ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ- ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ДАЙЫН ЖҰМЫСШЫ МАМАН

Наурызбаева Гульфариза Туяховна
Арнаулы пән оқытушысы
.
.
           Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Халыққа Жолдауында білім саласына ерекше басымдық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайла рмен қамтамасыз етуіміз керек…», — деп, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Сондай-ақ, таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт талабы екендігі айтылған. Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Шет елдік тәжірибелерге сүйе      не отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальдық жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда. Мұндай батыл қадамның басты бағыттарының табысты іске асырылуы, ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау – экономикалық дамудың негізгі бағытына айналды.
           Оқытудың дуальдау жүйесі дегеніміз не соған анықықтама берсек: Дуальдау оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру- өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі дамыған мемлекеттерінде мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуальды оқыту жүйесі ӛнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы оқытудың өндіріспен тығыз байланысын орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады.
        Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
       Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қы-зығушылығы, түрлі мотивтері болуы; тӛртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.
        Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
        Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді.
        Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады. 
         Өңірлерде дуальдық жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен, кәсіптік білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандықтар тізімін ұлғайтуға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден қойылуда.
 
 
 
Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:
Колледж ұжымының мақсаты:
  1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;
    2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
    3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
    4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтармен қамту;
    5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялырмен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;
    6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.
Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты:
  1. Оқу орнына қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру;
    2. Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою;
    3. Оқу орнымен бірлестікте оқу-материалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
    4. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін қарастыру, шешу;
    5. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау;
    6. Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;
Оқушының мақсаты:
  1. Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу;
    2. Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу;
    3. Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Еңбек нарығы жағдайларына байланысты кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру бойынша бірігіп дуалды оқытуда мамандар дайындауда – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттерін жасау.
Студенттердің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру.    Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Сонымен бірге оқу орныны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің кәсіптік техникалық колледждердің, білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірбиедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.
Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді
Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады.  Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.
          Осы мақсатты орындауда біздің Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі  қазіргі таңда «1013000- Механикалық өңдеуі, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» мамандығы бойынша «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-і мекемесімен оқытудың дуалды жүйесін енгізу мақсатында меморондумға отырған. Сонымен бірге басқа мекемелер бойынша да қала орталығындағы іргелі мекеме базаларымен келісім шарттар жасалуда.
       Соның бір бағыты «1013062-Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі» мамандығы бойынша ЖШС «АтырауЖарық», ЖШС «ЛоджикСервис»,  ЖШС «ЖігерМұнайСервис», ЖШС «ЗМО Энергия», ЖШС «ҚазМұнай Бұрғылау және т.б. бірнеше мекемелерден өндірістік машықтанудан өтуде.
        Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді және  жұмыстар жасайды.

Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміз  сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне  жауапкешілікпен қарайды

деп сенемін.
Әдебиет
  1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2012. [1;2]
  2. Азгальдов Г. Г., Костин А. В. Интеллектуальная собственность, инновации и квалиметрия // Экономические стратегии, 2008. [2;4]
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы, [3;6]