Глюкозаның атаулары мен жіктелуі, қасиеттері

Малдагулова Динаш Кожахметовна
Химия пәні мұғалімі
.
.
Сабақтың оқыту мақсаты:    Көмірсулар туралы  оқушыларға жалпы түсінік беру, түрлі белгілері бойынша  жіктеу,қасиеттері, алынуымен танысу. Көмірсулар  туралы білім қажеттілігін қалыптастыру.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту.                                  
Күтілетін нәтиже:  Оқушы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Әртүрлі тақырыпқа тиісті мәселелерді талдай отырып, ойын қорыта алады. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта отырып, берілген әрбір тапсырманы дер кезінде орындай алады.
 Сабақтың көрнекілігі:  Химия оқулығы – авторлары: Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов,Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова Алматы «Мектеп» 2015, интербелсенді тақта, компьютер, дидактикалық материалдар, карточкалар 
Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар:    http://itest.kz/exam_test?test_id=190181419
Қолданылатын  әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жеке, жұптық,  топтық жұмыс.
Ұйымдастыру  кезеңі: Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу.
Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау: сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;оқушыларды психологиялық дайындау                                
Оқушыларға білімді  саналы ,белсенді
түрде меңгеруге дайындау кезеңі: оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру,оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға бейімдеу;

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Жаңа сабақ

Анықтама.

Көмірсулар – табиғи органикалық қосылыстардың маңызды кластарының бірі. Көмірсулар (қанттар) – көміртек, сутек және оттектен тұратын органикалық қосылыстар.   

Көмірсулардың жіктелуі:

1.Моносахаридтер (глюкоза,фруктоза)

 2.Дисахаридтер  (сахароза)

3. Полисахаридтер (крахмал,целлюлоза)

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11006-komirsular_komirsulardyng_zhiktelui

 

 

 

 

Негізгі ұғымдар:

      

Көмірсулар

Формуласы

Глюкоза

 

Тетроза

 

Пентоза

 

Гексоза

 

Фруктоза

 

Рибоза

 

Дезоксирибоза

 

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11001monosaxaridter_   zhane_disaxaridter                                                                                                                                                                                                                                                          Глюкозаның табиғатта түзілуі.

а/ фотосинтез реакциясы нәтижесінде

ә/ формальдегидті синтезду

б/ полисахаридтерді гидролиздеу

Физикалық қасиеттері: түссіз,қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді

Сабаққа

Қызығушылы-ғын ояту

 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау

Аталған  заттардың  қасиеттері ішінен тұжырымдаманы

«иә» және «жоқ» деген жауаптармен көрсетіңіз:

 1. Көмірсулардың жалпы формуласы Сn(H2O)m                                            

2.Көмірсулар: моно-,ди-, полисахаридтер деп жіктеледі                        

 3.Глюкозаның молекулалық формуласы  —  С5Н12О6                                                

 4.  Глюкоза — бұл ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін зат                

 5.  Глюкоза молекуласында 4 гидроксил тобы  бар                                

 6. Глюкоза – бұл  альдегидоспирт                                                            

 7. Фруктоза – глюкозаның  класаралық изомері                                      

 8.  Адам және жануарлар қанында 0,1% дейін  глюкоза болады           

 9. Өндірісте глюкозаны сахарозаның гидролизі нәтижесінде алады                                                                                                      

10. Глюкозаны ағзаға оңай сіңетін және оған күш беретін емдік препарат   ретінде қолданады.

Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары шығады. 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау, реакция теңдеулерін құру, тест тапсырмаларын орындау

Реакция теңдеулерін құру.

1.     Фотосинтез процесінің түзілу реакциясы

2.     Глюкозаның ашу реакцияларының түрлері   

а/ спирттік ашу

ә/ сүтқышқылды ашу

     http://itest.kz/exam_test?test_id=190181419

 
Сабақты қорытындылау

 

Химиялық диктант

1. Моносахаридтер ……………… қарапайым қантты заттар.

2. Қантты заттарды ең алғаш рет  …………….. 1861ж кальций гидроксиді қатысында  ………. гидролиздеп алды.

3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, ………. этанол түзіледі.

4.    ……………….. жеміс қанты деп аталады.

5.  Дисахаридтер  …………., моносахаридтердің   …. молекуласына ыдырайды.

6. Сахарозаны балқытып қатырса …….. мөлдір масса түзіледі.

7. Глюкоза артық мөлшерде …………… айналып ………….. қор болып жиналады.

8. Глюкоза адам организмінде   …………….. процесіне қатысады.

 

Бағалау.

Оқушыларды алған білімдеріне қарай бағалау.

Үйге тапсырма:   

§3.17

№ 10,13  есептерді шығару