Газтурбиналық қондырғылардың сұйық отынды жағуы үшін құю, сақтау және дайындау ерекшеліктері

Жетпісбаев Олжас Берікұлы
колледж білім алушысы
.
.
Сұйық отын шаруашылығын пайдалану кезінде қазандықтар мен газ турбиналық қондырғылардың жүктемесімен және ернемектің қалыпты жұмысының қысымымен және тұтқырлығымен байланысты көлемде жылытылған және сүзілген отынды үздіксіз жеткізумен қамтамасыз етіледі. 
Мазуттың құйылу лотоктарынан құйылуы аяқталғаннан кейін цистерналар толығымен және қақпақтарымен (тормен) жабылмайтын жерлеріндегі лотоктарынан ағызылуы тиіс. Ағызып алынған ыдыстың алдында орнатылған лотоктар, гидрожапқылар, шандорлар мен сүзгілер қажеттілігінше тазартылады.
Мазут шаруашылығында бу параметрлері жобалаумен сәйкес болуы тиіс. 
«Ашық бумен» мазутты құю кезінде қыздыру құрылғысынан сыйымдылығы 50-60 м3 цистернаға кететін будың жалпы шығысы 900 кг/сағ аспауы тиіс. 
Мазутты құюда (цистерналарда, лотоктармен ағызып алу ыдыстарында) мазут айдап қотару сорғыларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін температураға дейін қыздырылады. 
Құюға арналған ыдыстардағы және резервуарлардағы мазут температурасы 90 0С жоғары болмауы тиіс. 
Жабдықтардың жылу оқшаулағышы (резервуарлар, құбырлар мен басқа да жабдықтар) жарамды болуы тиіс. 
Байқалған кемшіліктерді жоя отырып резервуарлар мен құюға арналған ыдыстардың ішкі тексеруі 5 жылда 1 реттен кем емес жүргізіледі. Қажет болған кезде олар түпкі тұнбалардан тазартылуы тиіс. 
Сұйық отынды сақтау үшін энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен барлық құюға арналған ыдыстар мен резервуарларға арналған бөлшектеу кестесі құрылады. 
Бекітілген кесте бойынша мыналар жүргізіледі: мазут құбырлары мен арматураларды сыртқы тексеру – жылына 1 реттен жиі емес қазандық бөлімінің айналасы – әр тоқсанда 1 реттен жиі емес және арматураның таңдамалы ревизиясы – 4 жылда 1 реттен емес өткізіледі. 
Қазандыққа берілетін мазут тұтқырлығы механикалық және бу-механикалық ернемектер үшін 2,5°ШВ (16 мм2/с), бу және ротациялық ернемектер үшін 6°ШВ (44 мм2/с) аспауы тиіс. 
Отын сүзгілері есептеу жүктемесі бойынша бастапқымен (таза күйінде) салыстырғанда олардың кедергісінің 50 % артуы кезінде тазартылыады. 
Тазалау кезінде сүзуші торларды күйдіруге жол берілмейді. Мазут қыздырғаштар олардың жылу қуаттылығының номиналдыдан 30 % төмендеуі кезінде тазартылады. 
Резервтік сорғылар, қыздырғаштар мен сүзгілер жарамды және іске қосуға әрдайым дайын болуы тиіс. 
Жұмыс істеп тұрған сорғыдан резервке қосылуы мен жоспарлы ауыстырылуын тексеру кесте бойынша айына 1 реттен жиі емес жүргізіледі. Автоматтық құрылғылардың жарамсыздығын тексеру техникалық басшының бекіткен бағдарламасы мен кестесі бойынша әр тоқсанда 1 реттен жиі емес жүргізіледі. 
Отын құбырларын немесе жабдықтарды жөндеуге шығарған кезде олар жұмыс істеп тұрған жабдықтан сенімді ажыратылады және дренаждалады және ішкі жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған кезде буландырылады. 
Отын құбырларының ажыратылған учаскілерінде бу немесе басқа спутниктер ажыратылады. 
