Ерекше білім беруге қажетті балаларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету

Мұхтаров Бегзат Амантайұлы
Студент 3 -курса
.
.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты. Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз.
Дэвид Бланкет
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. [2].62 бет Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм . Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады . Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп түсіндіреді  «Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». [3]. 48 бет. Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді — бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: — мүмкіндіктері шектеулі балалар; — мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; — қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар,  девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) [4].137 бет.
 Өмірлік қиындықтар: 
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
 4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының
тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
 9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
 9) бас бостандығынан айыру орындарынан босау [3]. 121 бет
Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясат, бала мен ананы, отбасын жан-жақты кепілді мемлекеттік қорғауды өзінің маңызды міндеттері ретінде анықтайды. Әлеуметтік саладағы біртіндеп жүзеге асырылып келе жатырған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде демографиялық процесстердегі оң динамика өз жалғасын таба бастады.
Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналықпедагогикалық түзету алуға құқылы [2]. 68 бет.
Қиын жағдайға тап болған бала проблемаларының бірі әлеуметтенудің төмен деңгейі, яғни, мобильділіктің шектеулігі, құрдастар және ересектермен қарым-қатынастың кедейлігі, табиғатпен байланысудың және мәдени құндылықтарға қолжетімділіктің шектеулігі және т.с.с. Қазіргі мектептерде әлеуметтендірушіден гөрі, білім беру қызметіне басты рөл беріледі. Мектеп қоғамға толыққанды кіруге керекті қасиеттер жиынтығымен балаларды қамтамасыз ете алмайды. Мектеп әрекетінің шектеулігі көптеген оқушылардың тұлға ретінде өзін көрсетуге мүмкіндік бермейтін осы тәрбие институтына жағымсыз қарым-қатынасты тудырады. Балалар өміріндегі қиын жағдай туындауының себебі қанағаттанарлықсыз білім деңгейі болуы мүмкін. Соның салдарынан озат және нашар оқушылар үлгерімінің үлкен айырмашылығы болады. Бұл проблемалардың кешені барлық балаларға тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған қоғам мен мемлекеттің күшімен шешіледі. Балаларды әлеуметтендірудің елеулі проблемаларының бірі қоғам мен мемлекеттің дамуында ауытқуы бар тұлғаларға қарым-қатынасы болып табылады. бұл қарым-қатынас әр түрлі аспектілерде көрініс табады: арнайы білім беру, оқыту жүйесін жасауда, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруда және т.с.с. [2]. 182 бет. Бала құқығының декларациясында «дене бітіміне, психикасына немесе әлеуметіне қатысты толық емес бала оның ерекше жағдайына байланысты арнайы білім және күтіммен қамтамасыз етілуі қажет» деп айтылған . Бала құқықтары туралы конвенцияда «қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды» деп баяндалған. Мемлекеттік деңгейде өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалардың үнемі қабылданып жүзеге асырылатынына қарамастан, тек мемлекеттің ғана күші жеткіліксіз. Бұндай балалардың өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдайларды жасау бойынша міндеттердің көпқырлығы, күрделілігі мен ауқымдығы бұл жұмыста балалардың жанында жүрген барлық қоршағандардың қатысуын талап Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. [3].371 бет
Әдебиеттер тізімі
1.Ж.Б Қоянбаев. Р.М Қоянбаев. Педагогика университеттер студенттеріне арналған оқу құралы Алматы.
  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі. Әдістемелік ұсынымдар. Астана 2016ж.
3.Проектирование корекционного обучения дошкольников с общим недоразвитием речи, М. С.Грушевская, Э.Р.Амирова, Н.Н.Досанова, Г.М.Итекова, В.И.Тутарова Н.А.Субботина,Н.В. Янова I-II часть. Алматы 2010ж
4.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж