«ЕҢ ҮЗДІК ЭКОЛОГ» САЙЫСЫ

Тирбосынова Айнур Адылхановна
Арнайы пәндер оқытушысы
.
.
МАҚСАТЫ: Студенттерің дүниетанымын кеңейтіп, сабақтарда алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Сайыс арқылы студенттердің білім деңгейін тексеру.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
  1. Бәйге- қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап береді.
  2. Полиглот- мақал- мәтелдердегі жасырылған сөзді тауып, қазақ- орыс тілінде жауап береді.
  3. Ғажайып төрттік- конверттерде жасырылған сұрақтарға жауап беріледі.
  4. Ситуациялық бөлім- әртүрлі жағдайға байланысты мәселеден шығу жолдары айтылады.
  5. Көрермендер көзайымы- көрермендерге жұмбақ жасырылады.
  6. Қорытынды, жеңімпазды марапаттау.
 
Оқытушы:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ- даңқың.
Ұстаздар аман ба екен, құрбы- құрдас
Достар бар бірге оқып болған сырлас-  құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар, «Ең үздік эколог» сайысына хош келдіңіздер!
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер- қазылар алқасы мүшелері:
  1. Бекбаева В.К.- колледж директоры.
  2. Инкарбаева Г.М.- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
  3. Тлеубаева С.С.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  4. Әбжаппарқызы Р.- әдіскер.
 
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Сәт сапар тілеп бәріңізге
Сайысты біз басталық
Көрсетіп білімдеріңізді
Қалмаңыздар жасқанып.
  1. Бәйге- қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап береді.
  1. «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген ғалым- Э.Геккель.
  2. «Ландшафт дегеніміз не?»- геологиялық қалыптасу тегі, топырағы, жер бедері, даму тарихы бірдей аймақтар.
  3. Аутэкология нені зерттейді?- жеке организмдер арасындағы қарым- қатынасты.
  4. Қышқыл жауындар дегініміз не?- азот пен күкірт қышқылдарының жауынның құрамында мөлшерінің көбеюі.
  5. Геоэкология нені зерттейді?- экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады.
  6. Озон қабатының қалыңдығы- 2-4 мм.
  7. Экологиялық факторлар қанша топқа жіктеледі? – 3 топқа, абиотикалық, биотикалық, антропогендік.
  8. Демэкология нені зерттейді?- бір түрге жататын организмдер тобын табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейді.
  9. Атмосфера құрамы қандай газдардан тұрады?- азот, оттегі, аргон, көмірқышқыл газы.
  10. Синэкология нені зерттейді?- бірлестіктер экологиясы, популяциялар жиынтығын зерттейді.
  11. «Минимум» заңын ашқан ғалым- Ю.Либих.
  12. «Биосфера туралы ілімнің» авторы- В.Вернадский.
  13. Эйдэкология нені зерттейді?- түр мен оның популяцияларын органикалық дүниенің жоғары дамуында қарастырады.
  14. Қоршаған ортаның ластануының қанша түрі бар?- 3- физикалық, химиялық, биологиялық.
  15. Қазақстанда қанша қорық бар, оларды атаңыз.- 10 қорық бар- Алматы, Алакөл, Барсакелмес, Ақсу- Жабағылы, Қаратау, Батыс Алтай, Наурызым, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт.
  16. Нооэкология нені зерттейді?- адам, қоғам, табиға арасындағы барлық байланыстарды зерттейді.
  17. Қазақстандағы алғаш қызыл кітап қай жылы жарық көрді?- 1978 жыл.
  18. Экологиялық мониторинг дегеніміз не?- қоршаған ортадағы табиғи құбылыстарды тұрақты бақылау мен тексеру жүйесі.
  19. Дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы қай жылы құрылды?- 1948 ж
  20. «Табиғат» ұйымының жетекшісі- М.Елеусізов.
 
 
 
  1. Полиглот- мақал- мәтелдердегі жасырылған сөзді тауып, қазақ- орыс тілінде жауап береді.
  1. Жақсы туса, ел ырысы, ….. жауса, жер ырысы- жаңбыр- дождь.
  2. Тау бұлағымен сәнді, …… құрағымен сәнді- көл- озеро.
  3. Түйнектен ағаш өседі, …… қамба толады- түйір дән- зерно.
  4. Білімі жоқ ұл- ……. жоқ гүл- жапырағы- листья
  5. Дана көптен шығады, дәрі …… шығады- шөп- трава.
  6. Бақа көлде болады, бұлдырық….. болады- шөлде- пустыня.
  7. Дуадақ шөлін сүйеді, аққу- қаз ….. сүйеді- көлін- озеро.
  8. Су өткен жерге өсімдік шығады, суайт өткен жерге ….. шығады- өтірік- ложь.
  9. Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің ……. бар- жауабы- ответ.
  10. Судың кепкені- ….. кеткені- тіршіліктің- существование, жизнь
  1. Ғажайып төрттік- конверттерде жасырылған сұрақтарға жауап беріледі.
   20 баллдық 3 конверт 30 баллдық 3 конверт 40 баллдық 3 конверт

1. Шаңның қанша түрі бар?- минералдық, органикалық, космостық

2. Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым- В.В.Докучаев

3. Топырақ эрозиясы дегеніміз не, қандай түрлері бар?- қалыпты, жылдам, жазықтық, сызықтық, жел, су, өндірістік, механикалық

1. Суды тазартудың қанша әдісі бар?- механикалық, физико-химиялық, биологиялық.

2. Қазақстандағы табиғат ескерткіштерін атаңыз- Әнші құм, Шайтан көл, Шарын шатқалы, Шынтүрген шыршалы орманы.

3. Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы қай жылы қабылданды?- 1997 ж, 15 шілде.

1. Табиғат ресурстары дегеніміз?- Қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын табиғаттың құрамдас бөліктері.

2. Қалдықтардың қандай түрлері бар?- тұрмыстық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, газ тәрізді, қатты, сұйық.

3. Пайдалы қазбалар қандай түрлерге бөлінеді?- жанғыш, металдар, су- минералдық, металл емес.

                            
  1. Ситуациялық бөлім- әртүрлі жағдайға байланысты мәселеден шығу жолдары айтылады.
1- жағдай- Сіздің көршіңіз электр тогын заңсыз пайдаланып отырғанын білдіңіз. Сіздің әрекеттеріңіз.
2- жағдай- Сіздің ағаңыздың автокөлігінен көк түтін (көмірқышқыл газы) өте көп мөлшерде бөлінеді. Сіз болашақ маман ретінде бұл газдың адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білесіз. Сіздің әрекетіңіз.
3- жағдай- Сіз саябақта отырғанда бір топ құрбыларыңыз отырған жерлерінде қоқыстарын тастап кетіп бара жатыр. Сіздің әрекетіңіз.
4- жағдай- Сіздің көршіңіз ауласын тазалап болып, қоқыстарын өртейді, ол түтін үйлеріңізге кіріп, тұншықтырып барады. Сіздің әрекетіңіз.
5- жағдай- Біздің колледжде «Табиғат ортақ үйіміз» тақырыбындағы экофестиваль өткелі жатыр. Осыған қатыспайтын топ студенттеріне қандай  шара қолдануға болады?
6- жағдай —  Сіз бір ауылдың әкімі болып сайландыңыз. Ол ауылдағы жеміс бағын бір кәсіпкер сатып алып, ағаштарды кесіп ол жерге өндіріс орнын салмақшы. Сізде- билік, кәсіпкерде- мол ақша. Сіздің әрекеттеріңіз.
7- жағдай- Алматы өзенінің жоғарғы жағынан бір бай кәсіпкер сауна салдырып жатыр. Одан шыққан лас сулар кіші арық бойымен бүкіл қалаға таралады. Сіздің әрекетініз.
8- жағдай- Қазақстандағы туризм саласын дамыту- үкіметтің стратегиялық жоспардың басты салаларының бірі. Сіз қандай шаралар ұсынар едіңіз.
  1. Көрермендер көзайымы- көрермендерге жұмбақ жасырылады.

Ымырт түссе шығамын

Таң атқанда батамын

Көк теңізде шомылып

Көзімді ілмей жатамын

Ай

 

Аяғы жоқ жүреді,

Жоғарыдан төмендеп

Сықылықтап күледі

Сай- саладан елеңдеп

 

                                       Су

Күлген көзі күмістей,

Келе жатыр ноян- ақ

 

                                  

 

                                 Күн 

Бірталай тары шаштым там басына

Тамнан биік жоғары қамбасына

Қиыстырып өлеңнен жұмбақ қылдым

Ойлағандар мәнісін аңдасын да

 

                               Жұлдыз

   

Таң ата үйге толады,

Кеш бата жоқ болады

 

                              

 

                              Сауле

Аспанна көрдім иінді

Алуан сәуле жиылды

Жарығы жерге құйында

Көрген адам сүйінді

 

                                 Кемпірқосақ

   

Қос атымды қараймын

Жал құйрығын тараймын

Жайылады түнде тек

Жоғалады күнде тек

Іздеп- іздеп жалықтым

Жер шетіне барыппын

Қазыққа мықтап байланған

Қарақшыға жолықтым

 

                              Жетіқарақшы

 

Дауыл дәнді ұшырап,

Шарлар жауды аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан.

 

 

 

 

                                     Бұршақ

Белсенді көрермендерге сыйлықтар тапсырылады.
Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық
Әділ қазы алқасы,
Сараласын, бағалап.
Кім жеңеді сайыста,
Анықтайық даралап.
 
 
  1. Қорытынды, жеңімпазды марапаттау.