ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

Зейлан Айягөз
.
.
ЖҮРГІЗУШІ: Әссәләму алейкум құрметті көрермен!Назарларыңызда  ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы. Бүгінгі математика және физика пәндерінен алған білімін сынау үшін келген сайыскерлерімізге қош келдіңіздер дейміз. Ендеше бүгін бізде апталық ойын. Бүгінгі ойыншыларымызбен таныс болыңыздар! (Қыздар өздерін таныстырады, қысқаша сөйлейді)
ЖҮРГІЗУШІ: 1. Нурдаулетқызы Орынкүл Түркістан облысынан:  
ЖҮРГІЗУШІ: 2. Болат Ақзада Түркістан облысынан
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша! Келесі қатысушымыз СҚО облысының озат оқушысы 3.Жұмашева Дамира Таныс болыңыздар!  :
ЖҮРГІЗУШІ: Келесі дарынды оқушымыз:  4.Жұмамұхамед Жібек  Түркістан облысынан
ЖҮРГІЗУШІ: Келесі қатысушымыз: 5.Қыдыржан Ұлман. Қызылорда облысынан
ЖҮРГІЗУШІ: Бәрекелді! 6. Жанат Ақерке  Алматы облысынан: 
ЖҮРГІЗУШІ:   7. Эрматова Зулайхабану Түркістан облысынан
ЖҮРГІЗУШІ:   8. Сонымен соңғы қатысушымыз Кенжеғали Айгерім БҚО  облысынан
ЖҮРГІЗУШІ:  Тамаша! ( І  Бәйге.)Қымбатты көрермен, қадірлі сайыскерлер …  деген тілекпен алғашқы айналымның ойын шартымен таныстырып өтейін.:
Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 16 сұрақ оқимыз. Әр сұраққа жауап ретінде  3 түрлі нұсқа берілген. Сіздер берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты тауып, алдарыңыздағы парақшаға белгілейсіздер. Ойлануға 7 с  қана уақыт беріледі. Берген жауаптарыңыздың дұрыс-бұрыстығын  айналым соңында әділ қазы алқаларының тексеруінен білетін боламыз. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы толығымен компьютердің және арнайы сарапшылардың бақылауында. Сайыс нәтижесінде ең аз ұпай  жинаған екі ойыншы өкінішке орай ойынды сол жерден тоқтатады.  Ойын шарты түсінікті болса, Алғашқы айналым:  «Бәйге»
Бәйге сайысының сұрақтары:
  1. а2 ̶  в2   неге тең? (  (а  ̶  в)(а + в)  )
а)  а2   ̶  2ав + в2             в)  а(а + в)2                          с) (а  ̶  в)(а + в) 
  1. 2-ге және 3-ке бөлінетін сандар қандай санға бөлінеді?
а)  5-ке                   в) 4-ке                       с) 6-ға      (6-ға)
  1. 3. 50 санының 4%-ы нешеге тең? (2-ге)
а) 2-ге                    в) 6-ға                 с) 5-ке
4.Бөлімі алымынан кіші бөлшек қалай аталады?
а)  бұрыс бөлшек                в) аралас бөлшек                   с) дұрыс бөлшек
  1. Дәрежелі функцияның туындысы неге тең? ( ( хn)ˈ = n· xn-1 )
а) ( хn)ˈ =  xn-1    в) ( хn)ˈ = n       с) ( хn)ˈ = n· xn-1     
  1. Негіздері бірдей, дәрежелері әр түрлі өрнектерді бөлу қалай есептеледі?
а)  дәреже көрсеткіштерін қосу арқылы        
в) дәреже көрсеткіштерін азайту арқылы      
с) негіздерін азайту арқылы           
  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
а)     360                 в)   180                      с) 90
  1. Егер квадрат теңдеуде D болса, теңдеудің неше түбірі бар?
а) 2 түбірі болады       в) 1 түбірі болады        с) түбірі болмайды          
  1. sinα , cosα, tgα функцияларын ̶  жұп, тақтылыққа зертте:
а)жұп, жұп, тақ            в) тақ, жұп, тақ              с) жұп, тақ, жұп
  1. Теңсіздіктің таңбасы қандай жағдайда қарама-қарсыға өзгереді?
а)     екі жағын да бірдей оң санға көбейткенде            
в)   екі жағын да бірдей теріс санға көбейткенде              
с) екі жағын да бірдей теріс санға қосқанда             
  1. Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне жиынның нақты бір мәніне бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық қалай аталады? (функция)
 а)  теңдеу                   в) функция                       с) теңсіздік
  1. у = cos функциясының периоды неге тең?
