Экологиялық мониторингтің акпараттық жүйесін құру

Камал Айдана Орынтайқызы
Информатика пәнінің оқытушысы
.
.
Түйін сөздер: Ақпараттық жүйе, мониторинг, атмосфера, мәліметтер қоры,   өндірістік кәсіпорындар, қала микроклиматы,   Тиімділік.
Зерттеу нысаны: қаланың біртекті емес жер қыртысын ескере отырып атмосфера қабатындағы зиянды қоспаның таралуымен және турбулентті ағынымен байланысты проблемалар.
Зерттеу мақсаты: Қала микроклиматының математикалық үлгісін құру. Қала ауасының сапасын тексеруге арналған геоақпараттық жүйе құру.
Зерттеу әдістері: зерттеудің мақсатына жету үшін, математикалық үлгілеу әдістері, есептеу математикасы әдістері, структуралық және объектіге бағытталған бағдарламалау мүмкіндіктері, мәліметтер қорын басқару жүйелері, геоақпараттық технологиялар қолданылды.
Нәтижелер: жобаны орындау барысында атмосфераның жерге жақын қабатының теңдеулері және зиянды заттарды тасымалдау теңдеуі негізінде қала микроклиматының моделі жасалды. Осы модельді сандық шешу үшін айырымдық схема және тиімді есептеу алгоритмі берілді.
 Қаланың рельефі және жер қолданысы туралы, метеорологиялық және экологиялық ақпараттық  базасы жасалды. Қала атмосферасының метеорологиялық және экологиялық жағдайын анықтайтын ақпараттық жүйе жасалды. Алматы қаласындағы автакөліктерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін анықтайтын ақпараттық жүйе құрылды. 
 Қолдану аймағы: Есептеу математикасы, қоршаған ортаны қорғау есептері, гидрометеорология.
Кіріспе
Заманауи уақытта инфақұрылымдық дамуы жылдам және халық саны жылдам артып отыратын ең үлкен  мегаполистердің бірі Алматы қаласы. Әлем қалаларына да орын алып жатқан экологиялық қиындықтар біздеде бар, мәселен, атмосфералық ауа сапасының нашарлауы, Қазақстандағы басқа қалаларға қарағанда Алматы қаласында басым.
Негізінде жағымды климаттық ауа райының өзгеруіне мегаполистегі ауа қабаттарын ластайтын заттардың жинақталуымен сипатталады, яғни улы түтіндердің пайда болуына әкеледі. Жасанды әлсіз вентиляциялық  атмосфера қабаттарының  ластануы, тікелей тұрғындардың денсаулықтарына зиянды кері әсерін тигізеді және жылдам шешімі табылуы тиіс  экологиялық қиын мәслелердің бірі болып отыр.
Табиғат ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау әкімдігінің басқармасымен Алматы қаласында бірінші рет елде оңтүстік аймағы үшін атмосферадағы ауаның ластануын  мақсатты көрсететін «пилотты» жоба құрылып жатыр.
Жобаның құқықтық негізін ҚР экологиялық кодекс нормасына сәйкес қызмет етеді, «Қазақстан Республикасының  2007-2024 ж.ж нақты даму консепциясына өту », Ел басы Н.А.Назарбаевтің жарлғымен бектілген және ҚР Үкімет шешімдерімен «нақты дамуға өтуге мақсатты түрде жету» және « Ережеге сай қоршаған ортаның сапсын мақсатты  көрсету », сонымен қатар «Алматы қаласы үшін атмосферадағы ауа көрсеткіштерін уақытша әдістермен анықтау», ҚР  қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Ағымдағы мегаполистегң ауа бассейінің ластануын сипаттау үшін 1992 жылдан бері ластану өңінің ретроспективті талдауы қоладанылды, компьютерлі модельдеудегі мәліметтер, мемлекеттік статистикалық мәліметердің қорытындысы, бақылаушы органдар, сонымен қатар Алматы қаласында транспорттық магистраль негізінде  атмосфера ауасының ластану деңгейін өлшейтін мамандармен,  «Каз экология аналитикалық лабораториялық орталығымен орындалды.
Нәтижелер: жобаны орындау барысында атмосфераның жерге жақын қабатының теңдеулері және зиянды заттарды тасымалдау теңдеуі негізінде қала микроклиматының моделі жасалды. Осы модельді сандық шешу үшін айырымдық схема және тиімді есептеу алгоритмі берілді. Қаланың рельефі және жер қолданысы туралы, метеорологиялық және экологиялық ақпараттық  базасы жасалды. Қала атмосферасының метеорологиялық және экологиялық жағдайын анықтайтын ақпараттық жүйе жасалды. Алматы қаласындағы автакөліктерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін анықтайтын ақпараттық жүйе құрылды.