Электротехникалық аппаратуралар және олармен жұмыс

Ходжанова Айдана Кумекбаевна
Арнайы пәндер оқытушысы
.
.
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге электротехникалық аппаратуралар жайында мағлұмат бере отырып, электротехникалық аппаратуралардың жіктелу ретін, жартылай өткізгіштің электр өткізгіштігі, электронды аспаптар мен электрлік басқару және қорғауыш аппаратураларын басқаруды, жұмыс істеу принциптерін, құрылысын және шала өткізгіштердің өткізгіштігі түрлерімен, қасиеттеріне мәлімет беріп, өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, қазіргі қолданыстағы электроника әлемімен таныстыру;
Дамытушылық: Білімгерлерге электрондық аспаптар мен шала өткізгіш аспаптардың ерекшеліктерін, сынау барысын көрсете отырып, шартты графикалық белгілерін сипаттай келе, сызба жұмысының деңгейлерін талдай білуге, танымдық қабілеттерін, білім, білік, дағдысын іскерліктерін, ой-өрісін, зейінін, ғылымға шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Білімгерлерге электроника және электрондық аспаптар, шала өткізгіштер жайында ілімдерін кеңейте отырып, алған білімдерін саралап, құрылғылармен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тақырыпқа арналған тапсырмаларды үлестіріп, білімгерлерді ұжымшылдыққа, жүйелі жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа, тіл мәдениетіне, ғылыми шығармашылыққа деген жауапкершіліктерін, білімдерін ұштастыруға, әрбір істі сауатты орындауға, жауапкершілікпен жүзеге асыруға тәрбиелеу;
Ашық сабақтың түрі: Тәжірибелік сабағы. Өтілген тақырыпты бақылау және тексеру;
Ашық сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, математика, сызу;
Ашық сабақтың әдісі: «Зерттеу», «ынталандыру», «ақпаратпен бөлісу», «түртіп алу», «түсіндіру», «сұраққа жылдам жауап», «сұхбат алу», «кім жүйрік», «сын тұрғысынан ойлау», «ептілік және дағды қалыптастыру», «фрейер моделі», «ақылдың алты қалпағы» «кері байланыс», «әліпби желісі», «ромб», «блиц кездесу»;
Ашық сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сөздік құралдар, қосымша тапсырмалар, постерлер, сызба жұмыстары;
Ашық сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру сәті: (5 мин)
Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті білімгерлер! Біз кезекті сабағымызды бастағалы отырмыз. Бүгінгі сабақта біз, әдеттегідей, электроника жайында мағлұмат бере отырып, жартылай өткізгіштің электр өткізгіштігі, электронды аспаптар мен электрлік басқару және қорғауыш аппаратураларын басқаруды, жұмыс істеу принциптерін, құрылысын және шала өткізгіштердің өткізгіштігі түрлерімен, қасиеттері туралы  мәлімет аламыз, өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, қазіргі қолданыстағы электроника әлемімен таныстырамыз. Өткен дәрістерден алған білімдеріңізді сараптаймыз, нақтылаймыз, тереңдете түсеміз. Бүгінгі сабақ көптеген көрнекі материалдарды, терминдерді, ұғымдарды жадыларында сақтап қалуды талап етеді. Яғни, сендерді сабақ барысында үлкен де, қызықты жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, біріншіден, сабаққа дайындықтарыңды тексеріп алайық.
(Оқытушы білімгерлерді түгелдей отырып, сабаққа дайындықтарын қадағалап, зейіндерін сабаққа аудару).
  1. Білімгерлердің танымдық белсенділігін арттыру: (15 мин)
Оқытушы: Бүгінгі біздің сабағымыз интербелсенді тақтаның көмегімен өткізіледі. Сабақтың тақырыбы: «Электротехникалық аппаратуралар және олармен жұмыс»деп аталады. Бұл тақырыпты жетік игерулеріңізге алдыңғы білімдеріңіз көмектеседі. Осы себептен, біз қазір өткен тақырыптың маңызды ұғымдарын қайталауымыз қажет. Сіздерден келесі сұрақтарға жауап күтемін! Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар!
(Оқытушы білімгерлерді «Showdown» тәсілі арқылы, жапсырма қағаздарын таратып, (стикер) жаңа сабаққа арналған терминдермен  топқа бөледі және әр топ өзінің топтық ұрандарымен бөлісе келе, бір-бірлеріне сәттілік тілеп, сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастайды. Оқытушы ендігі кезекте өткен тақырыптарға жалпы шолу жасау мақсатында «он сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру аясында білімгерлер қайталау сұрақтарына жауап береді. Оқытушы бір білімгерді таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы дәрісханаға 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі).
 «Электрлік өлшеу» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары:
(Оқытушы әр топтың топ жетекшілерін сайлады. Сабақ барысында бағалау әдісі «бағдаршам» тәсілі бойынша бағаланады).
Сұрақтардың дұрыс жауаптары:
(«Сұраққа жылдам жауап» әдісі арқылы, өткен тақырыпты қайталау және бақылау мақсатында, өтілген тақырыпқа шолу жасап, интербелсенді тақта көмегімен білімгерлерге өтілген тақырыпқа арналған термин сөздерден сұрақтар қою арқылы жазылып шығарылады).
Оқытушы: Сонымен сіздер! Электрлік өлшеу түрлері және электр энергиясының сапасы және электр тораптары мен желілері туралы жалпы нақтылап, қайталап шықтыңдар, білімдеріңді көрсете білдіңдер.
(Оқытушы жауап берген білімгерлердің білімдерін жапсырма қағаздары арқылы бағалайды).
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: (20 мин)
Оқытушы: Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, жаңа сабақтың жоспарын айқындап алсақ. Бүгінгі жаңа сабағымыздың жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
  1. Электротехникалық аппаратураларға жалпы шолу жасау.
  2. Ажыратқыштар. Реле және релелік қорғаныс. Қосқыштар.
  3. Үйлерге электр энергиясын жеткізудің схемасы.
  4. Электрлік шамаларды өлшеу.
(Оқытушы жаңа сабақтың жоспарымен таныстыра отырып, сабақтың әрбір бөлімін тиянақты түрде түсіндіріп, «түртіп алу» әдісін қолданып, білімгерлерге тақырыптың өзекті бөліктерін жаздыртып отырды).
  1. Электротехникалық аппаратураларға жалпы шолу жасау.
  2. Ажыратқыштар. Реле және релелік қорғаныс. Қосқыштар.
Ажыратқыштар. Олардың түрлері және жетектері туралы.
Ажыратқыштар мен рубильниктер. Бұрамалы ажыратқыш 220 в-ге дейінгі кернеудегі өлектр энергиясының қабылдағыштарын қосу және ажырату үшін арналған.
Аз қуатқа есептелген төменгі кернеудің ең қарапайымы кнопкалы ажыратқыш болып табылады. Ол қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктерден тұрады.
220 в-ке дейінгі тұрақты, 380 в-ке дейінгі айнымалы ток тізбектерін қосу, ағыту, ауыстырып-қосу үшін пакетті ажыратқыштар кең пайдаланылады.
Пакетті ажыратқыштар мен  ауыстырып-қосқыштар бір полюсті, екі полюсті және үш плюсті болып бөлінеді де тұрақты ток тізбегі үшін 400 а-ге және айнымалы ток тізбегі үшін 250 а-ге дейін арналып жасалады, сонымен бірге шекті токтың шамасына қарай әр түрлі мөлшерле болады. Олар бірнеше өріптермен және цифрлармен белгілінеді, мысалы, ПВ2-25: П-пакетті, В-ажыратқыш, 2-екі полюсті, 25-ток күші; ППЗ-10/Н2: П-пакетті, П-ауыстырып-қосқыш, 3-үш полюсті, 10-ток күші, Н2-екі бағытта ток жүргізетіндігін көрсетеді.
Кернеуі 500 в-ге дейінгі 6 а-дан артық токпен жұмыс істейтін электр тетіктерін қосу және ажырату үшін рубильниктер қолданылады.
Қалқанға монтаждалатын бір полюсті, екі полюсті және үш полюсті рубильниктер болады.
Үш полюсті рубильниктің негізгі бөліктері: қозғалмайтын контактілерге 4 бекітілген осьте айналатын мыс пышақтар 1.
Кәдімгі рубильниктермен бірге алмалы-салмалы деп аталатын ауыстырып-қысқыш рубильниктер де қолданылады.
Ауыстырып-қосқыштардың жоғары серпімді контактілерінен басқа саны сондай төменгі контактілері болады. Алмалы-салмалы рубильниктің пышақтарын жоғары және сондай-ақ төменгі контактілерімен қосуға болады.
Қауіпсіздік техникасының ережесіне сай рубильниктер мен ауыстырып-қосқыштар былғары қапқа салынады.
Автоматтар. Электр тізбектерінде қалыпты жұмыс шарттары бұзылғанда оны автоматты түрде ажырату және қорғау үшін ажыратқыш-автоматтар қолданылады. Олар: максимал және минимал болып екі түрге бөлінеді.
Ток шамадан тыс артып кеткенде тізбекті ажыратын максимал деп атайды. Мұндай автоматтың негізгі бөліктері: электромагнит, якорь-ілгек және ажыратқыш болып табылады.
Тізбектегі ток шамадан тыс артып кетсе, элетромагнит 1 якорь-ілгекті 2 өзіне тартады. Ажыратқыш пышақ 3 босап шығады да пружинаның 4 әсерімен автомат жалғанған тізбекті автоматты түрде ажыратады.
Автоматты қайтадан қосу қолмен орындалады: Кернеу шамадан тыс аз болғанда тізбекті ажырататын автомат минимал деп аталады.
Автомат тізбегінен шамадан тыс аз ток жүргенде электромагниттің өзекшесі 1 якорь-ілгектің  иінін вертикаль ұстап тұра алмайды. Соның нәтежиесінде пружина 5 якорьды электромагниттің өзекшесімен тартып әкетіп, ілгек 2 жоғары көтерілгенде ажыратқыштың пышағын 3 босатады, осының әсерінен пружина 4, автомат қорғайтын тізбекті ажыратады.
Автоматтарды ажырату кезінде белгілі бір ток күшіне лайықтап реттеп қоюға болады. Автоматтардың артықшылығы оны белгілі бір токқа есептеп қою дәлдігі, тізбекті балқығыш сақтағыштармен қорғағандағыдан анағұрлым артық.
Сақтандырғыш. Қысқа тұйықталу кезінде, сондай-ақ  желідегі жүк шамадан тыс артқанда, электр тізбегіне жалғанған электр машиналары мен приборларының проводтары бойымен өтетін электр тогының шамасы өз мәнімен артып кетеді. Бұл кезде тізбектің проводтары қатты қызады да олардың изоляциясы жанып кетуі мүмкін, ал электр машиналары мен пртборлар мұндайда істен шығып қалады. Электр тізбектерін қысқа тұйықталу тогынан және ұзақ уақыт шамадан тыс жүктен сақтау үшін электр энергиясын қабылдаушыға тізбектеп балқымалы сақтандырғыштар жалғайды. Олардың жұмысы токтың жылулық әсерін пайдалануға негізделген.
Сақтандырғыш арқылы шамадан тыс ток жүргенде провод пен аппаратура қызбас бұрын тізбекке қосылған сақтандырғыштың балқығыш бөлігі балқып кетеді де, тізбекті ажыратады.
Әрбір сақтандырғыш шексіз ұзақ уақыт ондағы көрсетілген ток күшіне төтеп беретін болуы керек. Бұл ток күші артып кетсе, неғұрлым жүк көп болса, соғұрлым балқығыш бөлігі тез балқып кетеді.
Ажыратқыш – тізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық аппарат. Олардың турлері кестеде келтірілген.   
                 
    
        Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын блғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
  1. Майлы ажыратқыштар
  2. Майсыз ажыратқыштар
Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:
  1. Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар
  2. Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.
     Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.
 Майлы ажыратқыштар
    Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар түрлері және сипаттамалары:
— МКП-35-1000-25- камералы үлкен көлемді ажыратқыш, жоғары кернеулі 35 кВ, номинал тоғы 1000 А, ажырату тоғы 25кА, қоңыржай климатқа және сыртта (шаық ауда) ораналастыруға есептелген;
-С-35-3200-50У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы С
-У-220-2000-40У1- бакты көп көлемді майлы ажыратқыш; сериясы У
-ВМБ-10-400-15У1- мұндай ажыратқуш номинал екрнуі 10кВ, номинал тоғы 400 А, ажырату тоғы 15 кА, қоңыржай климатқа және үйдің ішінде орналастыруға есептелген.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар: арнайы доға өшіретін құрылғысы жоқ ажыратқыштар және доғаны тез өшіретін камералы ажыратқыштар болып бөлунеді.
Үлкен көлемді майлы ажыратқыштардың негігі бөлшектері мыналар: бак, қақпақ, өтпелі оқшаулатқыш, жетек механизмі және түйіспелер.
10кВ- тан аспайтын кернеуде барлық үш фаза тік бұрышты немесе дөңгелек формалы бір багқа орналасады.
Үлкен көлемді ажыратқыштардың салмағы мен көлемі едәуір болады. Онда үлкен көлемді үш фазалы ажыратқыштардың жалпы салмағы 110 кВ-та 18,3 т ал майдың өзі 8,5 т, 220 кВ-тық ажыратқыштың салмағы 90 т, ал майдың салмағы 48 т болады.
Майлы ажыратқыштарды басқару оларда қосылған қалпында ұстап тұратын арнайы жетекпен жүзеге асырылады.
Ауалы ажыратқыштар
   Ауалы ажыратқыштарда доғаны өшіруге сығылған ауамен жүзеге асырылады. Барлық майсыз ажыратқыштарда ток жүретін бөліктерде бір- бірімен және ажыратқыш құрылымдарының жерге қосылған элементтерін оқшаулауды әр түрлі керамикалық оқшаулағыш материалдар арқылы атқарады.
Ауалы ажыратқыштарының(кейбіреулерінің) түрлері мен сипаттамалары:
ВВУ-11Об-40\2000УІ,мұндағы ВВ-жоғары кернеулі ауалы ажыратқыш; У-қайта қалпына келетін,жылдамдығы арқылы күшейтілген кернеу(усиленный по скорости восстанавливающегося напряжения).40-номиналдық ажырату тогы,кА;2000-номиналь тог,А;У-қоңыржай климатқа есептелген;
І-сыртта (ашық ауада) орналастыруға арналған.
ВВБК-бакты ауалы ажыратқыш.
=35-750кВ;  =2000÷3200А; Р=2МПа
=0,08с;      =0,055с;
ВВБК-ірі модульды бакты ауалы ажыратқыш;
=110-1150кВ;   =3200÷4000 А;
=0,04с;      =0,025с.
ВНВ-доға сөндірілетін камерасы ауамен толтырылған кернеулі ажыратқыш;
Ауалы ажыратқыштың негізгі құндылығы мынада:
  1. Ажыратуға аз уақыт кетеді (0,08-0,1с);
  2. Сұйық орта мен гагенерациялаушы қатты материал болмайды;
  3. Қопарылысқа және өртке қауіпсіз;
  4. Сенімді жұмыс істейді;
  5. Пайдаланылуы біршама қарапайым;
  6. Жиі қосу мен ажырату мүмкіндігі бар;
  7. Автоматты түрде қосылуы оңай;
  8. Сырттағы және іштегі қондырғыларда пайдаланылады;
  9. Майлы ажыратқыштарға қарағанда салмағы мен көлемі шағын.
Негізгі кемшіліктерге мыналар жатады:
  1. Құрылымы біршама күрделі;
  2. Ауалы құралдарды (компенсаторларды,ресиверлерді,ауа өткігіштерді т.б) қажет етеді.
ТМД зауыттары кернеуі 35-500 кВ, номиналды ажырату қуаты 1-10млн. кВт ВВН типтес ауалы ажыратқыштар шығарады.Бұлардың барлығы сыртта орнатуға арналған.
Сонымен қоса номинал кернеу 13,8 кВ, номинал тогы 5500А жөне ажыратудың номинал қуаты 2 млн. кВт болатын,іште орнатуға арналған ВВ-15 типті ауалы ажыратқыштар жасалады.
Элегазды ажыратқыштар ОЭ-110 типті
   Қазіргі уақытта элегазды ажыратқыштар қарқынды зерттелуде.Элегаз днгеніміз электр доғасы тез сөндіретін (яғни доғаның жануын қолдамайтын) газ .Тәуелсіз елдер достастығында кернеуі 35-500кВ қондырғыларда элегазды ажыратқыштар сынақтан өтіп пайдалануда.
Бұндай ажыратқыштардың негізгі құндылығы мыныдай:
  • Өртке және қопарылысқа қауіпсіз;
  • Ажыратуға аз уақыт кетеді;
  • Ашық ауада және үйдің ішінде орналастыруға болады;
  • Мөлшері және салмағы өте аз.
Негізгі кемшіліктері:
  • Элегазды қолдану үші арнайы жабдықтар болуы қажет;
  • Элегаздың бағасы қымбат, доғаны сөндіргеннен кейін элегаз-улы газға айналады. Себебі,элегазбен доғаның өзара әрекетінің нәтижесінде элегаз ыдырайды. Олулы элегаздан сақтану үшін, арнайы құрылғылар және әдістер қолдану керек.
Релелік қорғаныс — электр автоматикасының негізгі түрі болып табылады. Онсыз қазіргі энергетикалық жүйелердің сенімді жұмысы мүмкін емес. Ол энергожүйенің бүкіл бөліктерінің күй-жағдайын және жұмыс жүргісін тынымсыз тексереді және, пайда болған ақаулық пен қалыпсыз жұмысқа орай әрекет етеді. Бұзылған жер болса қорғаныс мұны табады да жүйеден ажыратады. Бос жүріс пайда болғанда қорғаныс оны анықтайды да, бұзылудың сипаттамасына байланысты, бос жүрісті қалпына келтіру үшін қажетті іс-әрекет жасайды немесе кезекші қызметкерлерге белгі береді.
Қазіргі электр жүйелердегі релелік қорғаныс электрлік автоматикамен тығыз байланыста. Бұл автоматика жүргіні қалпына келтіру мен тұтынушыларды қоректендіру үшін арналған.
Релелік қорғаныс келесі негізгі талаптарға сай келуі тиіс:
  • Талғаулық.
  • Әрекет тездігі.
  • Сезгіштік.
  • Сенімділік.
  1. Үйлерге электр энергиясын жеткізудің схемасы.
Электр энергетикасы
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
Электр энергиясының негізгі өндірушілері.
Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансалар электрлік жүйелерді құрайды.
  1. Электрлік шамаларды өлшеу.
      Электр аппараттарын пайдаланғанда токты, кернеуді, кедергіні, қуатты, жиілікті, электр энергиясының шығымын өлшеуге тура келеді, Ол үшін әртүрлі электр өлшеуіш аспаптарын қолданады.
Өлшеу дегеніміз — арнайы техникалық құралдар көмегімен физикалық шамалардың мәнін анықтау.
Ток пен кернеуді өлшеу. Ток пен кернеуді өлшеу үшін әртүрлі жүйелі өлшеуіш аспаптар – амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін гальванометрлер, микроамперметрлер, миллиамперметрлер, ал мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін милливольтметрлер, микровольтметрлер қолданылады. Амперметрді жүктемеге тізбектеп қосқанда ол өлшенетін тізбектегі токқа әсерін тигізбеуі керек. Сондықтан оның кедергісі энергия қабылдағышының кедергісінен аз болуы тиісті. Амперметрдің кедергісі аз болса, ол тұтынатын қуат та аз болады. Тізбекке қосылған вольтметр өлшенетін кернеуге әсерін тигізбеуі керек, сондықтан қабылдағыштар кедергісіне параллель қосылған вольтметр кедергісі, қабылдағыштар кедергісінен үлкен болуы керек. Үлкен мәнді вольтметр кедергісінде ток мөлшерлі болады, сондықтан ол тұтынатын қуат та аз.
Қуат пен энергияны өлшеу. Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты өлшеу үшін арнаулы аспап керек емес, өйткені қуатты P=UI вольтметр мен амперметр көрсетімдерімен есептеп шығаруға болады. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат кернеу мен токқа ғана емес, арасындағы фаза ығысуына да тәуелді: . Сондықтан айнымалы ток қуатын өлшеу үшін арнаулы аспап – электрдинамикалық немесе ферродинамикалық жүйедегі ваттметр қолданылады. Электродинамикалық ваттметрдің айналдырушы моменті кернеу мен ток көбейтіндісіне пропорционал. Ваттметрдің айнымалы ток тізбегіне қосқан кезде екі орауыштағы ток бағытының бірдей игеруі айналдырушы моментке әсер етпейді. Бірақ ваттметр орауыштағы токтың фазасын 1800-қа ал айналдырушы моменттін бағытын өзгертеді.
Ферродинамикалық ваттметрлердің дәлдігі төмен. Оларды гистерезис әсеріне байланысты тұрақты ток тізбегінде қолдануға болмайды.
Электрлік өлшеуіш аспаптар – әртүрлі электрлік шамаларды өлшеуге арналған құрылғылар.
Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметр тізбекке тізбектей жалғанады.
Вольтметр – тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге      арналған аспап. Тізбекке параллель жалғанады.
IV.Жаңа тақырып материалдарын пысықтау. (30 мин)
Оқытушы: Жаңа сабағымызды қорытындылай келе, бүгінгі жаңа сабағымызда қаншалықты түсінгендеріңді білу мақсатында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, фронтальды сұрақ-жауаптар ұйымдастырайық!
(Оқытушы жаңа тақырыпты бекіту мақсатында білімгерлердің деңгейлеріне қарай фронтальды сұрақ-жауаптар ұйымдастырып, «фрейер моделі», «Fila кестесі», «әліпби тізімі», «сократтық диалог» әдіс-тәсілдерін қолданып жауап берген білімгерлердің білімдерін жапсырма қағаздары арқылы бағалайды).
  1. Үй тапсырмасы: (10 мин)
Оқытушы: Ал енді, үйге тапсырма алмастан бұрын, білімгерлер арасында «бас бармақ» әдісі арқылы жаңа сабақты қаншалықты түсінгендіктеріңді кері байланыс жасау арқылы тексерейік!
(Оқытушы білімгерлердің бас бармақтарын көрсету арқылы жаңа тақырыптан қандай мағлұмат алды, не нәрсе түсініксіз болды, жаңа сабақтың қай бөлігі ашылмай қалды, қай бөлімін жақсы меңгергендігін, олардың ұғу деңгейін тексеріп, түсініксіз болған жаңа сабақ бөлімдерін «диалог» әдісі арқылы түсіндіріп өтеді).       
  • Бас бармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
  • Бас бармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
  • Бас бармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Оқытушы: Міне, біз кері байланыс жасай отырып, жаңа сабақты қаншалықты меңгергенімізді түсіндік. Енді үй тапсырмасына жаңа сабақты толық меңгере алмаған білімгерлерімізге қосымша ретінде жалпы шолу жасау. Дәптерлерімізді ашып, үй тапсырмасын түртіп алайық!
  • И. Мұхити 213-218 беттер. Жаңа тақырыпқа байланысты есептеулер жүргізу.
  • Білімгерлерге арналған өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау.
  • Жаңа тақырыпқа байланысты термин сөздерден глоссарий құрастырып келу.
  • Ғылыми жұмыс тақырыптарына шолу жасау.
  1. Сабақтың қорытындысын шығару: (10 мин)
Оқытушы: Бүгінгі жаңа сабақ барлығымызға түсінікті болса, әр топты бағалап жіберейік!
(Оқытушы білімгерлердің сабаққа белсенділікпен қатысуын қадағалай отырып және білім деңгейлерін салыстырмалы түрде қарап, баға қою саясатын жүргізеді. Білімгерлерді «Де Бононның қалпақтары» әдісі арқылы бағалайды).    
Оқытушы: Бүгінгі жаңа сабағымыз аяқталды, назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
  1. И.Мұхити Электротехника / Ахметов А.Қ., Ахметова Қ. А., Қабақова Т. А. –Астана: Ақмола полиграфия. ЖАО, 2010.-752 б.
  2. Новиков, П.Н. Задачник по электротехнике / П.Н. Новиков – М. : изд.центр Академия, 2008. — 384 с
  3. Мұхити И.М. Электротехника. –Астана: Фолиант, 2012.
  4. Мұхити И.М. Электротехниканың электр тізбектері бойынша есептер. – Алматы : ҚазҰТУ. 2012
  5. Қожаспаев Н., Мұхити И.Электротехника. Лабораториялық жұмыстар. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1999.
  6. Рекус Г.Г., Белоусов А.И. Сборник задач по электротехнике и основам электроники. – М.: Высшая школа, 1991
Қосымша әдебиеттер:
  1. Касаткин, А.С. Электротехника / А.С. Касаткин. — М. : Академия, 2007. – 520 с
  2. Мурзин, Ю.М. Электротехника / Ю.М. Мурзин. — СПб. : Питер, 2007. — 443 с.
  3. Иванов, И.И. Электротехника / И.И. Иванов. — СПб. : Лань, 2006.
Электронды оқулықтар: