Халық мұрасы 7 — сынып

Құрастырушылар:
                                                                     қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері:
                                                                          Баймухамбетова  У.С.
                                                                Жамантаева С.Г.
                                                           Ибраева Г.Б..
                                                               Медебаева Д.М. 
.
.
      Тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға,сақтауға деген қызығушылығы арта түсті.
     Тәрбие беру – сан-сапалы шексіз рухани күш. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор.Болашақ ұрпаққа заманауи өзгерістерге қарамастан  дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке, ұлттық мінез бен жеке дара қасиеттерімізді сақтап қалуға тәрбиелеу бүгінгі күнде заман талабы.
     Әдістемелік құралының негізгі идеясы халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып балаға  ұлттық салт-сананы танытып үйрету:әдет,әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы алғашқы түсініктер қалыптастыру, өзге ұлт балалары үшін қазақ тілін үйрену, этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу.
      Білімді меңгеру барысын анықтау түрлері:
-сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талдау арқылы
-қазақтың салт-дәстүріне байланысты жинақталған тақырыптық ғылыми жұмыстарын қорғау, талдау.
-мұғалім әрбір тақырып бойынша тіл дамытатын тапсырмалар береді, сұрақ тапсырмалар арқылы курсты меңгеру деңгейінен анықтайды.
-оқушының білім деңгейін «меңгерді», «меңгермеді» деген қорытындымен айқындалады.
      Меңгеру деңгейінің талаптары.
    Бұл курсты оқыған оқушылар мына мәселелерді білуге тиіс:
         -қойылған сұрақтарға толық, дұрыс жауап беру;
-кластер мен ауызша жұмыстарын қорғау кезінде сөйлеу, талдау, дәлелдеу әдістерін қолдана отырып түсіндіру.
      Оқушылар төмендегідей біліктілік дағдыларын көрсетуі керек:
        -өтілген тақырып бойынша қосымша іздену, жинаған деректер мен дәйектерді ауызша немесе жазбаша түрде баяндау;
-мерзімді баспасөз материалдарын, кітапханадағы қосымша әдебиеттерді тиімді пайдалана білу;
-қазақтың салт-дәстүріне байланысты қағидаларға өз пікірін, көзқарасын білдіру және сыни тұрғыдан бағалау;
-өз пікірін дәлелдеп, тиісті қорытынды – түйін жасау;
-өз беттерінше реферат, шығарма, конспект дайындап, оқушылар алдында қорғау, пікірталастарға қатысу;
-тақырыптық мәтінді  мазмұндап, көркемдеп баяндау;
-оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу;
-кез-келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе білу;
-тілдік тәсілдерді, стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану.
 
 
 
 
І.  Қасиетті қара шаңырақ
Киіз үйдің құрылымы.
Алдымен мына бір жұмбақтың шешуін тапсаңыздар деймін. 
Жұмбақ
 

Төбедегi көзiнен 
Күн сәулесi түседi 
Бұрышы жоқ төрiнен 
Самал еркiн еседi. (Киіз үй) 
Бұл жиналған қысқа материалдарын оқып, есте сақтаңдар.
Киіз үй-көшпелі халықтың баспанасы 
-қысы-жазы тұратын баспанасы 
-қолайлы –ыңғайлы баспанасы 
-тез тігеді,құрайды 
-қыста жылы,жазда салқын 
-киіз үйдің «қаңқасы»,«сүйегі» деп атайды 
-қаңқасы,сүйегі: шаңырақ,кереге,уық,есік-сықырлауық. 

Шаңырақ /-тың / маңызы зор 
-үй,әулет,отбасы деген мағынада айтылады 
-ерекше бөлігі 
/ -ты/ «Қара шаңырақ» деп атайды 
/ -ты/ жаңартпайды 
/ -ты/ ер адам көтереді. 

Кереге- тігу оңай емес 
-биіктігі 2 метрдей 
-3,4,5,6,8,12,18,24,30 қанатты болады 
— 30 қанат хан ордасы 
/-нің/ әр бөлігін «қанат» деп атайды. 

Босаға-ерекше бөлшегі 
-маңдайшадан тұрады 
-табалдырықтан тұрады 
-екі жақтағы ағашты «таяныш» дейді 
-сықырлауық-есік орнатылады. 

Уықты — шаңыраққа шаншады 
-керегеге баумен байлайды. 

Киіз/-дің/ 4 түрі бар 
— туырлық,үзік,түндік,киіз есік 
— туырлықпен керегені жабады 
— үзікпен уықты жабады 
— түндікпен шаңырақты жабады. 
Киіз үйдің сүйектері
шаңырақ кереге уық сықырлауық

 Мақалды жалғастырыңдар:
А « Жеті атасын білмеген ….»
Б « Мыңның жүзін білгенше,…»
Жеті ата                                Жеті ұрпақ
  1. Бала 1. Әке
  2. Әке 2. Бала
  3. Ата 3. немере
  4. Арғы ата 4. Шөбере
  5. Тек ата 5. Шөпшек
  6. Түп ата 6. Немене
  7. Баба 7. Туажат
Сұрақ : — «Жеті ата», « Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер?
— « Жеті атаңды» білесің бе?
  « Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
       
Бір Қазақстанның жеті кереметі туралы айттып бер.
 
 Қазақстанның жеті кереметі:
  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
  2. Тайқазан
  3. Айша бибі мазары
  4. Тамғалы жартас суреттері
  5. Алтын адам
  6. Домбыра
  7. Күлтегін ескерткіші
 
Мақал – мәтелдерді оқып, аудар:
  1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.
  2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
  3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
  4. Мыңның жүзін білгенше,
    Бірдің атын біл.
5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
  1. Бірінші байлық- денсаулық,
    Екінші байлық – ақ жаулық,
    Үшінші байлық- он саулық.
  1. Елуінде ер- дана,
     Елуінде ел- жаңа.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                       
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, Мектеп, 1976.
  1. Байқұл Т. Қазақы тәрбие. – Алматы, Өркениет, 2002.
  1. Бектұров Ш.Қ., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі, — Атамұра, 2008.
  1. Кенжеахметұлы С. Жеті Қазына, 1, 2 кітап – Алматы, 2002.
    
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтама.- Алматы, Аруна, 2005.
  1. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, Қазақстан, 1995.
  1. Құралұлы А.Ұлттық дүниетаным.- Алматы, Өнер, 2002.
  1. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алма –Ата: Қазақстан, 1994. 236 б.
  1. Ниязбеков М. Біз қалай туысамыз? Алматы, Өнер, 1992.
  1. Сариева Қ. Қазақ тілі және ел тану. — Алматы, Классик, 2000.
  1. Төреқұлов Н. Қанатты сөздер. – Алматы, Жазушы. 1997.
  1. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, Ана тілі, 1997.