Достық

Ахмет Айгүл Сүйеубайқызы
Учитель казахского языка и литературы
.
.
         Мақсаты: Оқушылардың бір-біріне деген қарым- қатынасын жақсарту, нығайту. Жас ұрпақты адал, шынайы, әдепті, шыдамды, сабырлы  болуға тәрбиелеу.
           Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Барлығыңызға жақсы көңіл – күй, сәттілік тілеймін! Бүгінгі сабағымызды басқа сабақтардан ерекше етіп өткізуді жөн көрдім.  
Сабағымыздың тақырыбы: «Достық».  
(Топқа бөліну, тапсырмалар  орындату, бағалау, ән айту)
      Ең алдымен топқа бөлінеміз. Сандықшаның ішіне асық жасырып қоямын, асықта нөмір берілген, сол нөмір бойынша топтың аты белгілі болады.
Мыс: 1. «Адал», 2. «Әдеп», 3. «Шынайы».
  • тапсырма Досқа қатысты айтылған сөйлемдердің мағынасын түсіндіру. (Әр топ ақылдасып  дұрыс,  нақты  жауап берулері қажет) 10 ұпай
«Адал» тобына: «Достың назарымен қараған адам қате сөз айтпайды». Вольтер
«Әдеп» тобына: «Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды» Аристотель
«Шынайы» тобына: «Достық — асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек». Джордж Вашингтон
  • тапсырма а) Әр топ достық туралы бір оқиғаны қатыстырып, сурет салады. ә)  Ол сурет топтар арасында ауыстырылады.
б)  Мәтін құрайды.  Мәтіннің ішінде адалдық, шынайылық, әдептілік с.с. адами құнды қасиеттер қатыстырылуы қажет. 20 ұпай
  • тапсырма Барлық топқа арналған сұрақтар. Кім жылдам? 10 ұпай
Досыңның басына қиындық түссе не істейсіңдер?
Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма? Неге?
Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? Неге?
Жаман дос,  жақсы дос  қандай болады?
Достық жасқа байланысты ма? Неге?
  • тапсырма Әр топ бір ребустан жасайды, қалған топтар шешеді. 10 ұпай
  • тапсырма Мақал-мәтелдер жарысы. 3 минут беріледі қай топ көп мақал-мәтел табады. 10 ұпай
Ұпайлар есептеліп жатқанда барлығы «Дос қандай болу керек» деген сұраққа жауап жазады да, тақтаға іледі? Мыс: Адал , жомарт, ашықтық, бүкпесіздік сабырлы, адамгершілігі мол,  кек сақтамауы керек, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді,  ақылды,  салмақты, т.б.
Қазылар алқасы ұпайларын есептейді. Жеңген топқа кітапшалар беріледі. 
Өлең айту «Достарым»