Газ шаруашылығында кездесетін металдардың құймалары

Усенов Сарсен Сандибаевич
.
.
Сабақтың мақсаты:      
а) Білімділік мақсаты:                    металл және олардың құймалары туралы
                                                           білім бере отырып,жіктелуі, қолданылуы
                                                           және практикалық маңызымен  таныстыру.
 
б) Дамытушылық мақсаты:          металл және олардың құймалары жайлы
                                                           білімдерін тереңдетіп, білімділік дағды-
                                                           ларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге,
                                                           маңыздысын іріктеп алуға, талдау жас-
                                                           ауға, есептер шығара алуға үйрету.
 
 в) Тәрбиелік мақсаты:                   өз бетімен білім алуға және алған білімдерін
                                                           іс жүзінде қолдана білуге, пәнге деген
                                                          жауапкершілікке тәрбиелеу.
 
Сабақтың  көрнекіліктері:          Интербелсенді   тақта, слайдтар,      
                                                           видеороликтер,  сызба   көрістер.
 
Сабақтың  түрі:                             Ашық  сабақ
 
Пәнаралық  байланыс:                   қазақ тілі, химия,металдар технологиясы
                                                           және конструкциялық  материалдар.
 
Ұйымдастыру  бөлімі:
а) Студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қатысын, құрал-                     жабдықтарын, сынып тазалылығын тексеру.
ә) Үй тапсырмасы: Металдардың технологиялық және эксплуатациялық қасиеттері.
б) Жаңа сабақ.Жаңа  сабақтың мақсатымен таныстыру. Жаңа сабақ түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Есептер шығару. Cөздікпен жұмыс
в)Сабақты бекіту.
Студенттерді бағалау. Үй тапсырмасын беру.
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
Үй  тапсырмасын  сұрауда  берілген  тақырыпты  яғни  металдардың технологиялық  және  эксплуатациялық  қасиеттерін  сұрақтар  қою  арқылы пысықтаймыз!
Сұрақтар:
1)  Металдардың технологиялық қасиеттері нелерді сипаттайды?
2)  Негізгі технологиялық қасиеттерге жататындар?
3)  Металдарды кесу арқылы өңдеу?
4)  Металдардың пісірілуі?
5)  Металдардың сомдалуы?
6)  Металдардың құйылу қасиеттері?
7)  Негізгі құйылу қасиеттері нешеге бөлінеді, атаңыз?
8)  Металдардың сұйық аққыштығы?
9)  Металдардың кристалдану барысында шөгуі?
10)  Эксплуатациялық қасиеттері
11)  Металдардың тозуға төзімділігі?
12)  Эксплатациялық қасиеттерді нелерді жатқызуға болады?
    Темірі бар құймалар: Шойын
    Алғашында темір тотықсызданғанда қатты күйде болады, домнаның төменгі жағындағы жоғарғы температураға келгенде көміртекті ерітіп химиялық қосылыс цементит Fe3C түзеді,
3FeO+5СO=3Fe+4CO2
3Fe+С=Fe3C  түзілген цементит те темірде еридіде, көміртектенген темір төмен түсіп (көрікте) тотықсызданып шыққан марганец пен кремнийді тағы ерітіп шойын түзеді.
    Темірдің құймасы: көміртекті болат
Шойынның механикалық қасиеттері мақтарлықтай емес, себебі құрамындағы көміртек оны оңай жарылып морт сынғыш етеді. Сондықтан өндірілетін шойынның 25%-ы ғана шойын ретінде ұсталып75%-ы болатқа өңделеді. Шойынды болатқа айналдырудағы негізгі жұмыс құрамындағы көміртекті азайту, ол үшін көміртекті жандырып, оксидке айналдырып ұшырады, бұл кезде марганец пен кремнийде тотығады. Фосфорды қожға айналдыру арқылы азайтады ал күкірттен құтылу қиынырақ жұмыс.
     Шойынды болатқа өңдеу
Шойынды болатқа өңдеудің бірнеше технологиялық әдістері бар. Көп тарағаны оттек – конвертор және мартен әдістері. Мартен әдісі қазіргі кезде көп қолданылмайды. Тиімді әдістерге конвертор және электролиздік әдістері жатады. Болат – өте маңызды материал. Болаттан аспанмен таласқан мұнаралар, аспалы көпірлер, пойызға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия т.б жасалады.
     Болаттың құрамы
Болат темір мен көміртектің құймасы (0.04-2% және қосымша марганец – 1%), кремний (0.4%), күкірт (0.08%), фосфор (0.09%), ал егер легирленген болса оған хром және никель қосылған. Болат – заманауи техниканың негізі. Ол мықты берік, жеңіл, жемірленуге төзімді. Ерте кезде қымбат металл болып саналған. Ең бірінші одан мылтық, қару жарақ жасалған.Оның отаны – Индия. 19 ғасырға дейін оны тек қару жарақ жасау үшін қолданылып келген. Ал 1830 жылы Англия одан тұрмыстық заттарды жасай бастады: әр түрлі қобдишалар, сандықтар т.б. Ал ғасырда болаттан стол шамдары, тұрмыстық керекті заттар жасала бастады. Шойын әртүрлі өңдеуден кейін алтын түсті, қызыл, көк, жасыл т.б түсті болады.
Студенттерді бағалау. Студенттердің үйге берілген тақырып бойынша
          берілген сұрақтарға  жауап  беруіне, белсенділігіне   қарай  бағалаймын.
Үйге тапсырма: Құймалар  жайлы  жалпы  мағлұматтар  оқу  және төменде  берілген  есептерді  шығару.
Суға массасы 4,6г натрий мен 3,9каллийден тұратын құйманы салса, қанша көлем сутек (қ.ж) бөлінді?
Құрамында хром (III) оксиді және 12%қоспасы бар 20кг кеннен алюминотермиялық жолмен алынған хромның массасын есептеңдер