Жылу техникалары мен жабдықтарды өндірістік машықтануда пайдалану

Өнербаев А.Н. 3 курс студенті
Жетекшісі: Ильяс С.Қ.
.
.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел болашағы жастарға «Біздің жастар, жаңа білімді игеріп, жаңа дағдыға ие болып,  күнделікті өмірде білім мен технологияны тиімді қолдануды үйрену керек» деп тапсырма берді. Еліміздің дамуы үшін әрбір болашақ маман өзінің ісін мамандығын өте терең меңгеріп, адал қызмет ету керек. Осы мақсатта мен бүгін өз мамандығым бойынша таныстырма-зерттеу жобасын ұсынамын.
Мен, аймақтағы маңдай алды оқу орныдарының бірі – Қызылорда қаласындағы  
     М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжінде — «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы,  «Қазандық жабдықтары жөніндегі  аралаушы машинист» біліктілігі  бойынша білім алудамын. Мамандыққа бейімді дәріс беретін ұстазым, тәжірибелі өндірістік оқыту шебері, талай жас мамандарды қияға самғатуға жағдай жасауда Ильяс Сая мен үшін – идеал және бұл колледжде оқу жастар үшін үлкен мәртебе деп есептеймін.
Мамандық – өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі екенін бәрімізге белгілі.
Дегенмен де «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығының қоғамға қай уақытта да қажетті мамадықтардың бірі, сол себепті де Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев арнайы біздің оқу орынға тапсырма беріп арнайы мамандарды дайындатуда. Сапалы білім беру мақсатында оқу орнында арнайы оқу шеберханалары жабдықталған, солардың бірі «Жылу техникасының теориялық негіздері және жылу техникалық өлшеулер» зертханасы, мұнда арнайы мамандыққа бейімдеу үшін “Автономды жылыту жүйесі”, «Автоматтандырылған жылыту бекеті», «Сүйық және газ тәріздес отынды автоматтандырылған қазандық» оқу-зертханалық кешен орналастырылған.
Жастардың қажетті мамандыққа бет бұрып, еңбек етуі тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, болашақ мамандар үшін де маңызды екені – аксиома.
№156 «Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист» тобында оқитын құрдастарым Смағұл Нұрлыбек, Пауадин Алпысбай, Қалабай Бақдәулет болашақта білікті мамандар болады деп үміттенемін және еліміздің өсіп-өркендеуіне мамандығымыз арқылы өз үлесімізді қосатынымымызға сеніміміз мол.