Философия негіздері пәнінен сабақ жоспары Философиядағы адам мәселесі

Макулбекова Акерке Макулбековна

Тарих пәнінің оқытушысы

.

.

Мақсаты:

Білімділік:            Студенттерге философиядағы адам мәселелерін жан-жақты талқылау   арқылы ойларын қорытып, алған білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:  Студенттердің логикалық ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:             Студенттердің туған жерін қорғауға деген ынта-жігерін арттыруға, адамгершілікке сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, тұлға ретінде қалыптасуарына жол ашу.

Пәнаралық байланыс: География, қазақ тілі, саясаттану, дүние жүзі тарихы.

Көрнекілігі: Слайд-презентациялар, тірек схемалары, карточка сұрақтары, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

                                   Сабақты өткізу барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1Студенттермен сәлемдесу; олардың сабаққа қатысуларын қадағалау.

2.Зейіндерін сабаққа аудару, оқу құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру:

 

Білімгерлерге сұрақтар жазылған карточкалар беру арқылы үй тапсырмасын сұрау.

 

1.Таным теориясы дегеніміз не?  

2.Танымның субъектісі

3.Танымның негізгі формалары.

  1. 4. Ой тұжырымы дегеніміз не?
  2. 5. Танымның негізгі мақсаты

6.Сезімдік таным дегеніміз не?

  1. Абайдың он тоғызыншы қара сөзіндегі таным процесі

                                     

Үй тапсырмасын тест тапсырмалары арқылы тексеру.

 

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау:

 

Философиядағы адам мәселесі

  1. Философия тарихындағы адам мәселесі
  2. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық алғышарттары

ІV. Тірек білімді жандандыру :

      Гректің «antropos»-адам және «logos» ілім сөзінен құрылған. Антропология –адам туралы ілім. Философиялық антропология — адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.

  1. Жаңа тақырыпқа ынталандыру:

       Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас деседе болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі , оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой толғауларынан туған.

 

  1. Жаңа білімді игерту:

    Жалпы сіздер білесіздер философияның басты ерекшелігі –әлемді бүкіл дүниені тұтас қарастырады, яғни ол дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Өйткені дүниені танып білуге құштарлығы оянған тіршілік иесі, ол адам.Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі,алдыңғы негізгі өзегі етіп тікелей адамдық мәселелерді алды.Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп алған «адамсүйгіштік» қасиет адамды басқаларды сыйлайтын ,сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады.Осыған орай ол мынандай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі.Олар: «тең орта», «адамгершілік», және «өзара сүйіспеншілік»

Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Буддизм ілімі бойынша, өмір- қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Тарихшы антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі басқа болуы мүмкін,биолог пен дәрігердің түсініктері де тағыда бір-біріне ұқсамауы ғажап емес. Өйткені, олар адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз мамандығы тұрғысынан қарайды. Адам барлық әлемнің өзі үшін, адамзат үшін құндылығын мойындайды, оған солай қатынас жасайды, себебі өзін де сол дүниеге тепе-тең құнды жаратылыс деп қабылдайды.

 

VІІ. Енді өтілген жаңа тақырыпты интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып  діни гипотеза бойынша видео  көрейік.

 

VIII. Жаңа тақырыпты бекіту:

 

 

       М. Мақатаевтің өлеңіндегі философиялық мәселелерді тауып талдау.

Адам қайдан жаралған?

Осынау бір сұрақты

Топшылаймыз сан алуан,

Жауабы жоқ тұрақты.

Ұғынамыз ғылымнан

Топшылаймыз діндерден

Адам қайдан туылған?

Тәңірі оның кім көрген!

Судан ба әлде оттан ба,

Жерден бе әлде күннен бе,

Бардан ба әлде жоқтан ба,

Маймылдан ба пілден бе?

Әр нәрсеге үңілдік ,

Ұқсап бақтық әркімге,

Ақыры көп жүгіндік

Ғұлама шал Дарвинге.

…. Мен адамнан жаралдым,

Ниетім жоқ айнуға.

Баласымын адамның,

Ұқсағым жоқ маймылға.

Кісі емеспін –Адаммын!

 

 

 

Осы өтілген тақырыптар бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріңдер!

 

  1. Шәкәрім философиясының негізгі ілімі. Жауабы: Ар ілімі
  2. «Ағып жатқан өзенге екі рет түсе алмайсың» Мағынасын түсіндіріңдер. Жауабы: Өмір өткінші. Еш нәрсе қайталанбайды. Уақыт кері жүрмейді.
  3. Конфуций ілімінің негізгі өзегін атаңыз? Жауабы: Адамгершілік мәселесі.
  4. Абай философиясындағы «толық адам» идеясын ашып түсіндіріңдер? Жауабы: Ғылым. Әділет. Рахым. Осы үш қасиетті бірдей ұстау.

 

 2.Сөзжұмбақ шешіп толтыру.

Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ

 

Ф и л о с о ф и я  
  а қ И қ а т  
  ә Л е у м е т т і к  
  А р и с т О т е л ь  
    С о к р а т  
  Б О л м ы с  
  Ф е й е р б а х  
К о н ф у ц И й  
  И н ь Я Н  
  1. Материя мен сана, таным мен болмыс , адам мен қоғам жайлы , адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған жүйеленген ғылыми ой пікірдің теориялық жиынтығын не деп атаймыз?
  2. Субъект пен объект арасындағы өзара байланыстағы тарихи процесс.
  3. Адамның үш түрлі өлшемінің бірі
  4. «Адам қоғамдық хайуан » деген философ.
  5. «Менің білетінім-ештеңе білмейтінім, ал басқалары мұны да білмейді» деген философ.
  6. Дүниедегі тіршілік етуші, бар заттардың барлығы қалай аталады.
  7. «Менің болуымның міндетті шарты сенің болуың, басқалардың болуы»
  8. «Өзіңе жасалғанын қаламайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама»
  9. Ер мен әйел бастамасы ,жақсылық пен жамандық , аспан мен жер дүниедегі барлық қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі

 

  1. Қорытындылау, бағалау: Студенттер білімін бағалау.

 Х. Үй тапсырмасы: Алғашқы адамның пайда болуы жайлы гипотезаларды оқу, деректі фильмдерді көру, өз ойларыңызды қорытындылап бір тұжырымға келу.

    

Пайдаланған әдебиеттер:  Г.А Кактаева «Философия негіздері» Интернет материалдары