Дуальды оқыту жүйесінің колледждер мен өндірістік мекемелер және студенттер үшін тиімділігі

Муфтахова Әсел Валерийқызы
Арнайы пән мұғалімі
.
.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу ушін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы-біздің еліміздің болашағына қызмет етеді»,- деп сондықтан да колледж қабырғасында  студенттерге тек белгіленген білім мен іскерлік  дағдыны беріп қана қоймай, сол алған кәсіби білімдерін кунделікті өмірде қолдана білуге үйрете оқытып, тәрбиелеу қажеттілігі туындауда.Техникалық және кәсіптік білім беру жуйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Сол себептен де заманауи техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары жұмысшы мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті. Қазіргі таңда колледждерді және басқада арнайы орта білім беретін мекемелерді бітірген жас мамандарды өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру өте келеңсіз,қиыншылық жағдайларды туғызып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының бекіткен оқу жоспарында өндірістік практикалық  сабақтарға өте аз сағат беріліуне байланысты, оқу бітірген жас түлектердің практика жүзінде тәжірибесі аз болды. Осы себептердің салдарынан колледжді енді ғана бітірген жас мамандардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы өте қиын болып отыр. Осы аталған проблемаларды болдырмау мақсатында оқу жүйесінде жаңа оқыту жүйесі пайда болды. Ол жүйе – дуальдық оқыту жүйесі. «Дуалды» деген термин негізінде «бірлескен» деген мағына береді. Дуальды оқыту жүйесі – мемлекетіміздің болашақ мамандарға деген қызығушылығынан туған жүйе. Дуалды жүйе- жас мамандардың өз мамандығына  деген қызығушылығын арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады. Дуальды оқу жүйесінің дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы- практикалық және кәсіптік  білімнің біріктірілуінде.
       Дуальды оқыту жуйесі мынадай принциптер бойынша жүргізіледі: оқу процесінің 40%- да студенттер теориялық білім алды, оқу процесінің 60% пайызында студенттер өндіріске жіберіледі. Өндірісте студенттер өндірістегі шеберлердің көмегімен практика жүзінде білімдерін жетілдіріп, толықтырады. Дуалды оқыту жуйесінің жас тулектер ушін тиімділігі қандай? Дуальды оқыту жүйесімен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы маман ретінде қабылданады, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады, қызметтік жауапкершілікке жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын уйренеді, кейбір жағдайларда жалақы да ала алады. Дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді,сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс  үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді. Осылардан болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп,жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады.
      Дуальды оқыту жүйесінің өндірістік мекемелер үшін тиімділігі қандай? – деген сұраққа тоқталар болсақ: дуальды оқыту жүйесі өндірістік мекемелер үшін таптырмас мүмкіншілік болып табылады. Себебі, мекемелер өздері үшін мамандандырылған кадрлар дайындайды, жұмысшылар іздеу үшін және жұмысшылар таңдауда уақыт унемдейді және шығынға ұшрамайды. Өндірістегілер жаңа мамандарды уйретуге алғашқы бейімдеушілік жұмыстарына да уақыт үнемдейді. Мамандар өндірісте жұмыс жасағанда кейбір мәселелер туындамас ушін, жұмыс беруші оқу процесінінің барлық уақытын тиімділікпен мұхяттылықпен өткізеді. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасау өндірістік мекемелер үшін өте тиімді, себебі өзіне кажетті кадрларды ерте бастан дайындап, болшаққа білікті маман дайындайды. Дуальды оқыту жүйесінің колледж немесе арнаулы оқу орындары үшін де тиімділігі жоғары екендігін атап өткен жөн. Олар:колледж өндір- істік мекемелермен келісім шарт бойынша іскерлік қарым-қатынас орнатады, колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы болады. Өндірістік процесстердегі өзгерістермен оқу орындары оперативті турде ақпараттандырылып отырылады, мамандарға дегенсұраныстарды біліп, сондай мамандықтар енгізуге бейімделеді. Оқу мекемесінің тартымдық беделі артады,студенттер контингенті жоғарылайды.
        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы халыққа арнаған Жолдауында «Таяудағы 2-3 жылда дуальдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек», дей отыра, білім саласындағы бұл бағыттың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Кәсіби техникалық білім беру мәселесін оңтайлы шешу бізге екі бірдей нәтижеге қатар қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, қарапайым ауыл жастарының  қысқа мерзімде нақты мамандыққа ие болып, еңбекке нық қадам басуына, олардың өмір сапасының артуына жағдай тудырса, екінші жағынан, кун санап өсіп келе жатқан ел экономикасын білікті техникалық мамандармен қамтамасыз етеді.Осы орайда, Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі — облысымызда кәсіптік техникалық білім беруде көш бастап келе жатқан, білімді де білікті ұстаздар қызмет атқаратын, кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол, іргелі оқу орындарының бірі екендігін айтып кеткім келеді. Мұндағы басым бағыттың бірі еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылады. Біздің колледж ауыл мен қала тұрғындарының арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту мақсатында белсенді қызмет атқаруда. Осыған орай республикалық деңгей мен халықаралық аренеда біздің мемлекетіміздің тез өсуі  мен жаңғыруы үшін техникаалық кәсіби білім берудің қажеттілігі туындады. Бұл істі тездету мақсатында Елбасы «Баршаға арналған тегін кәсіптік – техникалық білім беру» жобасын жүзеге асырды. Бұл бағыт бойынша колледж оң нәтижелерге жетуде. Біздің колледжіміз мамандарды даярлауда сапаға ерекше мән береді. Қорытындылай келе, білім берудің қазіргі заманғы негізгі мақсаты білім негізін беріп, білік пен дағдыны қалыптастырып, болашақ мамандық иесі болуға машықтандыру ғана емес, сонымен қатар, жеке тұлғаны дербес, әлеуметтік, кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыру болып табылады. Яғни бүгінгі оқушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан- жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болып шығыуы тиіс.