Экономика негіздері «Оқу әдістемелік құралы»

Канафина Айжан Нарыновна

.

.

Оқу әдістемелік құралы орта кәсіби білім берудің мемлекеттік білім стандартына сай. Экономика негіздері пәні бойынша қажетті көлемде білім беру жүйесін қамтиды.

Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер жүйесінде экономика негіздері ерекше орын алады. Мұның себебі, адам өмірі экономикамен тығыз байланысты және қазіргі заман талабы әрқайсымыздан экономикалық мәдениетті игеруді талап етеді. Экономиканың заңдары мен қағидаларын білу адамдарға сенімділік әкеледі, күрделі экономикалық процестерді дұрыс бағалауға және шаруашылықтың оңтайлы шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Осы әдістемелік құралда экономикалық қатынастар мен заңдар, қоғамның экономикалық жүйесінің сипаттамасы, тауар-ақша айырбасы, сауда-саттық және олардың қоғамның өзгерістеріне сай қалыптасу бағыттары кеңінен қарастырылған.Әрине, нақтылы қоғамдық өмірдегі өзгерістерге байланысты әлеуметтік мәселелер, меншік түрлері, жұмыссыздық мәселелері жеке-жеке зерттеледі.

Сонымен, оқу құралының әдістемелік және теориялық тұрғыда жинақталған материалдары оқырмандардың экономика саласына деген көзқарасын,білімін тереңдетеді.

Оқу әдістемелік құралы орта кәсіптік оқу орындарының экономика мамандықтары бойынша дәріс алатын қазақ бөлімдерінің студенттеріне арналған.

Экономика түсінігі

Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.

Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды  Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.

«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі  нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.

А. Макретьен хандармен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әртүрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады.

Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әртүрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген.

Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.

Экономикалық ғылым — білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғаммен индивидумның қажетін қанағаттандыру.

Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу  экономикалық теориямен ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.

Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдерімен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әруақытта динамикалы.

Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:

Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.

 

Өндіріс түсінігі. Натуралды және тауарлы өндіріс

Өндіріс — адам қогамының өмір сүру негізі. Экономика екі іргелі әкономикалық аксиомага негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мүңтаждықтар — бүл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануга деген ынталылығы. Мүқтаждықтарды қанараттандыратын қүралдар игіліктер болып табы-лады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі — шектеулі (мүнай, кемір, т. с. с.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

Өндірістіқ түпкі мақсаты — тұтыну болып табылады, ЯҒНИ ол — әр түрлі мүқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі. Дамуы бойынша мүқтаждықтар сан жарынан да, сапа жағынан да түрленеді. Олардың осы ерекшелігі өндіріс даму-ының ынталандырушы құралы болып табылады, мүның өзі жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын негіздейді.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, ЯҒНИ қорамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: Табиғи,Материалдық,еңбек, Қаржылық.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Тапсырма

Дұрыс — Қате

  1. Тауар — бұл айырбасқа арналған еңбек өнімі.
  2. Тауардың үш қасиеті бар: тұтыну құны, айырбас құны және абстракты құны.
  3. Айырбас құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетілігін қанағаттандыру қасиеті.
  4. Тұтыну құны — тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеті.
  5. Натуралды шаруашылық: еңбек бөлінісі дамымаған, қолмен жасалатын еңбек басым болады.
  6. Тауарлы шаруашылық: еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы, мамандырылған еңбек, экономикалық қатынастар ашық және жанама байланыста болады.
  7. Нарық – бұл экономикалық проблемалардың тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауар өндіру мен тауарға айырбастауда туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формалары.
  8. Ақша – бұл жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар