Екі таңбалы сандарды ауызша қосу тәсілдерін пысықтау

Ережепова Назгуль Иманмадиевна
учитель начальных классов
.
.
Сабақтың мақсаты: Өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау,оларды есеп шығару кезінде қолдана білу дағдыларын арттыра отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушылардың алған білім,білік,дағдыларын қорытындылау,өтілген есептеу тәсілдерін қайталау,өтілген материалды пысықтау.                                              2.Дамытушылық:  Оқушының  зейінін , зерде  үрдістерін, пәнге қызығушылығын  , жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып,жауапкершілік,достық, татулық қасиеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік:   Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста  қолдана  білуге  тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Күнделік,дәптер,

пенал,

бейджик,қалам

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылар орындарынан тұрып , қонақтармен сәлемдеседі.     

Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу.

5 «Т» ұстанымын  еске түсіру.

1.                      Тәртіп

2.                      Талап

3.                      Тыныштық

4.                      Тазалық

5.                      Татулық

  — Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс  сендерге  несімен   қызықты?

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Бүгін біз қысқы ойын  түрлерін  ойнай отырып,  өткенді  қайталаймыз.

Мақсатымыз :

—         дөңгелек   толық ондықтардан  екі  таңбалы  сандарды  азайту;

—         есептерге өрнек  құрастыру;

—         өтілген есептеу тәсілдерін қайталау;

—         ауызша есептеу  тәсілдерін  шыңдау;

Оқушыларды  топқа  бөлемін.

—         Биылғы  жылы  еліміздің  тарихында   орын  алатын  айтулы   күндер көп.  Балалардан сұраймын.

—         Ол қандай  күндер?  Балалар   жауабы.

-Балалар, соның  бірі  біздің  «Бөбек»  орталығына  биыл 20 жыл  толады. Өзін — өзі  тану  гимназиясында  қандай  қасиеттерді  бойларыңа  сіңіріп жатсыңдар?

—  жарайсыңдар  балалар,  өздерің айтқан қасиеттер өте  жақсы  қасиеттер,   қыстың  аппақ қарындай  ниеттерің ақ  екен,  сондықтан

1- топ  — «Ақниет» тобы,  2- топ «Адалдық»,  3-  топ — «Татулық» 

Әр топта 1 топбасшы болады. Қар  түрлері  арқылы  бағалау.

Ұлпа қар —  түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпекқар.

Ұлпа қар —  түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпекқар.

Жапалақ қар —  ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

 

 

 

 

үштілділік

2.                     Үй тапсырмасын тексеру:

—         Балалар,  қазір біз қар  атысу  ойынын  ойнаймыз. Ауызша есептеулер.

74  +6= 80      74+10= 84      90-3 = 87        90-80=10  

63 + 30= 93  100-4= 96     100-80= 20      63+7=70 

Мадақтау.

 

 

Интеграция

Дәптермен жұмыс

Балалар, дәптерімізді  ашып, күн ретін жазайық.

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Көркем етіп жазамыз.

Көркем жазу.

Оқулықпен жұмыс.

№ 1 «Аққала соғу»

Есептеп, дұрыстығын тексеру.

1-топ – 90-3970-52

2-топ –100-84          56+14

3-топ —  8дм 1см +19см     4дм + 26см

-Балалар, аққала  құрастырғанда   сендерге  неге  сүйене  отырып шығардыңдар?

Математикалық  заңдылыққа  сүйене отырып шығардық.

Олай  болса ,балалар  өмірде де  заңдылық бар. Біздің  қазіргі  заңдылығымыз  дұрыс   әрекет. Сендердің  қазіргі  әрекеттерің  дұрыс болғандықтан  өрнекті  жеңіл, оңай  шығардыңдар.

Сергіту сәті

— Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)

№ 2 «Шанамен сырғанау»     (Өмірмен байланыстыру)

Есептерге өрнек  құрастыру.

1-топ – №2 а)

2-топ – №2 ә)

3-топ —  Қорытынды  жасайды.

№3 «Коньки тебу»                   (Өмірмен байланыстыру)

Есепті  әртүрлі  тәсілмен шығар.

1-топ – №3 а)

2-топ – Қорытынды  жасайды.

3-топ —  №3ә)

№4 «Шаңғы  тебу»                   (Өмірмен байланыстыру)

Теңдеу  құрастыру.

1-топ – Қорытынды  жасайды.

2-топ – №4

3-топ —  №4

№6 Логикалық тапсырма.

-Балалар, сиқырлы  құлыпты  ашу үшін  бірнеше  әрекет жасаумыз мүмкін. Ал, сол құлыптың  өзіне  дәл кілтті  табу  үшін  әрекетіміз дұрыс болу  керек.

-Сендердің  әрекеттерің  дұрыс болып, сабақта  қысқы ойын түрлері арқылы  тапсырмаларды  дұрыс    қолдана  білдіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереже

5. Үй тапсырмасы.  «Сноуборд»

121- бет,  №5  Мысалды  тиімді   тәсілмен есепте.

 
Назар аударып, сабаққа  қатысқандарыңызға рахмет»