«Экономикалық пәндер сабағында студенттердің оқу мотивациясын қалыптастыру» тақырыбында баяндама

Алшымбаева Айнур Оразметовна
Арнайы пән оқытушысы
.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі талап ететін білімді, жылдан жылға көлеміартып келе жатырған ақпаратты меңгеруде студенттердің осы білімді игеруге деген қызығушылығының, оқуға мотивациясының алатын орны ерекше. Қазіргі қоғамжағдайында студенттердің оқуға мотивациясын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді,құралдарды, білім беру технологияларын және оны қалыптастырудың психологиялық,педагогикалық шарттарын іздестіруді талап етеді.
Қазіргі таңда мотивация психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсіндіріледі. Көп жағдайда адамның бір нәрсеге не іс-әрекетке ұмтылыс деңгейі ретінде сиптталады.
Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін  фак-  тор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Осыған байланысты іс-әрекет түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, тәрбиеге, эмоциялық күйіне байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы мүмкін.
            «Мотивация — бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі».
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған оқытушы мен студенттің пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті көрсетеді.
Фактордың жоғары қабілетінің жеткіліксіздігін компенсациялауда жоғары белсенді мотивация үлкен рөл атқарады; бірақ кері байланыста осы фактор іске аспаса – ешқандай қабілеттіліктің деңгейі оқу мотиві мен оның төменгі көрсеткішін компенсациялауда, оқу үрдісінде нәтиже бермейді.
Студенттердің экономикалық пәндер сабағында оңды белсенді мотивациясын қалыптастыру үшін, міндетті түрде олардың  оқу мотив қозғалысын бақылау керек. Ол үшін міндетті түрде оқу процесінде студенттердің өз ойын, доминантты мотивін қалыптастыру керек.  Сондықтан  да,  мотивация  туралы мәселе студенттің оқу-танымдық жұмысының сапасының мәселесі.
Студенттердің оқуға деген негізгі мотивтерінің бірі болып болады: табысқа жету және танымдық мотив.
Олардың  оқутанымдық әрекетінің, оның ішінде ойлау ісәрекетінің негізін құрап қарастырады. Бұл ісәрекет проблемалық ситуация кезінде пайда болады да, студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне себеп болады. Ал, табысқа жету мотивтері студенттердің оқыту процесінде танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады.
«Оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру — бұл оқуға деген ішкі ұмтылыстың пайда болуына және студенттердің оның мәнін саналы сезініп өздерінің мотивациялық сферасын өз бетімен әрі қарай дамытуға жағдай жасау».
студенттің тек өне бойы бір жұмыспен айналысуы олардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді.
Оқуға мотивацияны арттыруда студенттердің алатын білімінің жан-жақты, толық болуының мәні жоғары екендігі белгілі. Пәнаралық танымдық іс-әрекет біліктіліктеріне үйрету керек.
Оқу қызықты және түсінікті, тартымды өтуі үшін міндетті түрде пәнаралық байланыс орнату керектігін.
Зерттеушілер студенттердің оқу әрекетіне және оқу мазмұнына қызығушылықты туғызу үшін қажетті шарттарды бөліп көрсетті.
1. Инициативашылдық пен ақыл-ойдағы өз бетімен жұмысты көрсету мүмкіндігі. Неғұрлым оқыту әдістері белсенді болса, соғұрлым оқушыларды қызықтыру жеңіл. Оқуға тұрақты қызығушылықты тәрбиелеудің негізгі құралы – студенттерден белсенді ізденушілік әрекетті талап ететін тапсырмалар мен сұрақтарды пайдалану.
2. Оқу материалының қиындығы. Студенттер оқу тапсырмаларындағы қиыншылықтармен кездескен кезде, жаңа білімді меңгерудің немесе ескілерді жаңа жағдайда қолданудың қажеттілігіне көздері жетеді. Бірақ қиындық оны жеңе алатындай мүмкіндік болған жағдайда ғана қызығушылықты арттырады. Олай болмаған жағдайда қызығушылық төмендейді және фрустрация мен ішкі дискомфортқа алып келеді.
3. Оқу материалының жаңалығы. Жаңаны тану меңгерілген білімдерге негізделуі керек.
4. Оқытушының оқу материалын эмоционалды жеткізуі.
Оқу мотивациясының маңызды сипаттарының бірі — адамға ықпал ететін көптеген факторларына қажетті психикалық белсенділікті ұстап тұруға қабілеттілік ретінде анықталатын оның тұрақтылығы. Оқу мотивациясындағы тұрақтылық – бұл қалыпты және экстремалды жағдайларда іс-әрекеттің жемістілігін, салыстырмалы ұзақтылығын қамтамасыз ететін динамикалық сипаттама.
Оқуға мотивацияны зерттеу мен қалыптастырудың маңызды жағы оқытушы мен студент арасында гуманды қарым-қатынас орнату. Мұнда мүмкіндігінше төмендегідей талаптарды ұстанған жөн:
1. Байқалған ауытқуларды түзету мақсатында олардың психикалық даму барысын бақылау, қадағалау.
2. Нақты баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, оны басқалармен емес, оның бұрынғы нәтижелерімен салыстыру керек.
3. Оқытушы оқу мотивациясын зерттеуді және қалыптастыруды оптимистік тұрғыдан жүргізу керек.
4. Сырттай бірдей көріністен (мыс., оқуға оң мотивациясының болмауы), әрбір баладан қайталанбайтын (мақсат қою біліктілігінің қалыптаспауы т.б.) түрлі себептерді көре білу. Мысалы, сырттай оқуға мотивациясының төменгі деңгейді көрсетуі өзіне қоятын талаптың жоғарылығынан, сыншылдығынан болуы мүмкін.
5. Мотивацияны зерттеу мен қалыптастыруды тек тәрбиесі қиын және үлгерімі нашар балаға ғана емес, сырттай жақсы оқитын балаға да жүргізген дұрыс. әрбір баланың мотивациясын зерттеуде әрбір оқушының танымдық сферасының (оқу біліктілігі және оқығандығы, оқуға мүмкіндігі), еріктік және эмоциялық сферасының (оқудағы мақсаты, оқу үрдісіндегі сезімдері) ерекшеліктерін анықтау керек. Әрбір бала үшін мотивацияны қалыптастырудың негізделген жоспары болуы дұрыс.
6. Мотивацияның болмауының сбептері кез-келген адамға емес, бұл мағлұмат керек адамдар – мұғалім, ата-анасына ғана айтылуы тиіс. Өйткені ол баланың негативті сезімдерін туғызады.
7. Оқуға мотивацияны зерттеуде мұғалім педагогикалық және жас ерекшелік психологиясынан, оның әдістерінен хабары болуы тиіс, сонымен бірге басқа адамның мүмкіндігіне оптимистік сенімі болуы қажет.
8. Мотивацияны қалыптастыру – бұл баланың белсенділігін арттыратындай, оның оң мотивтері мен мақсаттары бұрынғы тәжірибе, жеке ерекшелігін, оқушының ішкі ұмтылыстары негізінде дамитындай жағдай жасау .