ХХІ ғасыр балаларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Бигонысова Эльвира Раимкуловна
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы
.
.
           Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.
         Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.                              
          Еліміздің  сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.                                               
          ХХІ ғасырда  «Өзін-өзі тану» пәні  рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған.    
           «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар, ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмір­лік ұстанымын, дүниета­ным­дық дең­гейін анықтайтын құн­ды­лықтар сапасына ие бо­лу­ға ба­ғыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құн­дылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық ар­а­қатынас мә­селесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.                                                                                                                                      Өзін-өзі тануда позитивті мотивацияны қалыптастыру керек; өзін-өзі тану механизмнің негізгі потенциалын толық қолдану керек – ұқсастыру және рефлексия; Рефлексия – психикалық құблыстардың мәнін тани білу қасиеті. Өзін-өзі танудың ерекше әдістері — өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тегістеу және тағы басқалар. Тұлғаның белсенді болуы оның қажеттілігіне байланысты. Қажеттілікті кең мағынада қарастырсақ – бір нәрсені қажетсіну, ал тар мағынасы — өмір сүрү жағдайында адамның тәуелділігін көрсететін жағдай. Өзін-өзі тану процесі әртурлі белсенділік формалар сапасында көрінеді. Тану қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған шындық, әлем болып табылады. Осы қажеттіліктің қалыптасуынан адам болып қалыптасты. Еңбек, қарым-қатынас қажеттілігінсіз тану мүмкін емес. Өзін-өзі танудағы қажеттілігі өздігінше емес, басқа қажеттіліктермен бірге жүзеге асады, яғни Мен қажеттілігімен. Ең маңыздылары: Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі, бұтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі ұқсастыру қажеттілігі, өзгелерге өзін мақұлдату қажеттілігі т.б. Кейбір адамдарда негитвті қажеттіліктер даму мүмкін, оның белсенділігін мүлдем басқа жақа бағыттайды. Мысалы: өзін-өзі жою қажеттілігі, яғни өзінің мүмкіншіліктерін төмендеуге ұмтылу, өкпелеу, сынды қабылдау дайындығы, жазалау, бақытсыздық және оған қуану. Мұндай қажеттіліктердің туындауынан тұлғаны әртүрлі патологиясына алып келеді.