«Ерлігің дастан, ұрпаққа мақтан Тәуелсіз Қазақстан» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тарихи сазды кеш

Кенжегараева Айнур Бакытжановна

Қазақстан тарихы пәні оқытушысы

.

.

Жүргізушілердің шығуы.

 

Дауренбек:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, Қазақ елі!

 

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Ерлігің дастан, ұрпаққа мақтан Тәуелсіз Қазақстан»

атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!  Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні қарсаңында биылғы жылы әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

 

Лейла:

С Днем Независимости вас хочу поздравить! 
Давайте Родину сегодня будем славить! 
Поля и реки, горы и моря – 
Все это ты, казахстанская земля! 

 

Добрый день, дорогие друзья, уважаемые преподаватели и гости праздника! Особо хочется отметить, что в этом году празднование дня независомости совпало с такими знаменательными датами, как 1150-летие Аль-Фараби и 175-летие Абая Кунанбаева.

 

Дауренбек:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

 

Дауренбек: Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Лейла:  Ежегодно 16 декабря мы отмечаем самый главный праздник День Независимости Республики Казахстан. Свобода, независимость, суверенитет — все эти слова имеют общий смысл, они означают, что человек или государство, обладающее этими качествами, является самым счастливым, и каждый человек, гражданин этого государства должен ценить и уважать эти качества.

 

Дауренбек: 

«Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.» деп Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтып кеткен болатын. Барша  қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің  мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің  арқасында тарихымызды  түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің  ұлттық  рәміздері  қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

 

Лейла:

В это труднейшее для страны время казахстанцы доверили свои судьбы Нурсултану Абишевичу Назарбаеву  который и стал Первым Президентом  Независимого Казахстана! Нам страну  строит и беречь, нам укреплять мир и дружбу между народами. Мы должны сохранить мир на древней и прекрасной казахской земле. Это важнейшее условие нашего процветание.

 

Дауренбек:

Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр.
деп келесі сахналық көрініс………….

Кир: Көмекшіні шақырыңыздар (елші жүгіріп келеді)

“Массагеттердің патшасы қайтыс болыпты, орнына патшаның әйелі айдай сулу  Томирис ханшайым отыр екен. Сұлулығына көзтоймастай патшайымды әйелдікке алсам деймін. Сондықтан, Массагет еліне елшілерді  аттандырыңыздар .

Көмекші: Құп тақсыр

 Кир: Ондағы ойым  Томиристі өзіме әйелдікке алсам. Ал бүкіл массагеттер елін билесем

 

Автор:

Парсы елінен елші келді

Томирис: Иа, елші не айтарың бар сөйле

Елші:  “Менің қожайыным және әміршім саған мына сөздерді айтады… Сенің иығыңа бақ

ыт құсы – Құмай қонды. Себебі мен – Құрыш – сені өзімнің әйелім ретінде  таңдап отырмын”…

Томирис: —    Не? Әйел? Мені ме?

-Менің күйеуім бар ғой! Және де массагеттер патшасының екі бірдей күйеулері болғаны дұрыс болмайды ғой. Оның үстіне екеуі де патша тұқымынан болса ше? – деді.

Елші: -Сенің әсемдігің аспандағы айдың шұғыласына тең. Ендеше, жарқыраған күн соған одақтас болайық деп ұсыныс жасап тұрғанда, айдың сөніп келе жатқан оттың шоғына ұқсағаны тіптен де болмас

 Томирис:“Елші, әміршің мен  билеушіңе айта бар. Еркіндікте өскен дала қызы Томирис Отанының биік аспанын, шексіз даласын өте сүйеді. Және де оларды ешқашанда тар қапас, патшаның әйелдерінің сарайшығына айырбастамақ емес. Тағы да айта бар, елші. Томирис күң де емес. Өмірінде кепілдікте де жүрмек емес. Томирис патша болып туған, патша болып өледі де. Мені мұқият тыңда елші. Сөздерімнің бірін де қалдырмай жеткіз Кирге: “Парсылар патшасы! Мен сені жақсы түсіндім. Саған мен емес, менің патшалығым керек қой! Олай болса әлі де кеш емес. Қайт райыңнан. Өзіңді патшалардың патшасымын деп санайды екенсің. Мейлі солай-ақ болсын. Жүрген жеріңде жүре бер. Бірақ бізбен соғысамыз деп ойлама. Мен саған бұл сөздерді сақтардың қасиетті қаруын қолыма ұстап отырып айтамын. Сен қанішерсің. Ешқашанда қанға тоймағансың. Ал сен егер менің сөздеріме құлақ салмасаң – ант етемін. Мен сені қанға тойдыра аламын!

