Эссе на тему » Ұстазсыз шәкірт — тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» 

Маникова Гульмира Орынбаевна
Преподаватель специальных дисциплин
.
.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы
 
Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға — ұстаз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар — біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұстаз әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
ХХІ ғасырдың ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш — жігерін, парасат — қуатын сала білетін маман иесі. Бұл ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция сапасы ретінде еліміздің экномикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, ұстаз мамандығының парызы алдына білім алуға келген әр оқушыны өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтейтін, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету.