақ;

Е) жедел өткен шақ.

 

 

  1. Cөйлемді толықтырыңыз: Қарындашты үш … ғана ұстау керек.

А) қолмен;

В) аяқпен;

С) саусақпен;

Д) тіспен;

Е) көзбен.

  1. «Көлеңке» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) тень;

В) тент;

С) течь;

Д) тип;

Е) тон. 

  1. Сөйлемді толықтырыңыз:

      Бейне жарыққа жақын болса, көлеңке … .

А) кішірейеді;

В) үлкейеді;

С) ұзарады;

Д) қысқарады;

Е) жарқырайды.

  1. Тиісті табыс  септігін жалғаңыз:

       Портрет салу үшін адам басының суреті… салып, жаттығу қажет .

А) — ні;

В) — ны;

С) — ды;

Д) — ді;

Е) — н.

  1. Cөйлемді толықтырыңыз:

      Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру … жұмсақ ақ өшіргіш  қолданылады.

А) — дейін;

В) — үшін;

С) — туралы;

Д) — кейін;

Е) — арқылы.

  1. «Жұмсақ» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) қатты;

В) қалың;

С) қатпар;

Д) қатар;

Е) қиын.

  1. Тиісті сөзді көрсетіңіз:

        Коллаж үшін кез келген материалдарды  … болады.

А) қолдануға;

В) қолданудың;

С) қолдану;

Д) қолдануда;

Е) қолданудан.

 

 

  1. Сан есімнің түрін анықтаңыз:

          Жігітке жеті өнер аз,

          Жетпіс өнер көп емес.

А) есептік сан есім;

В) реттік сан есім;

С) болжамдық сан есім;

Д) бөлшектік сан есім;

Е) жинақтық сан есім.

  1. Тиісті сұраулы демеулікті көрсетіңіз:

     Сен «Дизайн» мамандығы бойынша оқып жүрсің … ?

А) — ба;

В) — бе;

С) — ма;

Д) — ме;

Е) — пе.  

  1. Cөйлемді толықтырыңыз:

      Сәндік қолданбалы өнер туындыларына … жатады.

А) жиhаздар, тұрмыстық заттар, есептер;

В) жиhаздар, тұрмыстық заттар, бояулар;

С) жиhаздар, тұрмыстық заттар, балалар;

Д) жиhаздар, тұрмыстық заттар, бөлмелер;

Е) жиhаздар, тұрмыстық заттар, ойыншықтар.

  1. Мақалды толықтырыңыз:

       Бояушы, бояушы дегенге, … бояр.

А) қолын;

В) бетін;

С) сақалын;

Д) мұртын;

Е) көзін.