Халық жауларының әйелдерінің рөлі

Жетекшісі:Нусипова А.Б.
.
.
Қараша халықтың қамын ойлап, қыршынынан қиылған қазақ азаматтары бүгінде арайлап атқан әр таңымыз бен шуақты күндеріміздің бірден бір себепкерлері. Көгіміздегі желбіреген тәуелсіздіктің көк туы алдымен Аллаһтың, кейіннен ата-бабаларымыздың, соның ішінде осы репрессия құрбандары, яғни,халық жауларының арқасы екендігін тағы бір мәрте атап өту артық болмас!
Халықтың орысша білмегені және өз тәуелсіздіктері болмағандықтары үшін жазықсыздан жазықсыз жазаланғандары, шынымен де,  жан түршігерлік жағдай еді. Дәл осы кезеңдерде халықты Ресей патшалығының қанауынан құтқарам деп, қамауға алынып, қыршынынан қиылған қаршығалар қаншама?! Олар қазақ халқының ресейліктердің аузына телміріп, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болуына көз жұмып қарай алмады. Олар зиялы,текті қауым еді. Кейінірек қара халыққа үгіт-насихат жүргізіп, олардың саяси санасын оятамыз деп қуғын-сүргінге ұшырады: А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сәдуақасов және т.б. Сталиндік репрессия құрбандарының есімдері мәңгіге ел есінде
6
қалмақшы! Алайда халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері жалғыз қудаланбады. «Халық жауларының сыбайластары» деген жалған жаламен  олардың отбасыларын, әйелдерін бірге қудалады, лагерьлерге айдауға жіберді. Лагерьлер қатарында: Степлаг, Карлаг, ГУЛАГ,Үштіктер, БМСБ және т.б. болды. Ал Алжир, ЧСИР сол лагерьлер қатарын толықтырды. Соңғы аталған лагерьлердің алдыңғылардан айырмашылығы «отанға опасыздық жасағандардың әйелдері мен отбасыларына» арналған лагерьлер еді. Жалпы «халық жауларының әйелдеріне» арналған 4 лагерь болды, олар: Алжир, екіншісі-Горький(қазіргі Нижний Новгород) қаласынан 40 шақырым жердегі «Тепляков», үшіншісі — Фрунзеден (қазіргі Бішкек) 100 шақырым жердегі «Жанжигер», төртіншісі — Тотьмадағы «Темников» лагері. Осы лагерьлердегі 8 мыңнан астам әйелдердің бар айыптары – халық жауы атанған күйеулері мен туысқандарынан бас тартпауы еді.
2003 жылы Мәскеудегі Халықаралық «Мемориал» қоғамы 5380 әйел тұтқындарды атап өтті. Солардың қатарында Абдрахатова К.И, Абламова М, Аленова Ж, Алиханова И, Айтбаева Б, Баймағанбемтова Ш, Даукенова М, Жүргенова Д, Имамбекова А, Қазбекова М, Қаспақбаева К, Меңдешова Р, Сырғабекова Б, Джунусбаева Б және т.б. болды. Жазықсыз айыпталған аналар саны өкінішке орай әлі күнге толық емес. Зерттеушілердің алдындағы осы бір қасиетті борыш әлі  де болса орындалмай келеді.
Ақмола түрмесіндегі сотталған әйелдердің қылмыстық істерінің басым көпшілігі бір парақтың өзінде де толық мәлімет жазылмаған. Сол лагерьлерде 1937-40жж. 8 мың,кей жылдары 17мыңға дейін көбіне әйелдер мен балалар тоғытылған. Ақмола,Қарағанды өңірлерінде осындай қуғын-сүргінге ұшырағандардың 27 абақтысы 1953жылға дейін жұмыс істеген.