Ел мен ердің жеңісі

Жулаева Назгуль Мендикуловна
.
.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына өз Отанына деген құрмет, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін ұялату, жастардың әлеуметтік белсенділігін және азаматтық жауапкершілігін арттыру, тарихи құндылықтардың негізінде жас азаматтардың партиоттық сезімдерін қалыптастыру, жас ұрпақты отаншылдық рухта және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысындағы оқиғалар туралы жастардың тарихи білімдері мен көзқарастарын кеңейту мен тереңдету, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы мен міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру.
Көрнекілік: бейнефильм, презентация, музыкалық аспаптар, баннер.
 Ю.Левитанның таспаға жазылған сөзі. «Священная война»
Аспанды алғаш бағындырған  қазақ аруы
Хиуаз Доспанова туралы қойылым
                                                             Сахна – 1
Хиуаз: Жолдас военком! Жолдас военком! Менің атым Хиуаз. Мені Отан қорғауға,  майданға жіберіңізші. Халқыма төніп тұрған қауіпке жаным шыдамай жүр. Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарыма қалай да өз жәрдемімді бергім келеді. Летчик деген құжатым бар. Мен соғысқа летчик болып баруға да правам бар.
Военком: Хммм … ниетің жақсы екен. Дамыл таппастан әскерге өзі сұранып жүрген қазақ қызы бар деп еді. Сол сен екенсің ғой. Бірақ мен сені летчикке ала алмаймын.
Хиуаз: Жолдас военком! Жолдас военком! Мен, мен… мен Москва медициналық институтының 1-курсын бітірдім. Ең болмаса, санитар болып, медсестра болып бара алмаймын ба?
 Военком: — Тоқта,  Тоқта,асықпа. Сенің жолың болды.  Дәл қазір Тамань қаласында  әскери  ұшқыш Марина Раскова 46 —  түнгі бомбалаушы ұшқыштар полкын жасақтап жатыр еді.  Бұл полк тек қана әйелдерден құралған. Тәуекел деп, сол адамға жолығып көр.
1 — жүргізуші:
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кезде жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алып, жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Әскери тапсырманы бұлжытпай орындайтын өрімдей ұшқыш қыздарды герман әскерлері «түнгі мыстандар» деп атайтын еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Оралдан түлеп ұшқан қыран қыз көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 300 мәрте көтеріп, ұшақтан 14 рет құлаған. Төрт мәрте ауыр жарақат алған ол, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.  
2 — жүргізуші:
Есімдері кең тараған Кеңес Одағының Батырлары ұшқыш-әйелдер Валентина Гризодубова, Полина Осипенко, Марина Расковаларға еліктеген аспанды алғаш бағындырған ару — Хиуаз Доспанова жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін көптеген лауазымды қызметтер атқарған ол «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері болады.
2004 жылы Елбасының Жарлығымен Хиуаз Доспановаға  «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы» атағы берілген болатын. Халқы қарғамайтын, ұрпағы ұялмайтын өмір кешкен, келер ұрпаққа аңыз болып қалған №46-шы гвардия полкінің штурманы Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова 2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында,  86 жасқа қараған шағында бұл дүниеден озды.
1-жүргізуші:
Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің хас үлгісін көрсеткен жерлесімізге 2010 жылы Атырауда ескерткіш ашылса, Алматыда оның атымен аталған  көше пайда болды. Ол жайлы «Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру» атты деректі фильм түсірілді.1960 жылдары Хиуаз апай «Соғыс туралы естелік» кітабын жазды. Кітап қазақ және орыс тілдерінде шықты
Осы шараны өткізуге атсалысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз!