Экономикалық саясаттың қазіргі таңдағы даму сатысы

Сейткалиева Асель Кенжетаевна
Экономикалық пәндер оқытушысы
.
.

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда кез келген кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістік қызметті айналыс сферасында белсенді әрекеттермен үйлестіру дәрежесіне байланысты. Қаржылық аспектіде бұл кәсіпорынның қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану керектігін сипаттайды:

а) материалды ресурстармен жабдықтаушылармен керекті төлемдермен есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;

ә) кәсіпорын қаражаттарын жабдықтаушылар алдындағы қарыздар бойынша тапсырыс берушілермен есепте жұмылдыру;

б) материалды ресурстарды сатып алу үшін қарыз қаражаттарын тартудың жағдайы мен экономикалық мақсаттылығын бағалау.

Қаржы дағдарысқа әлемді әбігерге салып қойды. Бүгінде бүкіл әлемді шарпыған қарсы дағдарысы қайсыбір аймақты болмасын, алданып-ақ отыр. Әрине дағдарысқа қарсы тосқауыл қоюға талап қылмаса, кез келген аймақтың ахуалы күрт төмендеп кете барады. Әлем елдерінің тәжірибесіне үңілсек, қаржы дағдарысына байланысты онымен күресу шаралары мыналар:

— экономиканы, оның қауіпті салаларын қолдау мақсатымен арнайы бағдарлама алу;

— дағдарысқа қарсы қор құру, оған қаржы бөлу;

— кәсіпкерлерге салық ауыртпалығын жеңілдету;

— несие құның арзандату;

— қаржы жүйесін реттеуді жетілдіру;

— жұмыссыздықпен күресу, оны болдырмау шараларын жасау. Осы көрсетілген шаралардың бәрі біздің елімізде жасалып жатыр және лар жүйелі десек, қателеспейміз.

Экономикадағы қиындықтар халықтың да тұрмыс деңгейіне теріс әсерін тигізбей қоймайды. Мұны біз әлем елдерінің тәжірибелерінен көріп отырмыз. Әлемдегі шикізатқа сұраныстың азайғандығынан, біздегі тау-кен кәсіпорындарының кейбіреулері жұмыс қарқынын қысқартуға мәжбүр болып және бұл жағдай жұмыссыздықтың өсуіне алып келу қаупін тудырды. Дағдарыс кезеңінде ең басты мәселелердің бірі – жұмыссыздықпен күресу. Онымен барша әлем елдері айналысып жатыр. Жұмыссыздық қаупі біздің елімізде де бар. Өйткені, шығарған өніміне (басқа елдерден) сұраныс азайғаннан кейін кейбір кәсіпорындар өз жұмысын шектеуге немесе тоқтауға мәжбүр болып отыр. Шағын және орта бизнестің ауқымы азайғандықтан, мемлекет көлемінде орташа жалақы деңгейінің біршама төмендеуі байқала бастады. Жұмыссыздықпен жүйелі, тиянақты күресу үшін әр өңірде жан-жақты ойластырылған бағдарлама керек. Президент тапсырмасымен оны жасауға Үкімет пән әкімдіктер кірісті. Қазір Үкімет кәсіпорындар, кәсіподақтармен бірлесіп, жұмыссыз қалғандардың тұрмыс деңгейінің тұрақтылығын сақтау мақсатында келісім-шарттар жасауда.

Осы жағдайлардың барлығын алдын-ала ескеріп, тиісті іс-шаралар қолданылуда.

Дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламада ауыл шаруашылығына бұрынғыдан да көлемді көмек қарастырылып отыр. Алдағы үш жылдың әр жылында 1 млрд. доллардан бюджеттен бөлінсе, дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы бойынша осы салаға тағы 1 млрд. доллар қосымша бөлініп отыр. Үш жылда ауылға мемлекет тарапынан берілетін 500 млрд. теңге олардың әр жылда шығаратын өнімінің жартысына пара-пар. Бұл – қомақты жәрдем. Сондықтан дағдарыстан көп қиналмай, тіпті осы кезенде тынысы кеңейе даму мүмкіндігі бар бірден-бір сала – біздің елімізде осы ауыл шаруашылығы. Бұған өз бюджетіміз ғана емес, дүние жүзіндегі жағдайлар да көмектесуде. Әлем елдерінде азық-түлік үзбей қымбаттап келеді. Әңгіме болып отырған дағдарысқа байланысты олардың бағасы көп арзандай қоймас. Осыған байланысты біздегі азық-түліктің бағамы шетелдік бағамға жақындады, тіпті теңесті деп айтуға да болады. Басқаша айтсақ, ауыл экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады. Бұл бізден шыққан өнімдердің әлем елдеріндегі сұранысын күшейтеді.

Аталған бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты — Қазақстан Республикасының жоғары индустриалды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, Қазіргі Азиялық тигрлер — деп аталатын. Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриалды  елдер қатарына өтуді жүзеге асыру.

Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саланы ары қарай жаңартудың басым бағыттарын жүзеге асыруға барлық қажетті қоры және мүмкіндіктері бар. Бұл бағыттардың жүзеге асырылуы түпкі мақсатқа жету, яғни халықтың ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, казіргі әлеуметтік саясат Қазақстан азаматтарының кедейшілік қамытын мүмкіндігінше сирек киюін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, әлеуметтік саясаттың қорғаныш қызметі тек әлеуметтік әлсіз топтарға материалдық көмек берумен байланысты селқостықпен шектелмеуі керек. Әлеуметтік көмекке зәру экономикалық белсенді емес тұрғындардың көбеюі коғамдағы әлеуметтік байланыстардың бұзылуына  алып келеді. Сондықтан әлеуметтік саясат тұрғындарды жұмыспен қамтудың өнімді мүмкіндіктерін және өмір сүрудің тұрақты табыс көзін құруға бағытталуы тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
  2. http://malimetter.kz
  3. http://malimetter.kz