HELLP синдромы

Парманкулова Ұғылжан Забилиллақызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
     HELLP  синдромы – жүктіліктің үшінші триместрінде ( жиі 33-ші аптадан бастап ) немесе босанғаннан кейін алғашқы 3 аптада дамитын патологиялық құбылыс.  
H(Hemolysis) – гемолиз (қандағы эритроциттердің бұзылуы )
EL ( elevated liver enzimes ) – бауырда ферменттердің көбеюі
LP ( low platelet count ) – тромбоциттердің азаюы.
Аталған синдром гестоздың асқынуына әкеліп , ана мен бала өміріне қауіп төндіреді.
   HELLP  синдромының симптомдары
        Аурудын алғашқы сатысында:                  
  — бас ауруы, бастағы қатты ауырсыну сезімінің болуы;
  — әлсіздік, тез шаршағыштық;
  — мойын және иық бұлшықеттерінің ауырсынуы;
  — көру қабілетінің нашарлауы;
  — құсу;
  — іштегі ауырсыну ( жиі оң қабырға астында);
  -көру қабілетінің нашарлауы
  Кейінірек оған қосылады:
   -ине салған жерден қан кету;
   -жатырдан қан кету (босанғаннан кейін);
   -қан құсу;
   -сарғаю;
   -тырысу;
   -кома.
    HELLP  синдромының себептері:
    HELLP  синдромының дамуы әлі күнге дейін толық анықталмаған. Бірақ ұрық жолдастың дамуындағы ауытқулар осы синдромның негізгі себебі болуы мүмкін деген гипотеза бар.
        HELLP  синдромының диагностикасы:
  1. Дәрігер кеңесі;
      — акушер – гинеколог;
      -гепатолог;
      -нефролог;
      -анестезиолог- реаниматолог
  1. Лабораториялық зерттеу әдістері;
      -қанның жалпы анализі;
      -қанның биохимиялық анализі;
      -коагулограмма;
      -қандағы антикоагулянттарды анықтау;
      -адамның хориондық гонадотропының антиденелерін анықтау;
      -Нечепоренко бойынша зәр анализі;
      — Зимницкий әдісі бойынша зәр анализі;
      -Реберг сынамасы;
      -белокты анықтау үшін тәуліктік зәрдің анализін алу;
      -диурезді өлшеу;
      -зәрді бактериологиялық зерттеу;
  1. Инструменталдық зерттеу әдістері:
      -екі жақтан да АҚ өлшеу;
      -АҚ-ң тәуліктік бақылауын жүргізу;
      -ЭКГ
      -КТГ(кардиотокография);
      -УЗИ ананың ішкі ағзаларын тексеру;                                                            — 
       УЗИ ұрықты тексеру;
      -көз түбін тексеру;
      -орталық венозды қысымды өлшеу.
Симптомдары ұқсас аурулар:
 -Жедел бауырлық сарғаю дестрофиясы;
 -Тромбоцитопениялық пурпура;
— Гемолитико – уремиялық синдром.
        HELLP синдромының емі
        Емдеудің  алғашқы кезінде жүктілікті қысқа мерзімде тоқтатады, кесір тілігін жасайды. Жүктілік кезінде және операциядан кейін төмендегідей ем қолданады:
 1.Инфузионды терапия(коллоидтар, кристаллоидтар, плазма, тромбоциттік және эритроциттік масса);
  1. Гепатопротекторлар;
3.Бауырды қорғайтын қасиеттері бар витаминдер қолдану;
  1. Гипотензивтік терапия;
  2. Глюкокортикоидтар;
  3. Плазмафарез, ультрафильтрация ( нұсқау бойынша).
           HELLP синдромының асқынуы:
— Бауырдың жыртылуы;
 -Көп мөлшерде қан кету;
— Жедел бауыр және бүйрек жетіспеушілігі
                                    
            Маңызы:
          Босанғаннан  5-7 күннен кейін HELLP синдромының барлық белгілері жойылады. Көпшілік  жағдайда  келесі жүктілікте бұл  құбылыс қайталанбайды.
                                           Болжам
   HELLP синдромында бірінші жүктілік сәтсіз болып, екінші жүктілікте қайтадан қайталануы 2 есе жиі кездеседі. Тіпті ана өлімі жилеуі де мүмкін. Жаңа туылған нәрестелердің 50% — да құрсақта дамудын тежелуі анықталды. Бұл синдром жиі босану кезінде 70% жағдайда, бірақ 24-48 сағаттан соң да дамуы мүмкін. HELLP  синдромын дер кезінде емдей отырып ана мен бала өлімін 3-5 есе төмендетуге болады. HELLP синдромының жалғыз ғана емі шұғыл түрде босандыру болып табылады.
   Ана денсаулығы- бақытты өмірдің  кепілі!!!