ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ —УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Кобекова Салтанат Рахманбердиевна
Жалпы пән оқытушысы
.
.
Мақсаты:
  • Кәсіптік білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқытушы кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, саралау.
  • Кәсіби біліктілігі жоғары жаңа формация оқушының құзіреттілігін қалыптастыру.
  • Оқушының даралық потенциалын есепке ала отырып, сапаға қол жеткізу.
Міндеттері:
  • Кәсіптік білім беру саласындағы нормативті құжаттарды
  • басшылыққа алу;
  • кәсіби қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнамалар алу;
  • ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психология жетістіктерін тиімді әдістер арқылы меңгерту;
  • оқыту технологияларын,қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды, интернет ресурстарын тиімді пайдалану
  • педагог кадрлардың қол жеткізген жетістіктері мен мүмкіндіктеріне жаңаша көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау;
  • рейтинг жасау;
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Іс жүзінде, дуальды оқыту үлгісі— бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі. Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты дуальді оқыту жүйесін енгізу және дамытудың пилоттық жобасын оқу үдерісі мен телекоммуникация саласының тәжірибесін біріктіретін техникалық және кәсіби білім берудің жаңа моделі ретінде іске асыру үшін Тараптардың күшін біріктіру болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Дуалдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалдық оқыту ж.йесі қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берідің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Маңғыстау энергетикалық колледжі облыс бойынша арнаулы білім беру ордасының бірі болып табылады. Құрылғанына 43 жылға жуықтап келе жатқан білім ошағынан түлеп ұшқан түлектер қоғам өмірінің барлық саласында жемісті еңбек етуде. Колледж бүгінде уақыт талабына сай еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үстінде. Біздің оқуорнымыз облыс бойынша дуалды оқыту жүйесі экспериментін оқу процесіне енгізді. Дуалдық оқыту жүйесін енгізу – халықаралық білім беру стандарттарына сай жас мамандардың жұмысқа тұру
Қорытынды
Дуальды жүйенің еуропалық түріне Германияның ду­альды білім жүйесін жатқызуға болады. Бұл жүйе немістерде бұрыннан бар, қалыптасқан. Балабақша, мектеп, кәсіптік кол­ледждер мен жоғары оқу орындары бір-бірімен тығыз бай­ланыста жұмыс істейді. Мектепте балаға мамандық таңдау жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бала бастауыш сыныпты бітіремін дегенше бейіміне қарап бөле бастайды. Өзінің бейімі бар салаға бет бұрып, мектептегі ашылған штаттардан кәсіби бағдар алады. Жұмыс берушілер де өз­деріне қанша маман керек екенін анықтап, оқу орнына сұраныс жібереді. Зауыттар мен фабрика басшылары оқу орнының білім беру бағдарламасына тікелей араласады. Оқу орнының оқу бағдарламасын жасауға, материалдық тех­никалық базасын нығайтуға, құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етуге ат салысып, баланың оқу үлгеріміне, емти­ханына, ғылыми жобаларына қатысып, бітіруші маманды ба­ғалауға тікелей араласады. Өйткені, бітіруші маман сол кә­сіпорынға барып жұмыс істейді.
 Жалпы алғанда, дуальдық оқыту жүйесі бұл мемлекетте то­лық қалыптасқан. Басты ерекшелігі – оқушы білім алу оқу  орындарын емес, жұмыс  атқаратын мекемелерді таң­дайды. Өзінің оқуын аяқтаған соң, міндетті түрде жұ­мыспен қамтылады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың ду­альды жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кә­сіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кә­сіпорындарда немесе арнайы жабдықталған жеке меншік оқу орталықтарында өтеді.  Оны кәсіпорындар өздерінің сту­денттері үшін жалға алады. Ол  біздің мемлекет үшін де тиімді болар еді. Бұл ұқсастықтардың бастамасы біздің елі­мізде де жолға қойылуда.
Бұл жүйені неміс халқынан түгелдей көшіріп ала ал­маймыз. Өйткені, немістік жүйенің біздің «Білім туралы» За­ңымызға қарама-қайшы келетін тұстары көп. Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – қосалқы оқыту. Дуальды жүйе бойынша оқу стандартының алдында кәсіби стандарт жасалуы керек. Кә­сіби стандарт – жұмыс берушілер тарапынан қойылатын та­лаптар жиынтығы.
 
Пайдаланыған әдебиеттер:
 
Негізгі  әдебиеттер
1. Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. — Алматы, 2009.-240 б.
2. Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед. специальностей. /Хан Н.Н., Калиева С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Калиева Г.И., Берикханова А.Е./ — Алматы, 2010. — 243 с.
3. ҚР «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 27 шілде, 2007 ж.
4. Мамандыққа кіріспе. Рувинский Л.Н. Алматы. 1991ж.
5. Мижериков В.А., Введение в педагогическую деятельность. -М., 2005.
Қосымша әдебиеттер
1. Батурина Г.И., Кузина Т.Ф. Введение в педагогическую профессию. — М., 1999. 
2. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе профобразования. — М., 1990.
3. Иванова Н.Д., Берикханова А.Е. Культура умственного труда — залог успешной компетентностной подготовки будуших специалистов. — Алматы, 2008. — 78 с.
4. Вершловский С.Г. Учитель о себе и о профессии. — Л., 1988.
5. Мудрик А.В. Учитель: Мастерство и вдохновение. — М., 1986.