Ішінде ұзақ мерзім бойы түпкі қабаттан (0,5 м-ге дейін) алынған отын сақталған мазуты бар резервуарды іске қосудан алдын ылғалдылыққа талдау жасау үшін мазутқа сынақ жүргізілуі және қазандыққа тұрып қалған су мен біршама суланған мазуттың түспеуі үшін іс-шаралар қолданылуы қажет. 
Бекітілген кесте бойынша аптасына 1 реттен кем емес температураның айтарлықтай жоғарылауы мен төмендеуі және жанып тұрған қазандықтың отын қысымының төмендеуі, резервуарлар мен құюға арналған ыдыстардағы отын температурасын өлшеу үшін арналған құралдар мен деңгей өлшеуіштерінің қашықтықтан басқару қалқандарына берілген көрсеткіштерінің дұрыстығының дабыл әрекеті тексеріледі. 
Сұйық отынның басқа да түрлерін жағуға қабылдау, сақтау және дайындау жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. 
Сұйық отынды жағу үшін құю, сақтау және жеткізу кезінде оның сулануына жол берілмейді. Құюдан кейін цистернаны буландыру қажеттілігі туындаса, булану нәтижесінен суланған өнімдері мазут қоймасының арнайы ыдыстарына жіберіледі. 
Отынның ағызылуы жабық тәсілмен ұйымдастырылады. Отынның ластануы мен оның тұрып қалуына жол бермеу үшін ағызу қондырғылары, олардың коррозияға қарсы жабыны, бу серіктері мен арматуралар жарамды күйде болуы тиіс. 
Резервуарлардағы сұйық отынның төмегі және жоғарғы температуралары жергілікті нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. 
Отын резервуарлардан газ-турбиналық қондырғыларға (бұдан әрі – ГТҚ) жеткізу үшін жоғарғы қабаттарда қалқушы құрылғылардан алынады. 
Резервуарлардың түпкі қабаттарынан алынған отын сынамалары түгендеу кезінде және резервуарды іске қосу алдында іріктеледі. Түпкі қабатта 0,5% аса сулану байқалған кезде ылғалданған отынның жануын алдын алу бойынша шаралар қолданылады. Суланған қабат «өлі» қалдықтың деңгейінен асып кеткен кезде ылғалданған қабат арнайы мазут қоймасынының ыдыстарына сорып алынады. 
Жылытудың циркуляциялық жолымен резервуарлардың ішкі тексеруі 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі, бумен жылыту резервуарлары – жыл сайын ішкі резервуарлық қыздырғыштардың тығыздығын міндетті суытқыш мұнаралық сынап, коррозияға қарсы жабынның зақымдануын жояды. Резервуарлар қажетілігі бойынша түбіндегі шөгінділерден тазартылады. 
Монтаждағаннан немесе жөндеуден кейін сұйық отынның құбыржолдары жүйенің үш дүркін сыйымдылығына сәйкес көлемде бумен немесе тығыз ауамен үрленеді немесе химиялық жууға және жүйенің үш мәрте сыйымдылығына сәйкес көлемде одан әрі газтурбиналық отынмен жуа отырып пассивацияға ұшырайды. 
ГТҚ-ға берілетін отын тұтқырлығы: механикалық ернемектерді қолданған кезде – 2° ШВ (12 мм2/с), әуе (бу) ернемектерін қолданған кезде – 3° В (20 мм2/с) аспауы тиіс. 
Сұйық отын ГТҚ-ның дайындаушы-зауыттардың талаптарына сәйкес механикалық қоспадан тазартылады. 
Өндірістік нұсқаулықтарда тазартылуға тиіс сүзгілерге кіруде және олардан шығуда арын құламасының жол берілмейтін мәні көрсетіледі. 
Отын сапасын бақылау мерзімділігі және жағу үшін отынды жеткізу мен сақтау кезіндегі, сынаманы таңдау орны мен сапасын анықтаушы көрсеткіштері өндірістік ңұсқамамен белгіленеді.