а)                    в)                  с)                
  1. Бөлшек түрінде берілген функцияның шексіздіктегі шегі қалай есептеледі?
а)    алымын да, бөлімін де х-тің ең үлкен дәрежесіне бөлу арқылы               
в)    алымын да, бөлімін де х- ке бөлу арқылы          
с)    алымын да, бөлімін де х-тің ең үлкен дәрежесіне көбейту арқылы
  1. Бір санының логарифмі неге тең?
а)     1-ге                в)  0-ге                     с) -1ге
  1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты….. тең
( катеттерінің квадраттарының қосындысына)
а) катеттерінің   көбейтіндісіне              
в) катеттерінің кубтарының қосындысына
с) катеттерінің квадраттарының қосындысына
  1. Барлық қабырғалары бірдей параллелограмм қалай аталады?
а)     тік төртбұрыш                в)  ромб                     с) шаршы
ЖҮРГІЗУШІ: 1-ші сайыс аяқталды. Парақтарымызды  әділ-қазы алқаларына береміз. Тексеріп нәтижесін шығарсын. Нәтиже белгілі болғанға дейін 
1-ші айналым нәтижесі бойынша …,   …,   …  сіздер керемет ойын  көрсеттіңіздар. Бірақ өкінішке орай ойын сіздер үшін осы жерден тоқтайды. Біздің ойынға келіп, алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
ІІ Жорға.
Ендеше Құрметті сайыскерлер 2-ші айналымның ойын шартымен таныстырып өтейін: Алғашқы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
Қазір сіздерге 12 сұрақтан қойылады. Әр ойыншы 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы берілген сұрақтарға әділ-қазы алқаларының сараптамаларынан өкінішке орай ұпайы төмен  2 сайыскер ойынды сол жерден тоқтатады. Сайысты алғашқы айналымнан ең көп ұпай жинаған ойыншы бастайды.  Келесі кезең «Жорға».
Жорға
Жорға сайысының сұрақтары жауаптарымен:
№1 сайыскер
  1. Тұрақты санның туындысы неге тең? (0-ге)
  2. Теріс санның логарифмі бола ма? (жоқ)
  3. Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені қосқанда шығатын фигура қалай аталады (үшбұрыш )
  4. 5-тің -2 дәрежесі неге тең? (1/25)
  5. Функция неше түрлі тәсілмен беріледі? (3: аналитикалық, кестелік, графикалық)
  6. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне)
  7. Квадрат теңдеудің дискриминанты 0-ден кіші болса, теңдеудің неше түбірі болады? (түбірі болмайды)
  8. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (планиметрия)
  9. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
  10. Құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік? (теңдеу)
  11. неше градусқа тең? (45 )
  12. Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар қалай аталады? (Жай сандар)
 
№2 сайыскер
  1. х-тің туындысы неге тең? (1-ге)
  2. Тұрақты санның шегі неге тең? (сол санның өзіне)
  3. неше градусқа тең? (60 )
  4. Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін геометрия саласы? (стереометрия)
  5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (ия)
  6. Доғал бұрыш дегеніміз не? (90 -тан үлкен бұрыш)
  7. f (-x) = f (x) теңдігі орындалса, функция… (функция жұп болады)
  8. (–4) -тің 3 дәрежесі неге тең? (–64-ке)
  9. Жақша алдында « ̶ » таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары….. (қарама-қарсы таңбамен алмастырылады)
  10. Негізі а болатын а санының логарифмі? (1-ге тең)
  11. Барлық қабырғалары тең тік төрбұрыш қалай аталады? (шаршы)
  12. Квадрат теңдеудің дискриминанты 0-ден үлкен болса, теңдеудің неше түбірі болады? (2 түбірі болады)
ЖҮРГІЗУШІ: …    алдыңғы айналымда  жоғары ұпай жинап, көш бастадың. Осы жолы тақырыпты өзің бастайсың. Қай тақырып, қай ұяшықты көреміз.
Сонымен тартысқа толы ойынымыз аяқталды. Бүгінгі апталық ойынымыздың жеңімпазы кім? Сараптамаға қарайық.
(Ұпай сандары салыстырылады., жауабын әділ-қазы алқалары айтады.)
Сонымен бүгінгі апталық ойынымыздың  жеңімпазы. … облысының озат оқушысы  …………………….. …………………  ойында көрсеткен терең білімі мен жеңіске жеткен жігері үшін  мына мақтау қағазымен марапатталады. Бәрекелді.
Еңбекқор білімге қол созады. Білікті бәрінен озады.