Ал енді, елші, бар. Жолың болсын. Осы сөздерді қожайыныңа еш мүлтіксіз жеткіз!”.

Дәуренбек:

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей Ата — бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың  ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы — бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Сонау жоңғар шапқыншылғы кезінен бастау алады

Саханлық қойылым

Нөкер:

Уа ханием қазақтар келді

Хан:

Ал, қазақтар не бұйымтаймен келдіңдер айтыңдар даттарың болса айтыңдар, не жөндеріңмен кетіңдер

Ха-ха. Қазақтар елшілікке шешенді  емес, бесіктен белі шықпаған бала жіберетін  болған ба?

Қаз дауысты Қазыбек:

“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.

 Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.

 Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.

Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!”

Хан:

“Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары!

Қазыбек:
— Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей.

Хан:
— Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, — депті.

Хан нөкерлері:
— Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, — деп алып шығып кетіпті.

Дауренбек:

Біздің баға жетпес байлығымыз — бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз. Құнды қазынамыз — тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ.

Лейла:  

Как-то в одной из книг я прочитала удивительную легенду о создании Казахстана. Она гласит: «В дни сотворения мира Бог создал небо и землю, моря и океаны, все страны, все материки, а про Казахстан забыл. Вспомнил в последнюю минуту, а материала уже нет, от разных мест быстренько отхватил по кусочку. Краешек у Америки, кромку Италии, отрезок африканской пустыни, полоску Кавказа, сложил и прилепил туда, где положено быть Казахстану».

Не поверить в эту легенду почти невозможно, потому что на нашей удивительной земле можно найти все: «И вечно голые, будто проклятые небом пространства безводного солончака, и живописнейший контраст гор, и голубизну неба, сливающегося с безбрежной гладью моря, и великолепные животворящие леса».

 Дәуренбек 

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын Алаш, жасасын!-дей келе келесі кезекті көрініске берейік.

Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?

Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар….

Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.

Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)

Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.

Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.

Қазақ тергеушісі: Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында .

Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.

Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіпқайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?

Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқымтұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.

Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол распа?

Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.

Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін.Бірақ қалай? Білмеймін….

Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?

Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жаналғышта келіп қалар…. Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?!Келіп қалды бекем болыңыз.

Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші жәнежендет келеді)

Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.

Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендеткеалып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)

Ей, халқым

Еліміз үшін

Етегімізді түрген екенбіз,

Бар Алашқа ұран сап,

Елдікке шақырып жүрген екенбіз.

Шешінген судан тайынбас,

Ойымыз бір, мақсат бір,

Сорлы елімнің шіркін ай

Жыртылған жағасын бүтіндеп.

Жығылған туын көтерсек.

Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,

Ұрандап атқа қонсаң бір,

Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам

Сонда менің болмас еді ау арманым

Арнар едім, сол елімнің жолына

Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

Дәуренбек:

18-19 ғасырда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Ұланғайыр даламыз Ресей империясының меншігіне айналды. 300 жыл халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. Ресей империясының саясатына қарсылық көрсеткендер  оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1930-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта қырылды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-1938 жылдар аралығындағы Сталин репресииясы өз елінің болашағын ойлаған азаматтарды халық жауы деп қырды.

 

Лейла:

 Колониальная политика царской России привела к тому что наш народ оказался под угрозой патери языка, веры, культуры и традиций И всколынулась степь, Достойные сыны народа в разное время возглавляли национально освободительные движения: Сырым Датов, Исатай Таймановы, Махамбет Отемисов, Кенесары Касымов, Амангелди Иманов. Вспомним историю нашего народа…Самое «белое пятно» в истории Казахстана с XVIII века – не завоевание и колонизация казахских степей царской Россией, не война казахских ханов против России, даже не джунгарское нашествие, а период новейшей истории, прошедший на глазах наших дедов и отцов. Это 20-30-ые гг. ХХ века.

 

Дәуренбек:Тарихқа бір сәт шегінсек.

 

Дәуренбек:

 Tәpiк етік тipлiк, шыбын жанын.

Боранды октап жауынгер таса тауп

Жауға қарай сүйренген ашу зәрінн

Аш қасқырдай қапыда қатты қапқан.

Белде жара дөп тиген жарықшақтан.

Айнала дөнгеленіп күнгірт тартып

Намысты тұмшалады алаулатқан.

 

Лейла:

Самый светлый, самый летний день в году.
Самый длинный день Земли — двадцать второго.
Зрели яблоки в саду. Вспоминаем, вспоминаем это снова.

Вспоминаем эту ночь и в этот час взрыв, что солнце погасил в кромешном гуле,

Сквозь повязки неумелые сочась,

Кровь народа заалелеа в том июне.

Шаг за шагом вспоминаем день за днем,

Взрыв за взрывом, смерть за смертью, боль за болью,

Год за годом, опаленные огнем,

Год за годом истекающие кровью.

     

Сценка: Великая Отечественная война 100 группа

 

Дауренбек:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді

Кеңейттім кең әлемге керегімді

Мухиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таниды тепе-тең деп тереземді

Қазақпын қайнауы құт, жері дархан

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

Лейла:

Моя Родина- это бескрайние степи

Это светлое небо над головой

Лучше этого места не найти на планете

Это рай,, это дом, это край мой радной

Моя Родина- зто источник света

Помогающий жить в час, когда тяжело

Я лучами его, словно солнцем, согрета

Ведь он дарит всем людям родное тепло

 

Дауренбек:

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері түп қазығы, айбыны
Туған тілі — сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт — санасы — тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі —  орталарыңызда  тарихи би

 

Дауренбек:

Қайран қазақ елі, Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мұңқып тұр.

Лейла:  

Единство и достоинство, свободу и независимость отстаивали верные сны и дочери нашей Родины. Это гордые массагеты и их царица Томирис, в жестоком битве победившие персов. Мудрые Толе би, айтеке би и Казыбек би, которые в тяжелые времена сохрании единства народа, Честь народа сберегли славные сыны Отечества- батыры Кабанбай, Богенбай, Райымбек и казахские ханы.

Желтоқсан оқиғасы.

Кезекші: Заключенного Рыскулбекова на допрос

Тергеуші: Айыпты Рыскулбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙДІ өлтірген сен ба?

Қайрат:Мен өлтірген жоқпын! Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші: Әй, Рысқұлбеков! Сен Савицкийді өлтірдім деп мойныңа өз еркіңмен ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілдейді. Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе, әкеңді де түрмеге қамап, соттаймыз. Білдің бе, сұмырай!

Қайрат:Өлтірмеген адамды қалай өлтірдім деп мойныма алам. Бұл жала ғой.

Тергеуші: Ах, проклятый, алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный! Бұзақы

 Қайрат, Рысқұлбеков, ақтық сөзі

Қайрат:  Бар,

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21 де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ даген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым ,

Көре аламай мен өтермін

Қош аман бол артымда

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата анам

Ел жұртым саған аманат!

 

Қайраттың анасы: — шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларрым! Сендердіңде балаларың бар шырағым? Мен  анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім  сұраймын. Кешіріңдер.

 

Дауренбек:

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді сынақ болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол – Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі. Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы мен әлемдегі 4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі болып табылады.

 

Семей полигонының жабылуы туралы видео көрсетіледі.

Экранға назар аударсаңыздар.

 

Дауренбек:

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек.

Дауренбек: Осы 29 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

 

Лейла: 1991- год.  В 1991 году 1 декабря впервые в истории независимого Казахстана был избран президентом Нурсултан Назарбаев

Дауренбек: 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды

Лейла: 15 ноября 1993 года введен в обращение казахстанский тенге.

 Дауренбек:1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.

Лейла: 1995 года 30 августа на всенародном референдуме была принята Конституция Республики Казахстан.

Дауренбек:1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.

Лейла: 1997  годубыло принято страгетия «Казахстан-2030»

Дауренбек:1998 жылы 10 маусымда  тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды.

Лейла: 1999 году город Астана получил премию от ЮНЕСКО в номинации «Касивый город»

Дауренбек: 2000-2015 жылдар аралығында мәдениет, тіл, өнер, білім саласы үлкен жетістіктерге жетті.

Лейла: 2015 год был выбран юбилейным годом Празднование 550-летия Казахского ханства

Дауренбек:2016 жылыАлматы қаласының мың жылдығы тойланды.

Лейла: 2017 году в Астане  было Международная специализированная выставка ЭКСПО-2017 под эгидой «Энергия будущего»

Дәуренбек:  2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялады.

Лейла: 19 марта 2019 года первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев снял с себя полномочия.
Дәуренбек: 2019 жыл жаңа президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев сайланды
Лейла:

Единство, мир, солидарность! Народу Казахстана хорошо известна ценность этих трех концепций.

Существует одна истина, доказанная историей – любая  нация укрепляется в единстве и ослабляется ее единством. Послание Президента народу Казахстана считает смысл истины глубоким, ясным и стратегическим. Одной из основных особенностей является возросшая ответственность молодежи за будущее своей Родины. Стратегия Казахстана – 2050, пять социальных инициатив Президента были приняты для молодежи нашей страны. Ведь именно  молодежь и есть будущее государства!

Дауренбек:

Батырбек Ғабиттің орындауында «Мен қазақпын» әнін қарсы алайық

Дәуренбек:

Құрметті қауым!

Ортаға осы күнге дейін колледждің президенттік міндетін атқарып, колледж саясатының жүзеге асуына үлес қосқан Тұяқбай Мұқанды және оның құрамын шақыруға рұқсат етініздер!

«Интердент» медициналық колледжінің туы кіргізілсін!

Фанфары. Выход Президента.

Биыл біздің колледжіміз үшін ерекше жыл 2019-2020жылы колледжіміздің жаңа президентін сайланды. 2019 жылдың 27-28 қараша күндері  1 және 2 курс аралығында және 29 қараша күні 3және4 курс аралығында  өз  кандитатурасын ұсынған 12 үміткер  сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді.

2019 жылдың 4 желтоқсан күні колледжімізде сайлау өтті. Сайлауға барлығы 453 сайлаушы дауыс берді. Нәтижесі бойынша  «Интердент» жоғарғы медициналық колледжің  президенті болып 103 дауыспен 108 топ білімгері Алтынбек Біржан  Серікұлы сайланды.

Лейла:

Внимание на экран.

Демонстрация видеоролика «День выборов».

 

А сейчас мы с большим удовольствием приглашаем вновь избранных Президента и состав студенческого самоуправления, которые подтвердят свою деятельность в развитие колледжной политики как словом, так  и делом.

                              Вот он – наш лидер, наш победитель!

Фанфары. Выход Президента. Внос флага ВМК «Интердент».

Лейла:

Для поздравительного слова приглашаем Почетного работника образования Республики Казахстан, кандидата педагогических наук, директора вышего медицинского колледжа «Интердент» Токбергенову Гульмиру Тельмановну!

 

Дәуренбек:

Рахмет, Гульмира Тельманқызы!

Ал, енді кешіміздің ең маңызды сәтіне де уақыт келді!

Колледжіміздің жаңа сайланған Президентіне Президенттік Кодексті және «Интердент» жоғарғы медициналық колледж туын тапсыру рәсімін бастаймыз!

 

Фанфары.

Внимание!

Торжественная клятва Президента колледжа!

 

Фанфары.

Церемония клятвы Президента

Дәуренбек: Ант қабылдау рәсімі

Лейла: — Внимание! Звучит клятва президента.

Ант

– Президент лауазымына кірісу кезінде, өз жолдастарымның және оқытушыларымның алдында, Президент атағын жоғары көтеруге және сақтауға ант етемін,

-Көшбасшы болуға, барлық іс-әрекеттеріммен аудан мен облыста колледжіміздің беделін арттыруға ант етемін.

-Колледжіміздің барлық студенттерін мүддесінде әрекет ету, олардың құқықтарын қорғау. Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ колледжімізідің нормативтік құжаттарын сақтау, біздің колледжімізге  байланысты барлық адамдардың мүддесінде өз міндеттерін орындауға ант етемін.

 — Интердент жоғарғы  медициналық  колледж Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!

Дәренбек: Колледжіміздің туын салтанатты түрде тапсырылсын

Дауренбек: Гимн МК «Интердент»

Дауренбек:

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.
Қазақстан  халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық.  Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз.

Лейла:

Казахстан – это высокие горы, золотые степи, прозрачные реки и озера, это искусство акынов и художников; это музыка кюев, народные легенды и сказки. Но самое главное богатство Казахстана – это мир, долгие годы царящий на земле, Ведь здесь живут люди разных народов, у каждого — свой язык, свои обычаи. Но всех людей объединяет дружба и понимание.

Дауренбек:

Алтынбек Біржанның орындауында  «Қазақтың ұлымын» әнін қарсы алайық!

Дауренбек: Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі 
Ұлы мақсат жолындағы  жұмысымыз табысты болсын деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде жолыққанша!!!