Халықаралық және аймақтық стандарттау

Студент группы 50 ОП-б: Мубаряков Рашидин Хасамдинович
Руководитель: Алимходжаева Айгерим Талгатбековна

.

.

Халықаралық стандарт— стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт (Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 қарашасындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы).

Халықаралық стандарттар құрамындағы адамдардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ақпараттың құндылығы арқасында елдер арасындағы сауданы кеңейтуге арналған негізгі құжаттар болып табылады.

Халықаралық стандарттаудың басты идеясы болып жасалып қойған ұлттық стандарттардың негізінде халықаралық стандарттар әзірлеп, оларды ұлттық деңгейде жүзеге асыру табылады. Сондықтан да халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттері бар ұлттық стандарттарға әсер ету үшін кеңестер дайындады. Алғашқы кеңестер («Өнеркәсіптік өлшемдер үшін стандартты анықтамалық температуралар») 1951 жылы пайда болды, ал 1957 жылы ИСО-ның онжылдығында барлығы 57 кеңестер болды. Бірақ, осыған қарамастан кәсіпорындар оларға тәуелсіз халықаралық стандарттар ретінде жүгіне алмады. Осыған байланысты, халықаралық стандарттарды қабылдауға бағдар алған жұмысты қайта құру басталды.

 

Стандарттаудың әлемдік ауқымда дамуын айқындайтын негізгі факторлар болып табылатындар:

— нарықтың жаһандануы;

— өнеркәсіптік техникалық интеграцияның күшеюі;

— техникалық прогрестің жылдамдауы;

— әлемдік сауда көлемдерінің өсуі;

— бәсекелестіктің өсуі;

— өнімнің жаңалану циклының қысқаруы;

— қызмет саласында жалпы ұлттық өнімнің өсуі;

— қоршаған ортаны қорғаумен байланысты аспектілердің көбеюі;

— өнімді қолданудан зиян шегу тәуекелінің төмендеуі.

Сонымен қатар, стандарттауды дамытудың басты стартегиялық бағыттарына келесілер жатқызылды:

— экономиканың әр түрлі салаларында стандарттардың қажеттілігіне талдау жасау;

— басым бағыттарды анықтау;

— тұтынушыларды тиімдірек қанағаттандыру;

— жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарды кеңейту;

— қызмет саласындағы стандарттаудың дамуы;

— ақпараттық технологияларды қолданудың кеңеюі.

 

Стандарттау бойынша ұлттық органдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылатын стандарттау бойынша Халықаралық ұйым, Лондонда БҰҰ шешімі бойынша 1947 жылы стандарттау бойынша 25 ұлттық үйым тарапынан құрылған болатын.

Оның атауын таңдау кезінде isos — «тең» грек тілінен алынған сөзді пайдалану шешілген еді. Сондықтан әлемнің барлық тілдерінде стандартау бойынша Халықаралық ұйым ISO (ИСО) деген қысқаша атқа ие.

Бұл үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы, электротехника және Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) құзыретіне қарасты электротехникалардан басқа стандарттауды барлық салаларда қамтиды. ИСО сертификаттау мәселелерімен айналысады.

ИСО-ның басты міндеті бүкіл әлемде ғылыми — техникалық, технологияық және экономикалық қызметтің интелектуалды меншіктілік саласында тауармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттау дамуының және қызметтің шектес түрінің стимулдануы болып табылады.

ИСО қызметінің тәжірибелік нәтижесі халықаралық стандарттардың қызметтің әр салаларында қабылдануы мен шығарылуы және даярлану жолмен қол жеткізілетін халықаралық келісімдер болып табылады. Халықаралық келісімдерді даярлау кезінде ИСО өнім (қызмет) өндірушілер, тұтынушылар, үкіметтік орталар, ғылыми — техникалық және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптардың сенімдерін ескереді.

 

 

 

Аймақтық стандарттау – әлемнің бір ғана не географиялық, не экономикалық аймақтарында, яғни мемлекеттердің бір ғана салаға сай органдарға тиесілі стандарттау. Аймақтық стандарт  — стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар қабылдаған стандарт.

Аймақтық стандарттау – әлем бойынша жеке бір ғана мемлкеттік органдарға, яғни географиялық, политикалық және экологиялық ауданға тиесілі қызмет түрі. Аймақтық стандарттау аймақтық мекемелердегі мамандардың көмегімен жасалады. Стандарттау бойынша танымал бірнеше аймақтық мекемелерді атауға болады. Мысалы, стандарттау бойынша жалпыеуропалық мекемелер:

  • СЕН (CEN — European Committee for Standardization);
  • СЕНЕЛЕК (CENELEC — European Committee for Electrotechnical Standardization);
  • ETC И (ETSI — European Telecommunications Standards Institute);
  • Станддарттау бойынша скандинавиялық  мекеме (ИНСТА);
  • Панамерикандық стандарттау комитеті (КОПАНТ);
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) стандарттау;

Жалпыеуропалық стандарттау жүйесінің басты мақсаты болып ішкі және сыртқы сауда айналымдарында еуропалық өндіріс орындарының бәсекелесу қабілетін арттыру негізінде өзін-өзі басқара алатын бірыңғай сауда нарығы механизмін құру жолында техникалық кедергілерді жою болып табылады.

Жалпыеуропалық стандарттау жүйесі келесі принциптер негізінде құрылады:

  1. айқындық;
  2. ашық
  3. бәтуаластық (консенсус);
  4.  келісушілік.